34
дар. Екі кейіпкердің жалғыздығы, бөлектенуінің арасындағы айырма-
шылықтарды табыңдар.
1. Жазушы «қауіпті будан» туралы не айтқысы келді? Бұл термин ара-
ларға қатысты ма әлде адамға қатысты айтылды ма?
2. Кейіпкердің араға айналуы және оның қыз қамшысынан өлуі нені
меңзейді? Повесть бойынша қай кейіпкер өмірде ұтылды деп ойлай-
сыңдар? Нюра кемпірдің ең ақырғы сәттегі әрекеті нені аңғартады?
Автор қандай ойды жеткізгісі келді?
3. Тағанның өмірін белестерге бөліп қарасақ, намысын жоғалтқан кезең
және намысы оянған кезең деп бөлуге бола ма? Намыс дегенді қалай
түсінесіңдер? Өз ойларыңды дәптерлеріңе жазыңдар.
1. «Оралхан Бөкейдің «Атау-кере»
шығармасындағы ұлттық және
әлемдік құндылық» тақырыбында әдеби сын жазыңдар.
2. «Атау-кере» повесінің идеясын негізге ала отырып,
шағын әңгіме,
өлең жазыңдар.
3. Абай Құнанбайұлының «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңін ес-
теріңе түсіріңдер. Ақын бес нәрседен қашық бол деп, нақты қандай
кемшіліктерді атап еді? Абай үлгісін
пайдаланып, Ерікке қандай
ақыл
айтасыңдар, дәптерлеріңе жазыңдар.
Оқу сауаттылығы
1. Көкбестіні
байырқалата арқасынан қағып, діңгекке байлады да,
жетім балаша қол-аяғын бауырына ала, бүрісіп жатқан маскүнемнің
жанына жақындады.
Достарыңызбен бөлісу: