9
|
ҚАЗАҚ ОРДАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ ЖҮЙЕСІ
|
Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Монғолстан, Ноғай Ордасы мемлекеттерінің құрылуы қазақ хандығының, олармен қатар осы мемлекеттер аумақтарында құрылған өзге де халықтардың мемлекеттігін дамытудың маңызды кезеңі болды. Ол аймақтағы шаруашылықтың дамуына, көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы және отырықшыл – егіншілікпен айналысатын халықтар арасындағы шаруашылық байланыстарының нығаюына ықпалын тигізді. Осының арқасында тілдері жақын этникалық топтардың материалдық және рухани мәдениетте белсенді қарым-қатынас жасауы байқалды.
|
10
|
ХV-ХVІ І ғ.ғ. ҚАЗАҚ ҚҰҚЫҒЫ
|
Жазбаша құқықты білмеген көшпелі қазақ қоғамында әдет-ғұрып құқығы маңызды әлеуметтік-реттегіш мәнге ие болды. Ол империялық заң нормаларының белсенді түрде енуіне қарамастан, 1917 жылға дейін дерлік осы қоғамның құқықтық негізін құрады.
|
11
|
ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕСЕЙГЕ ҚОСЫЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ
МЕМЛЕКЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ САЛДАРЫ.
|
ХVІІ ғасырдың ортасынан ХVІІІ ғасырдың басына дейін қазақ хандығы ішкі және сыртқы саяси дағдарыс жағдайында болды. Жоңғарлар шапқыншылығы қазақ хандарының Ресейден өзіне сүйеу, қолдау сұрауына түрткі болды. Мысалы, Кіші жүз ханы Әбілхайыр 1726-1730 жылдары Ресейдің қол астына кіру туралы өтініш белдіреді.
|
12
|
XIX ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ МЕН XX ҒАСЫРДЬЩ
БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘКІМШІЛІК ҚҰРЫЛЫСЫ
ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІ
|
ХІХ ғасырдың соңғы үшінші бөлігі Қазақстан тарихындағы аса маңызды және үлкен бетбұрыстар кезеңі. Осы кезде Қазақстан тәуелсіздігінен толық айырылып, отарлауға басыбайлы мойын ұсынды. 1865 жылы Қазақстанның бүкіл аумағы Ресей империясының құрамына толық кірді.
|
13
|
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЗАН ТӨҢКЕРІСІНІҢ ЖЕҢІСІ ЖӘНЕ КЕҢЕС ӨКІМЕТІНІҢ ОРНАУЫ
|
Қазақстан ХХ ғасырды патшалық Ресейдің отары ретінде қарсы алды. Қазақтар бүкіл саяси құқықтардан, жақсы жерлерінен айырылды, дәстүрлі шаруашылықтары мен әлеуметтік құрылымдары бұзылды. Отарлаушы өкімет Қазақстанды орыстандыру мәселесін алға қойды.
|
14
|
1950-1990 ЖЫЛДАРДАҒЫ
ҚАЗАКСТАНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ДАМУ
|
Тоталитарлық жүйенің нығаюы жағдайында кеңес мемлекеті, оның қатал тік (вертикаль) байланыстағы тұншықтырушы жүйесімен казармалық социализмнің қатаң үлгісіне бағына отырып құрылымданды. Осылардың барлығы, саяси, экономикалық, мәдени және ұлттық қарама-қайшылықтардың жүйесін тығыз байланыстырған қоғам дамуының стагнациясына әкелмей, өз кезегінде, мұндай жағдай, біріншіден, әкімшілік-әміршілдік мемлекеттік және партиялық аппараттың қарапайым еңбекшілерге қатынасында бұрынғыдан да көбірек кең өкілеттіктермен бөлінгендігімен, екіншіден, әлеуметтік және экономикалық салалардағы автономиялық қызметтегі жергілікті өкіметтердің құқығы ең шегіне дейін шектелгендігімен, үшіншіден, этникалық жанжалдардың (қақтығыстардың) жасырын (жабық) фазасының дәйекті өсе түсуінен көрінеді.
|
15
|
ҚАЗАҚСТАН — ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТ РЕТІНДЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ДАМУЫ
|
80-шы жылдардың соңы Кеңес мемлекеті құлауының басы болды. Халық депутаттарының бірінші съезі мен партия форумдарында сол кездің өзінде егемендік идеясы, экономикалық дербестік, орталық пен федерация субъектілері арасындағы өкілеттіктерді бөлу, жаңа одақтық шарт жасау талқылана бастады. Демократиялық қайта құрулар мен ұлттық қайта өркендеу (түлеу) процестерін дамыту, оқиғалар қисыны, орталықтың одақтас республикалармен қатынасын үйлестіретін партиялық және мемлекеттік басшылық тарапынан бірдей шаралар қабылдауды талап етті.
|