100
1. «Пәтер іздеп жүр едік...» әңгімесіндегі мақалдардың қолданысы шы-
ғарманың тіліне қалай ықпал еткен? Осы тақырыпта әдеби сын жа-
зыңдар.
Оқу сауаттылығы
1. Келіншегім шөгіп барады.
Сұрақ:
Адамның шөгуі мүмкін бе? Бұл сөз нені білдіреді? Қандай
қызмет атқарып тұр?
a) Мүмкін емес.
b) Шөлдеу; сипаттау.
c) Аласару, кішірею; метафора.
2.
– Тәте, – дедім. Даусым жарықшақтанып шықты.
Сұрақ:
«Жарықшақтану» деген сөз нені білдіреді?
a)
Даусы ашық, жарқылдап сөйлеу.
b) Даусы көмескі шығу.
c) Ауырып қалғанды білдіреді.
3.
– Кетсек, кеттік, қазір-ақ кетеміз, ит байласа, тұрғысыз қу молаңнан.
Сұрақ:
«Ит байласа, тұрғысыз» деген сөз тіркесі нені білдіреді?
a) Алыс.
b) Адам тұруға келмейтін, жағдайсыз.
c) Қараңғы жер.
Оқушы күнделігі
Пәтер жалдап жүрген таныстарың бар ма, жазушы шындықты
қалай жеткізген? Осы туралы жазыңдар.
Ойталқы
«Баспана мәселесін қалай шешуге болады?» деген тақырыпта тал-
қылау ұйымдастырыңдар.