Қр конститутциясы Қр бақ туралы Заңы ҚР журналистердің Этика Кодексі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖУРНАЛИСІНІҢ ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКСІ



бет2/7
Дата30.11.2022
өлшемі34,28 Kb.
#53835
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
№5 практикалық сабақ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖУРНАЛИСІНІҢ ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКСІ
СӨЗБАСЫ
- Бұқаралық ақпарат құралдарының жұртшылықты объективті ақпаратпен қамтамасыз етудегі маңызды рөлі мен миссиясын сезіне отырып,
- жалпыадамзаттық құндылықтар мен моральдық-этикалық үлгі-қалыптарға жақындықты тұтастай бөлісе отырып,
- сөз бостандығы мен ой-пікір білдіру журналистің ажырамас құқығы, еркін бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің міндетті шарты екенін мойындай отырып,
- Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын, БҰҰ-ның Баспасөз бостандығының бүкіләлемдік хартиясын, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен қолданыстағы заңнамаларын басшылыққа ала отырып,
Қазақстан журналистері Қазақстанның журналистері мен бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің моральдық-этикалық қағидаттары мен кәсіби қызметінің нормаларын қалыптастыратын Қазақстан Республикасы журналисінің Этикалық кодексін (бұдан әрі қарай - Кодекс) қабылдады.
Кодекс өзіндік тәртіп пен моральдық-этикалық бағдардың құралы болып табылады, жұртшылық тарапынан журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдарына сенім мен құрмет көрсетуге қол жеткізуге ықпал етеді.
1. КӘСІБИ ПАРЫЗ
1.1. Журналист өзінің қызметінде кәсібі, сөз бен ақпарат бостандығы, ішкі саяси тұрақтылықты, конфессияаралық, этносаралық келісімді сақтау, ұлттық ақпараттық қауіпсіздік пен қоғамдық адамгершілік ахуал мүддесі үшін қызмет жасайды.
1.2. Журналист қолы қойылған, бүркеншік немесе анонимді атымен, бірақ рұқсаты және келісімі бойынша таратылған кез келген хабарламаның сенімділігі үшін өзінің атымен және беделімен жауап береді.
2. ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК
2.1. Журналист қоғамның моральдық және этикалық қағидаттарының нығаюына ықпал етеді.
2.2. Журналист өзіне жүктелген қоғамдық жауапкершілікті сезінеді және оның қызметі қоғамдық мүддеге залал келтірмеуін үнемі қадағалайды.
2.3. Журналист қоғамдық тәртіптің тұрақсыздығын, әлеуметтік араздықты қоздыруды болдырмас үшін дәлелденбеген ақпараттан, асығыс және тексерілмеген ақпаратты жариялау мен таратудан бас тартады немесе аталған ақпараттың тексерілмеген сипатын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет