Р. К. Бекмагамбетова педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент



Pdf көрінісі
бет1/24
Дата10.02.2023
өлшемі5,16 Mb.
#66908
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Әлқожаева Н.С. Оқулық-1

66908

НҰРСҰЛУ ӘЛҚОЖАЕВА
ҚАЗІРГІ КЕШ ЕГІ БІАІМ ЬЕР^
ПАРАД І/ГМАААРЫ КОНТЕКСІНДЕ 
ТҮАҒАНЫ Р^ХАН/ ДҮН/ЕСІН 
ҚААЫПТАСТЫР>ШЫ 
ҒЫАЫМИ-ПЕДАГОЕІ/КААЫҚ НЕЕІШЕРІ


ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Нұрсұлу Әлқожаева
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ 
БІЛІМ БЕРУ ПАРАДИЕМАЛАРЫ 
КОНТЕКСІНДЕ ТҰЛЕАНЫҢ 
РУХАНИ ДҮНИЕСІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ 
ЕЫЛЫМИ-ПЕДАЕОЕИКАЛЫҚ 
НЕЕІЗДЕРІ
Алматы
«Қазақ университеті» 
2012


УДК 378:37.013 
Ә 53
Баспага әл-Фараби атындагы Қазақ ұлттық университеті 
философия және саясаттану факультетінің Ғылыми кеңесі және 
Редакцияльщ баспа-кеңесі иіешімімен ұсынылган
Пікір жазғандар:
педагогика гылымдарының докторы, профессор 
Р.К. Бекмагамбетова 
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент 
А.Б. Мұқашева 
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент К 
Б. Телешова
Әлқожаева Н. С.
Ә 53 
Қазіргі кездегі білім беру парадигмалары контексінде 
тұлғаның рухани дүниесін қалыптастырудың ғылыми- 
педагогикалық негіздері. - Алматы: Қазақ университеті, 
2 0 1 2 .- 156 бет.
ISBN 978-601-247-384-1
Монографияда жоғары мектептердегі білім беру парадигмасының 
ғьшыми-теориялық негіздері жэне жогары мектеп оқушыларын даярлау 
бағытьгадағы аспектіде университеттік білім беруді дамытудың психо- 
логиялық-педагогикалық негіздемесі мен тұлғаның рухани дүниесін қа- 
лыптастырудың психологиялық-педагогикалық шарттары карастырыл- 
ган.
Монография студенттерге, магистранттарға, оқытушыларға жэне 
ғылым саласындагы қызметкерлерге арналған.
УДК 378:37.013
ISBN 978-601-247-384-1
© Ә лкож аева Н .С ., 2 0 1 2  
© Әл-.Ффаби 
атындагы Қ а з ¥ У , 2 0 1 2


КІРІСПЕ
Монография университеттік білім беру жүйесіне сэйкес, білім беру 
парадигмалары контексінде тұлға бойында рухани дүние, құндылықтарды 
қалыптастыруға арналады.
Қазақстанның әлемдік ғылыми-білімдендіру қоғамдастығына енуі, ғылым 
мен білімнің дамуы жоғары мектепте білім беру парадигмаларының 
өзгеруіне алып келді. Ал, жоғары мектептің міндеттерінің бірі де тұлғаны 
рухани түрғыдан дамыту болса, қолданысқа осы мазмұндағы білім беру 
парадигмалары ие болуы тиіс. Олай болса, әлемнің қазіргі заман 
талаптарына сай әлеуметтік-экономикалық тұргыдан дамуы, өскелең 
ұрпақты оқыту мен тэрбиелеудің жэне қоғамның басқа да салаларының жаңа 
өлшемдерін талап етуде. Әлемдік экономикалық, қоғамдық, әлеуметтік даму 
барысында 
жастардың 
ортаға 
тез 
бейімделгіш, 
бэсекеге 
қабілетті 
қажеттіліктерді туындатты, адам капиталына, білім сапасына жоғары 
талаптар қойды.
Қазақстан Республикасы элемдегі басқа да мемлекеттер сияқты, заман 
талабына сай өзінің білім беру сферасын экстенсивті дамыту жолында. Білім 
беру саласындағы халықаралық ынтымақтастыкгы кеңейту, халықаралық 
білім беру кеңістігіне ену жөнінде жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан 
білім беру жүйесіндегі көпсатылы реформалардың қазіргі кезеңі- ең 
алдымен, бүкіләлемдік интеграцияға, оқу жоспары мен багдарламаларын 
элем тенденцияларына сәйкес түзету, сонымен қатар, жоғарғы оқу 
орындарында 
дайындалатын 
мамандардың 
бэсекеге 
қабілеттілігін 
жоғарылату.
Қазіргі кезеңде жаһандану процессі -Қазақстан Республикасының элемдік 
білім беру кеңістігіне ықпаласуына жол ашты.
Әлемдік өркениетке кірігуіне қатысты білім беру саласына қойылып 
отырған заман талабы-шығармашылықпен жұмыс істей алатын, бэсекеге 
қабілетті тұлға тэрбиелеп қалыптастыру [1]. Еліміздің ертеңінің тізгінін 
ұстар, өзіне сенімді, Отанымыздьщ әлеуметтік 
экономикалық дамуына өз 
үлесін коса алатын, жан-жақты дамыған мәдениетті, білімді тұлғаны 
дайындап, тәрбиелеу - аса жауапты қоғамдық міндет.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев дамыған 50 елдің қатарына ену үшін «Бэсекеге 
қабілетті Қазақстан үшін, ...» атты жолдауында атап өткендей Ұлттық 
бәсекелестің қабілеті бірінші кезекте білімділік деңгейімен айқындалады деп 
баса айтуы-білім беру саласыньщ барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша 
қарым-қатынасты қалыптастыруды көздейді [2].
Қазіргі заман «білім ғасыры» деп аталып жүргені баршамызга мэлім жэне 
дұрыс та. Білім деңгейі мемлекет пен коғамның оңтайлы дамуының кепілі.
з


Бүгінгі таңда біздерге экономикалық жэне қоғамдық модернизация қажеттілік- 
теріне сай жаңа білім беру жүйесі керектігін Елбасы Н.Ә. Назарбаев баса 
көрсеткен. Мемлекетіміздің бүгінгі басшылыққа алып отырған стратегиялық 
міндеті алдағы он жылда бәсекеге қабілетті элемдегі елу елдің қатарына кірігу 
болып отыр. Бұл елдердің қатарына кірігу жаһандық бәсекеге қабілеттілік 
индексі негізінде элемдік экономикалық рейтинг бойынша анықталады. Ал сол 
Индекстің он көрсеткішінің екеуі елдің білім сапасы мен дамуына қатысты. 
Себебі, бүгінгі өркениетті қоғамға сай болу үшін адамға күнделікті жан-жақтан 
ағылып отырған білімді жинақтап, қажеттісін ала білуі маңызды. Нарық 
заманында бәсекеге қабілетті болуы үшін де болашақ мамандар міндетті түрде 
білімді, қоғам сүранысына жауап беретін маман болуы тиіс. Осы орайда білім 
беру жүйесіне де өзгерістер енгізілуде.
Қазіргі таңда білімнің өркениеттіліістің өлшемі, тетігі, құндылығы есебіндегі 
алатын орны ерекше. Білімді қүндылық ретінде қарастыруымыз - эрбір елдің 
әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени дэрежесі мен сол елдің білімі мен сол 
білімді сәтті қолдана алу деңгейі байланысының болуы есебінен туындайды. 
Жэне білімді нэтижелі эрі ізгі мақсаттарға сәйкес қолдануда жаңа нәрсеге қол 
жеткізу мүмкін болатындықтан да ол - қүндылық бола алады.
Мемлекетіміздің білім беру жүйесіне өзгерістерді енгізу арқылы элемдік 
білім беру кеңісітігіне бағдар тұтуы білімге деген көзқарасты жаңаша тұрғыдан 
қарастыруды көздейді. Осыған сэйкес қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты -
жоғарыда айтып өткендей, білімді, бэсекеге қабілетті, шығармашыл, дербес, 
ізденімпаз, өзін-өзі жүзеге асыра алатын, жан-жақты дамыған жеке түлға 
қалыптастыру.
Ал жеке тұлға әлеуметтік ортада қалыптасады жэне білімдендіру үрдісі 
барысында, адамда саналы психикалық қасиеттердің пайда болып, биоло- 
гиялық сапалар элеуметтік сапаға ауысады. Бүл тұрғыда білімдендіру үрдісі 
субъективті қарым-қатынас жүйесі, яғни түлғаның элеуметтенуінің негізгі 
факторы мен реттеушісі болып табылады, демек түлғаның элеуметтік мэнін 
анықтайды жэне оның әлеуметтік жан иесі ретінде қалыптасуына жәрдем- 
деседі. Қарым-қатынас адамның тұлға ретіндегі жүйесін толықтырады. Осы 
параметр бойынша адамдар арасында салыстыру жүргізу елеулі айыр- 
машылықтарды айқындайды. Бұл дегеніміз білімдендіру процессі субъект- 
субъектілі қарам-қатынасқа негізделеді дегенді білдіреді. Осылайша білім беру 
процесінде гуманистік парадигмаға сүраныс туындаған.
Қоғамдагы өзгерістер ол ең алдымен адамды өзгертеді, сол қоғамға сай 
адамдардың болуын талап ететіндігін ескерсек, білім беру жүйесі - қоғамдағы 
адамды әлеуметтендіруші институт болып табылатындықтан онда да өзгерістер 
болатындығы айтпаса да белгілі нәрсе деп ойлаймыз.
Білім беру саласындағы реформалар бір жағынан, әлемдік білім беру 
кеңістігіне сай өркендеуге ұмтылса, екінші жағынан үлттық болмысты қалып- 
тастыру мақсатында мәдени- тарихи қүндылықтарға сай өзіндік бет бейнесін 
сақтауды көздейді.
4


Қазіргі кездегі білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында жеке 
тұлғанын шығармашылық бағыттылығы мен шығармашыл тұлғасын 
қалыптастыру мәселесіне қызығушылықтың артуы осы міндеттерді шешудің 
бағдары ретінде қарастырылып отыр.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев «...қазақтардың қайталанбас этикалық, психоло- 
гиялық элемі элі жете зерттелмей, зерделенбей жатқан ғылыми дүние» [3], -
деп атап көрсетуі өте орынды. Ягни, өткенді жаңғыртып, зерттеу тарихи 
шындықты калпына келтіру - казіргі уакыт талабы.
Біздің ойымызша білім беру жүйесі мен мазмүнының өзгеруіне сәйкес 
жастардың бойына рухани-адамгершілік қүндылықтарды сіңіру арқылы 
болашак ел иелерінің рухани ішкі дүниесіне белсенді түрде ықпал етуге 
жэне олардың тұлғалық жэне сапалық қасиеттерін дамытуға болады. Бұл 
үшін еліміздің жэне басқа елдердің білім беру тәжірибесі сарапталып, 
талдануы тиіс. Жалпы Қазақстандағы халық ағарту мәселесінің даму барысы
А.Е.Алекторов, 
А.В.Васильев 
еңбектерінде 
қарастырылған. 
Жоғары
педагогикалық 
білім 
берудің 
қалыптасуы 
мен 
дамуына 
арналған 
монографиялык 
еңбектер 
(Отандық 
Т.Т.Тәжібаев, 
Ә.И.Сембаев, 
Қ.Б.Бержанов, 
И.К.Қадыров, 
Г.А.Уманов 
т.б.) 
педагогика ғылымын 
дамытуға үлес қосқан. Бүл еңбектер Қазақстандағы педагогикалық ой- 
пікірлердің дамуы мен оқу-ағарту ісінің қалыптасуы жэне дамуының 
теориялық жэне эдіснамалық негізін қалады.
Қазакстандағы білім беру ісінің жэне педагогикалык ой-пікірдің даму 
тарихына арналған еңбектердің маңызы зор. Олар: Т.Т.Тәжібаев «Развитие 
просвещения и педагогической мысли в Казахстане во второй половине 
XIX века», Қ.Б. Бержанов «Из истории культурно-просветительной и 
общественной деятельности учительства Казахстана» (1917-1941 г.г)», 
Г.М.Храпченков «Школы Казахстана в начале XX века» (1901-1917г.г.), 
С.Мусин «Из истории учебно-воспитательной работы Казахской Советской 
школы Казахской АССР» (1920-1936 г.г.), Э.И.Сембаев «Очерки по истории 
казахской советской школы», К.Қ.Құнантаева «Развитие образования в 
Казахстане (1917-2000 г.г.)», К-Б.Жарыкбаев «Из истории развития 
педагогической мысли в дореволюционном Казахстане (методические 
рекомендации)», , Р.Ж.Ержанова «Из истории развития пионерского 
движения в Казахстане» И.Б.Мэдин «Қазақстанда Совет дәуіріндегі 
педагогикалык ой-пікірдің дамуы», С.А.Ұзакбаева «История развития и 
проблемы 
совершенствования 
музыкально-эстетического 
воспитания 
учащихся в общеобразовательных школах Казахстана», Б.Ы.Мұқанова 
«История развития пионерской организации Казахстана», А.Н.Ильясова 
«История становления и развития педагогической науки Казахстана (1917- 
1988 г.г.)», Қ.Б.Сейталиев «Қазақстанда жоғары педагогикалык білім берудің 
қалыптасуы мен дамуы» (1920-1991 ж. ж.), Т.М.Әлсатов «Қазақ хандыгы 
тұсындағы педагогикалык ойлардын дамуы» (XV-XVIII), Омар Есенәлі 
«Қазақстандағы мектептен тыс мекемелердің қалыптасуы мен дамуы (1917- 
1990 ж.ж.)», Ж.Есекеев «Педагогическое образование в Казахстане (1917-
5


1930 г.г.)», Р.Х.Аймағамбетова «Деятельность рабочих факультетов по подго­
товке молодежи Казахстана к поступлению в высшее учебные заведения (1921- 
1940 г.г.)». Ш.К.Беркімбаева «Жалпы білім беретін қазақ мектебіндегі оқу- 
тэрбие үрдісінің дамуы» (1980-2000 ж.ж.), Ж.К.Ибраимова «Шығыс Қазақстан 
аймагындағы білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуы» (1917-1930 ж.ж.), 
т.б. бұл еңбектердің барлыгы Кеңестік дэуір кезіндегі білім берудін мазмұны 
мен мэнін ашты.
Тікелей білім беру парадигмаларын қарастырған галымдар қатарына
B. В. Краевский [4], Н.Л. Коршунова [5], А.Г. Дугин [6], Т. Кунн [7], И. Лакатос 
[8], Л. Лаудан [9], Н.Н. Моисеев [10], В.С. Степин [11], В.С.Швырев [12], т.б. 
жатады.
В.В. Краевский мен Н.Л. Коршунованың жэне басқа да галымдар жалпы 
ғылыми түсіндірмелердегі «парадигма» терминін бірмэнді етуге ұмтылыс 
жасаған А.Г.Дугин ғылымның білім парадигмаларының өзгеруіне сәйкес 
дамығандығына тоқталған, ал, Т.Кунның парадигманың түрлері жэне оның 
құрамына тоқталған.
Ғалымдар парадигманы эртүрлі ұғымда қабылдайды, мысалы, «зерттеу 
бағдарламасының ядросы» (И. Лакатос), «зерттеушілік дәстүр» (Л. Лаудан), 
«ғылымдар негіздемесі» (Н. Н. Моисеев, В. С. Степин), «ойлау стилі» 
(Е.Н. Князева, В.С. Швырев), «ғылымдар негіздемесі ғылыми пэндердің жүйе 
құраушы факторы» (В.С.Степин).
Рухани- адамгершілік мәселелерін сонау ерте кезеңнен бастап, эл-Фараби, 
Ибн Сина, Фердауси, М.И.Ғаззали, Ж. Баласағұн,ақ қарастырған, шетел педа- 
гогтарынан Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, К.Д.Ушинский, А.С. Макаренко, 
Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, Л.Н.Толстойды айта аламыз, отандық 
педагог-ағартушылар: Ш.Уэлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш.Құдай- 
бердиев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев сынды ойшыл оқымысты 
ғалымдардың бірде-бірі рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мен 
дамытудың мэні мен маңызын эр амал тұргысынан қарастырған.
Бұл мәселе көрнекті философ ғалымдардың еңбектерінде де, орын алған, 
атап айтсақ Д. Кішібеков, Ғ. Есім, Ж. Молдабеков, С. Нұрмүратов т.б. Тарихи 
тұргыдан С.Дорженовты жеке алып қарастыруға болады.
Қазіргі кездегі ғалымдардан рухани-адамгершілік тэрбиесін А.А.Бейсем- 
баева, С.Қ.Қалиев, Л.Байсеркеев, К.Б.Жарықбаев, Ж.Р.Бэшірова, Р.К.Төлеу- 
бекова, С.Т.Иманбаева, Ш.М.Майғаранова, Н.С.Әлқожаева, Б.И.Иманбекова,
C. С.Жэнібекова, К.А.Исмаилова, С.Т.Әмірғазин, Д.Нургалиева, Ә.Т.Өтебаева, 
Г.А.Ерғалиева, Б.Сүлейменова, Г.Б.Оспанова, С.К.Әбілдина, т.б. сынды 
ғалымдар өзіндік үлес қосуда.
Бұл орайда басты назар аударатын жайт, білім беру парадигмаларының 
өзгеруіне сай рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңіру арқылы қазіргі білім 
алушыларды, атап айтқанда жоғары мектеп студенттерін бойларына сенім 
ұялата отырып, тэрбиелеу.
Білім беру жүйесінің, мазмұнының өзгеруіне сәйкес рухани -адамгершілік 
құндылықтарды халықтық идеологиядан, халықтық дүниетанымнан, салт-
6


санадан, әдет ғұрыптан бөліп қарастыру мүмкін емес. Сол себептен де 
тарихи-этнографиялык деректерді үнемі назарда ұстаған дүрыс. Сонымен 
қатар, педагогика ғылымы саласында жарык көрген жүмыстарға жасалған 
талдау, білім беру парадигмаларын басшылыкка ала отырып, рухани- 
кұндылыктарды меңгерту мәселесі педагогикалык аспектіде зерттелмеген 
тың тақырып екендігі жэне психологиялық-педагогикалык эдебиеттер мен 
жоғары мектептердің жұмыс тэжірибесін оқып-талдау да, аталмыш мэсе- 
ленің сырт қалғанын бүгінгі талап-тілектерге сэйкес келмейтінін байқатады.
Жоғары мектепте білім беру парадигмаларына сай жастарды рухани- 
адамгершілік күндылықтарға баулу барысында бірқатар карама-қайшы- 
лықты:
студент тұлғасын қазіргі таңдағы басымшылдык танытатын гуманистік 
парадигма негізінде рухани-адамгершілік қүндылықтарды меңгерту кажет- 
тілігі мен оны дамытуда мүмкіндіктерді толық пайдаланбау;
- Білім беру мен тәрбиелеудегі гуманистік парадигмасына терең кызыгу- 
шылык пен бүл мәселенің бағдарлык-әдістемелік деңгейде қарастырылма- 
ғаны;
- студенттін тұтастай дүниетанымының калыптасуы жағдайындағы тео- 
риялык көріністің дамуы мен жоғары мектепте оқытылатын пәндердің эсері 
мен сәйкессіздігін бөліп көрсетуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет