Р. Әлмұханова, Е. Раушанов, Е. Омарханов Қазақ Әдебиеті


Сұрақ:  «Байырқалату» деген сөз нені білдіреді?



Pdf көрінісі
бет8/76
Дата15.11.2023
өлшемі7,03 Mb.
#122809
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   76
Байланысты:
Kazak adabietijar

Сұрақ:
 «Байырқалату» деген сөз нені білдіреді? 
a) Еркелетіп, арқасынан сипау
b) Тыным алдыру, дем алдыру
c) Байлап қою
2. Тігерге тұяқ калмаған, бар үмітті, бар жақсылықты, бар байлықты 
жалаулатып келген, алаулатып енген кеңес өкіметінен дәметті.
Сұрақ:
 «Тігерге тұяқ қалмаған» деген сөз нені білдіреді? 
a) Мал атау 
b) Бәйгеге қосу, жарысқа қосу


35
c) Малдан түк қалдырмай, айдап алып кету
3. Алғашында күпсек қарға малтығып өлген елікті тауып алып, тал-
ғажау жасап еді, бұдан соң жазғытұрымның қара қатқағында қарға 
мен сауысқанға ауыз салған.
Сұрақ:
 Күпсек қар, талғажау деген сөздердің мәнін табыңдар. 
a) көп қар; талдау 
b) күпсек қар – үлпілдек, жұмсақ қар; талғажау – талшық, қоректік 
зат. 
c) көп қар; талдырып тастау
ҚАСИЕТТІ САХНА ТӨРІНДЕ
Оқушы күнделігі
Оралхан Бөкейдің «Атау-кересі» қандай ой салды? Өз ойларыңды 
жазыңдар. Мысалы, «Атау-кере» повесіндегі қай кейіпкерді өз айна-
ламнан көріп жүрмін? Менің өмірімдегі ең қымбат адам кім? 
Ғаламтор
Сілтеме бойынша «Атау-кере» повесін толық оқи аласыңдар. http://tilalemi.
kz/viewer/viewer.php?file=/books/7456.pdf
Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының 
актерлері «Атау-кере» пьесасын сахналауда. Қоюшы режиссері: Мұратбек Оспанов


36
Қосымша оқу үшін:
 
Бөкей О. Шығармалары. Повестер. Т. 3. – Алматы: Ел-шежіре, 2013, 384 бет.
Ойталқы
«Қазіргі заман және құндылық» тақырыбында талқылау ұйым-
дастырыңдар. Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық деген не? 
Олардың арасына шекара қоюға бола ма? Уақыт алға озған сайын 
құндылық өзгере ме? Қоғам үшін, ата-ана үшін, жастар үшін не ма-
ңызды? 
Артық болмас білгенің
БАЛАРАСЫ
Омарта шаруашылығы – ауыл шаруашылығының бір саласы. Ерте заманнан 
бастап халық араларды тек бал үшін ғана емес, басқа да құнды өнімдер алу мақ
-
сатында өсірді. Мысалы, ара уы, прополис, балауыз, ара желімі, т.б. 
Қазақстанда арашаруашылығы кәсіпшілік ре-
тін де алғаш Шығыс аймақта дамыды. 1777 ж. Ре
-
сей ғалымы П.С. Паллас Үлбі өзенінің бойы бал-
арасын өсіруге қолайлы екендігін жазған. 1812 ж. 
Үлбінің ара өсірушілері бірнеше рет Ірбіт жәрмең
-
кесіне қатынасып, балдарының дәмі мен тамақ
-
тық сапасы жоғары екенін іс жүзінде дәлелдеді. 
XIX ғасырдың ортасынан бастап омарталар Жеті
-
су мен Іле Алатауларының көптеген жерлерінде, 
Ыстықкөл маңайына, Орта Азия елдеріне тарады. 
Тянь-Шань тау жүйесінің табиғаты бал арасы үшін 
ең қолайлы жер болды. 
Қазақстанда ара шаруашылығының дамуы алмалы-салмалы омартаны кең 
қолданудан басталады, оған дейін баларалары ағаш ұяларда өсіріліп келген еді. 
Ара шаруашылығын дамытуға ғалымдар – Б.Герасимов, П.А. Ермаков, Е.П. Ми
-
хаэлис, А.Н. Федоров, т.б. зор үлес қосты. 
Балараларын өсірумен атағы шыққан алғашқы қазақ – Алматы облысы Қа
-
банбай ауылының тұрғыны Ә.Құрманбаев. 
(ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің сайтынан алынды)


37


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет