(Жалғасы бар)
82
СӨЗДІК
Антисоветчик
(орыс)
– совет, яғни кеңес билігіне қарсы адам.
Әлет
– мезгіл, кез, уақыт.
Декларация
– бір немесе бірнеше мемлекеттің бірігіп жасайтын саяси мәлім-
демесі.
Жаны дызықты
– жаны күйіп-пісті; жаны ауырды.
Пахан
(жаргон)
– папа, әке.
Cәп салу
– көз салу, назар салу.
Стөл
(орыс)
– үстел.
Сүлесапа
– еш нәрсеге көңілі жоқ, селқос, бейжай болу.
Тілграм
(орыс)
– телеграмма – жеделхат.
Шала
–
1) отынның толық жанып бітпеген қалдығы; 2) толық емес, пісіп жетіл
-
меген, шикі.
Шалапай
– шикі, толық емес деген мағынадан шыққан, бұл қолданыс жетілме
-
ген адамға қатысты айтылған.
Шәй деспеу
– ренжіспеу, ұрсыспау, түс шайыспау.
Пәни, фәни
(араб)
– тұрағы жоқ, жалған, баянсыз, алдамшы.
Адам аты:
Брежнев Леонид Ильич
(1907-1982) – Кеңес Одағы коммунистік партиясының
Бірінші хатшысы (1964 жылдан бастап), Бас хатшы (1966 жылдан бастап) және
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы (1960-1964, 1977-1982).
Артық болмас білгенің
Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы
(1912-1993) – аса
көрнекті мемлекет және саяси қай рат кер, техника
ғылымдарының докторы, ҚазКСР Ғылым академия
-
сының академигі, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері
(1972, 1976, 1982). Ол 1960-1986 жылдар аралы
-
ғында Қазақстан коммунистік партиясының Бірінші
хатшысы болды, яғни біздің республикамызды бас
-
қарған.
Халқымыз оны құрмет тұтып, «Димаш» деп те
атаған.
|