Көші-қон – адамдардың тұрғылықты мекенінен әр түрлі себептермен басқа жерге қоныс аударуы, көшіп-қонуы. Көші-қон адамдардың белгілі бір аумақтың шекарасынан асып, тұрақты немесе уақытша тұрғылықты мекенге қоныс аударуы арқылы жүзеге асады.(Миграция)
Миграция
Бағыты бойынша
Себептері бойынша
Ұзақтығы бойынша
Формасына қарай
Ішкі
Сыртқы
Саяси
Экономикалық
Діни
Әскери
Узақ мерзімді
Уақытша
Мәжбүрлі
Ерікті
Қазақстан аумағы кеңестік империяның басқа аймақтарынан жер аударылған шаруалардың, саяси тұтқындардың мекеніне айналды. Жаппай күштеп ұжымдастыру кезеңінде қазақтарға қарсы геноцидтік саясаттың жүргізілуі салдарынан қазақ халқы ашаршылыққа ұшырап, қырылған зұлмат жылдарда (1931 – 33 жылдары) 1 млн-нан астам қазақ ата жұртынан ауып кетті, олардың 616 мыңы тарихи отанына қайтып оралмады. Олар шалғай шет жерде – Моңғолия, Қытай, Ауғанстан, Пәкістан, Иран, Түркия елдерінде, сондай-ақ, кейбір Батыс Еуропа елдерінде қазақ диаспорасын құрады. 2-дүниежүзілік соғыс жылдары (1939 – 45) тұтқындалған, Еуропа елдеріндегі Қарсыласу қозғалыстарына қатысқан, Түркістан легионында болған көптеген қандастарымыз шет мемлекеттерде қалып қойды. 1937 жылдың күзінен тоталитарлық саясаттың құрбанына айналған тұтас халықтар өз жұртынан қазақ жеріне күштеп көшірілді.
Тұрақты тұрғылықты мекенінің түпкілікті ауысуына байланысты
Қайтып оралмайтын көші-қон;
Тым ұзақ мерзімге қоныс аударумен байланысты уақытша көші-қон.;
Жылдың белгілі бір кезеңінде орын ауыстырумен байланысты маусымдық көші-қон;
Басқа жердегі жұмыс, оқу орындарына ұдайы әрлі-бері жүріп-тұратын қатынамалы қөші-қон;
Елден сырт жерге көшіп кету, елге көшіп келу түріндегі сыртқы көші-қон;
Ел ішінде қоныс аударумен байланысты ішкі көші-қон түрлеріне бөлінеді.
Ал ішкі көші-қон ауыл халқының көші-қоны және қала халқының көші-қоны түрлеріне ажыратылады.
Қазақ халқының ежелгі замандардан бері келе жатқан көшпелі, жартылай көшпелі тұрмыс-тіршілігі, мал шаруашылығының дамуына байланысты жайылым жаңғыртып отыруы, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп-қонуы, айталық, малға өріс іздеудің ыңғайымен көктем, жаз айларында қырға көшіп, қыста Сырға құлауы қазақ жерінде маусымдық көші-қонның дамығандығын көрсетеді.
Қорытынды
Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы сияқты мемлекет және беймемлекет мекемелер құрылды, шет жұрттан ата жұртына көшіп келетін оралмандарға жыл сайын өсіп отыратын квота белгіленіп, олардың белгіленген аймақтарға қоныс теуіп жайғасуы үшін мемл. және жергілікті бюджеттерден қаржы бөлініп тұратын болды. Сондай-ақ, Қазақстанға мәжбүрлі жағдайда көшіп келіп, тұрақтап қалған көптеген ұлт өкілдері өздерінің ата жұртына көшіп баруға мүмкіндік алды.
https://yandex.kz/images/search?from=tabbar&text=%D0%96%D0%B0%D0%B9%D0%BB%D0%B0%D1%83%20%D2%9B%D1%8B%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%83%20%D0%BA%D3%A9%D0%BA%D1%82%D0%B5%D1%83&pos=3&img_url=http%3A%2F%2Fs4.fotokto.ru%2Fphoto%2Ffull%2F380%2F3806129.jpg&rpt=simage т.б.