Р. Әлмұханова, Е. Раушанов, Е. Омарханов Қазақ Әдебиеті



Pdf көрінісі
бет16/76
Дата15.11.2023
өлшемі7,03 Mb.
#122809
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   76
Байланысты:
Kazak adabietijar

II бөлім
ЗАМАН ШЫНДЫҒЫ
Әдебиет – ұлы күш, ұлы құрал. Өйткені ол қай дәуірде де заман шын-
дығын жазады. Ертеде, «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деген қағида 
жүрген заманда да, шын мықтылар ештеңеден тайсалмай, айтарын айтып 
кеткен. Қазіргі заман әдебиетінде тарихи тақырыптардағы туындыларға сұ-
раныс жоғары. Өйткені халық сол шындықтарды оқуға әрдайым құштар. 
Әр ақын-жазушы көркем әдебиетті жасаушы тұлға болғандықтан, оқыр-
манға бар сырын, бүкіл шындықты сырлы етіп жазады, оларды өз заманы-
ның жыршысы сияқты сезінесіз. Заман алға қалай жылжыса да, шындық-
ты көркем шығарма арқылы оқу еш уақытта маңызын жоймайды. Өйт-
кені өзін сыйлайтын адам тарихи шындықты білгісі келеді. Бұл – заңды 
құбылыс. 
БАҚҚОЖА МҰҚАЙ
(1948-2008)
Баққожа Мұқай – қазіргі қазақ әдебиетінде 
дара туындыларымен көрнекті орын алған жазу-
шы. Ол 1948 жылы 31 қаңтарда Алматы облысы 
Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылын-
да өмірге келген. 1971 жылы Қазақ мемлекеттік 
университетінің (бүгінде Әл-Фараби атындағы 
Қазақ ұлттық университеті) журналистика фа-
культетін бітірген. Еңбек жолын Кеген аудан-
дық «Коммунизм нұры» газетінен бастап, кейін 
республикалық деңгейдегі қызметтерде болды. 
Шығармашылығы.
Баққожа Мұқай – «Жал-
ғыз жаяу», «Өмірзая» атты романдары мен «Жаңбыр жауып тұр», «Өмір 
арнасы», «Аққу сазы», «Мазасыз маусым», «Дүние кезек», «Тоят түні», 
«Жеті желі», «Алғашқы махаббат», «Ертегідей ертеңім» атты кітаптар-
дың авторы. Шығармалары көптеген тілдерге аударылған. 


59
«Жалғыз жаяу» романының негізгі тақырыбы – кеңес саясатынан қы-
сым көріп, туған жерінен көшуге бет бұрған қазақ тағдыры. Бұл роман-
дағы кейіпкердің прототипі – Мергенбай банды. Жалпы, Баққожа Мұқай-
дың шығармаларында шынайы өмір бар, өйткені ол қоғам үшін маңызды 
тарихи тақырыптарға қалам тербеген. 
Жазушы шығармаларын, негізінен, екі салада, яғни прозалық және 
драмалық жанрларда жазды. Ал «Өмірзая» шығармасын екі жанрда да – 
роман және драма – жазды. Романды 1987 жылы бастаса, 1989 жылы 
оның бір бөлігін драма түрінде сахнаға шығарды. 
«Өмірзая» трагедиясында: Ес – 77 жастағы шал, Иса – Естің ұлы, Рахия, 
Ирма, Наполеон, Юлий Цезарь, Ескендір Зұлқарнайын, Шыңғысхан, т.б. 
бар. Оқиға №1 жүйке аурулары ауруханасында өтеді. Эпилогте Ес шал әб-
ден қартайған, киімі тозған. Қалың бейітті аралап, әр төбешікке тоқтайды. 
Ол Рахияның бейітіне келіп: «Жалғыз ұлым азамат болды. Енді оған әкенің 
керегі жоқ. Ол мен түгіл өзін, кішкентай Исаны, өзінің балалық шағын 
қылғындырып өлтірді ғой... Мен әкелік міндетімді өтедім. Ұлыма өкпем 
жоқ. Қатарынан қалмай, өмір сүрсін. Мен жасарымды жасадым, асарым-
ды асадым. Мені өкімет өлтірмейді, білем. Өліп қалмасын деп, зорлап та-
мақтандырады. Аруақтарға бағыштап, Құран оқыдым. Менің де талқаным 
таусылар бір күні. Ұлыиісімді бір көріп, құшағыма қысып, бетінен сүйсем, 
болды. Басқа арманым жоқ. Құдай-ау, ол келіп қалған шығар. Мен бара-
йын. Түнде түсіме кіріпті ол. 
(Баланың шыңғырған дауысы естіледі).
Құ-
дай-ау, мынау Исажанның дауысы ғой. Иса! 
(Шал қалың бейітті аралап, 
ұзап бара жатады. Баланың шыңғырғаны, құлынның кісінегені естіліп тұ-
рады», – 
деп айтқан сөздерімен аяқталған. Осылайша «Өмірзая» трагедия-
сы – қазіргі заманда мансап үшін ата-анасына қатыгездік танытатын кейбі-
реулерді еске түсіреді, солардың қылықтарын әшкерелейді. Жазушы бұл 
драманың оқиғасы өтетін орны жындыхана деп алуының сыры да осында. 
Баққожа Мұқайдың пьесалары: «Қош бол, менің ертегім» (1976), 
«Иірім» (1974), «Сергелдең болған серілер» (1982), «Тойы көп үй» (1992), 
«Өмірзая» (1989), «Ерулік» (1982), «Раушан гүлі» (1979) театр көрермен-
деріне жақсы таныс. 
Жазушыға «Қош бол, менің ертегім» пьесасы мен «Аққу сазы» хикая-
лар кітабы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы (1982), Қырғыз-
стан Республикасының Т.Әбдімомынов атындағы әдеби сыйлығы (1995), 
«Өмірзая» романы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлы-
ғы берілген (2000). Ол – «Парасат» орденінің иегері (2006).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет