Қр мемлекет және қҰҚЫҚ тарихы кредит саны 3 «Жария құқық» кафедрасының аға оқытушы Шокенова Аяулым Нурсериковна


қызметі нәтижесіндегі аристократия



бет11/16
Дата16.02.2023
өлшемі3 Mb.
#68321
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
ҚР Мемлекет және құқық тарихы

қызметі нәтижесіндегі аристократия
Шаруа - АРАТ
Құлдар
Моңғолдардың қоғамы
Хандар, ханзадалар
Нояндар
Нүкерлер
Моңғол империясының мемлекет нысаны ерекше сипатта болды. Оны қазіргі кезде бар типологияларға толығымен жатқызу мүмкін емес.
Бұл мемлекетті демократиялық деп те айта алмаймыз, себебі қалың бұқара қатаң тәртіпке бағындырылған, олигархия да бола алмайды, себебі жоғарғы билік толығымен ханның қолында.
Империя болғанымен монархия деп те айта алмаймыз, шын мәнінде хан барлық жауынгерлермен сайланатын және олардың көңіл-күйіне тәуелді өмір бақилық президент болып табылады.
Тирания да болмайды, себебі жоғарғы заңның орындалуын қадағалау билігі – Яса хан билігінен ажыратылған. Шыңғыс хан көзі тірісінде өзінің екінші ұлы Шағатайды Ұлы Жазаның сақшысы етіп тағайындаған.
Моңғол империясында салықтың келесі түрлері болды:
Көпшүр – империяның көшпелі халқынан жиналған салық. Оның көлемі жылына жүз малдан бір басқа тең болды;
Тағар – арнайы әскери салық;
Аваиз – төтенше салы, ол ерекше жағдайларда ғана салынды;
Харадж – отырықшы халықтан жиналған жер салығы.
Ұлы Жаза (Ұлы Жасақ) түрлері
Билик – Шыңғыс ханның өзіне бағынышты моңғол империясының азаматтарына айтылған имандылық-этикалық өсиеттері мен мемлекеттік құқықтың негізгі нормаларынан тұратын бөлігі;
Жасақ – қылмыстық құқық нормалары, діни құқықбұзушылықтар мен тиымдарды бұзуларды реттейтін нормалардан құралған бөлігі. Сонымен бірге заң жинағының бұл бөлігінде әскери құрылыс мәселелеріне көп көңіл бөлінген.
Келесі қылмыстар үшін өлім жазасы көзделген:
адамды өлтіру үшін
ұрлық үшін
мемлекеттік құпияларды ашу үшін
жалған куә болу үшін
дауласып немесе төбелесіп жатқан екі адамның біріне болысқан үшін адамды
зинақорлық үшін
құпия тыңдау үшін
тұтқындар мен құлдарды иесіне бермеу үшін
өз қарауылын тастап кету үшін
ауыр салдарға алып келген жауынгерлердің өз қызметтерін атқару кезіндегі салақтық үшін
тұтқынға алған адамның рұқсатынсыз тұтқындарға көмектесу
княздердің ханнан аттап үшінші тұлғаларға жүгінуі
ұрыс барысында басқа жауынгерлерге көмек көрсетпеу
сиқырлық үшін
ӘБІЛХАЙЫР ХАНДЫҒЫ ЖӘНЕ НОҒАЙ ОРДАСЫ
Ертедегі жазба деректерде елді "Өзбек ұлысы", "Өзбек хандығы", "Көшпелі өзбектер ұлысы", "Әбулхаир хандығы", "Әбулхаир ұлысы", сонымен бірге елде қыпшақтардың көп болуына орай "Қыпшақтар хандығы" деп аталды.
Ұлыстың құрамына 92 тайпа мен рулар кіргендігі деректерде айтылады.
Арап тарихшысы Рузбихан Исфахаш елде өзбектер, қазақтар және қарақалпақтар өмір сүрді деп куәландырады.
1428 ж. Тұра қаласында хан болып ешкімге беймәлім Жошының Шайбан ұрпағынан тараған Дәулет-Шайхоғылының баласы 17 жасар шейбан ұрпағы Әбілхаир сайланды. Ол 1428 жылы Батыс Сібірде Тура (Түмен) қаласында хан болып жарияланды. Оны Шайбани ұлысына кірген рулар мен тайпалардың 200-ге жуық ірі өкілдері қолдаған. Оның негізгі тірегі Едігенің ұрпағы Уаққас би болатын. Жас Әбілхаир өз билігін маңғыттарға сүйене отырып нығайтты.
Көшпенді өзбектер ұлысына қыпшақ, найман, қият, маңғыт, қарлұқ, қоңырат, қаңлы, ұйылын, шынбай, күрлеуіт және тағы басқалары кірді.
Оның иелігі Ноғай Ордасының шығыс бетін, батыста – Жайыққа, шығыста – Балқашқа дейінгі, оңтүстікте – Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі ағысына, солтүстікте – Тобыл мен Ертістің орта ағысына дейінгі жерлерді қамтыды. Ұлыстың басты ордасы Тұра қаласы, ал кейінен Сығанақ қаласы болды.
1428-1429 жж. Әбілхаир Түркістан мен Хорезм аумақтарына тонаушылық жорықтар ұйымдастырды. Мақсаты қазына толықтырып өзінің жеке жасағына қаржы табу. Жорықтар сәтті аяқталып, Әбілхаир өз жасағын күшейтті.
Бүлікті бірінші болып 1430ж. Махмұд Қожа хан бастады. Бірақ Әбілхаир өзі басқарған жазалаушы отряд бүлікшілерді толық талқандады. Бірнеше жыл өткен соң ханға қарсы жаңа бүлік басталды. Бұл бүлікті Махмұд және Ахмад хандар бастады. Олардың көтерілісі жанышталды. Ал 1437 ж. мемлекеттің жаңа астанасына айналған Орда-Базар қаласы басып алынды.
Келесі үлкен көтеріліс 1446 ж. басталды. Ханға қарсы Мұстафа бек қарсы шықты. Бұл жолы да Әбілхаир хан жеңіске жетті. Осы жылы хан басқарған әскер Темір ұрпақтарын талқандап, олардан Сырдария бойындағы Созақ, аққорған, Өзенд және Сығанақ қалаларын тартып алды. Сығанаққа мемлекет астанасы көшірілді.
1456-1457 жылдары Әбілхайыр хан Сығанақ қаласы түбінде Үз-Темір бастаған ойраттардан жеңіліп қалды. Ол 1468 жылы Моғолстанға қарсы жорыққа шығады. Жорық кезінде Аққыстау деген жерде қайтыс болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет