Қр мемлекет және қҰҚЫҚ тарихы кредит саны 3 «Жария құқық» кафедрасының аға оқытушы Шокенова Аяулым Нурсериковна



бет13/16
Дата16.02.2023
өлшемі3 Mb.
#68321
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
ҚР Мемлекет және құқық тарихы

Сот прецеденті – билердің соттық қызметінен туатын құқық нормалары. Күрделі немесе әдет-ғұрып құқығымен реттелмеген істер бойынша атақты билердің шешімдері болашақта осындай істер бойынша міндетті сиптақа айналып, прецедент болады.
Бес-алты биден құралатын сот құрамы – жүгініс, ал он-жиырма биден құралатын сот құрамы кеңес деп аталады.
Қазақ билері ереже қабылдай отырып келесідей міндеттерді орындады:
әдет-ғұрып құқығының нормаларын жүйелендіру;
билік органдарының саясаты мен жаңа жағдайларға сәйкес әдет-ғұрып құқығының кейбір нормаларына өзгерістер енгізу;
қазақ ауылдарында орын алып отырған қоғамдық қатынастардың жаңа түрлерін реттейтін жаңа нормалары жасау;
әдет-ғұрып құқығы нормаларының біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету.
Тәуке ханның басшылығымен жаңа кодекс құрастырылды. Жеті тараудан тұрғандықтан оны Жеті Жарғы деп атай бастады.
Аңыз бойынша Жеті Жарғы XV ғ. аяғында КүлТөбе деген жерде билер кеңесінде қабылданған
Шартты түрде Жеті Жарғының құрылымын келесідей сипаттауға болады:
Мүлік заңы (мал, мүлік дауларын шешу ережелері);
Қылмыс заңы (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, ұрлық қылмыстарын жазалау жолдары мен тәртібі);
Әскери заң (қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат);
Елшілік жоралары (майталмандық, шешендік, халықаралық қатынастарда сыпайылық, әдептлік);
Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той, мереке үстіндегі ережелер, жасауыл, бақауыл, тұтқауылдардың міндеті);
Жер дауы (жайылымдар мен суаттарға талас-тартыстарды шешу жолдары);
Жесір дауы (құн төлеу мәселелері және әйелдерді, қыздарды алып-қашу).
Қазақстардың әдет-ғұрып құқығы бойынша жайылымдарға жеке меншік қарастырылмаған. Көшпенділерде жер әрқашан қауымдық меншікте болған. Оның ішінде қыстақтар ұсақ қауымдарға нақты берілген.
Қазақстардың әдет-ғұрып құқығында су қайнарларын алғашқы болып жаулау институты танылды. Яғни, су қайнары мен оған тиісті жайылымдарды пайдалану құқығы қыстақтардан оған қайтып келгенде бірінші болып қоныс тепкен тайпаға берілді.
Қазақстардың әдет-ғұрып құқығы бойынша жайылымдарға жеке меншік қарастырылмаған. Көшпенділерде жер әрқашан қауымдық меншікте болған. Оның ішінде қыстақтар ұсақ қауымдарға нақты берілген.
Қазақстардың әдет-ғұрып құқығында су қайнарларын алғашқы болып жаулау институты танылды. Яғни, су қайнары мен оған тиісті жайылымдарды пайдалану құқығы қыстақтардан оған қайтып келгенде бірінші болып қоныс тепкен тайпаға берілді.
Некеге тұрудың келесідей шарттары болды:
Неке жасына жетуі. Қазақтарда ер балалар некеге он үш жастан бастап, ал қыздар табиғи дамуы сәйкес келген кезден бастап. Оны әкесі ат үстінде шауып келе жатып тымақпен ұру арқылы анықтаған.
Тараптардың жеті атаға дейін туыспауы. Бұл әкелік жолмен анықталған туысқандыққа қатысты болды. Салыстыру үшін шариғатта төрт атаға дейін некеге тұруға шектеу қойған.
Басқа дін өкіліне қыз берілмеген. Бұл ереже ресми болмаса да, халықпен берік ұсталған.
Әке-шешесінің батасын алу.
Некеге тұрудың нысандары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет