Қр мемлекет және қҰҚЫҚ тарихы кредит саны 3 «Жария құқық» кафедрасының аға оқытушы Шокенова Аяулым Нурсериковна



бет4/16
Дата16.02.2023
өлшемі3 Mb.
#68321
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
ҚР Мемлекет және құқық тарихы

Пәннің қысқаша мазмұны: Қазақстан Республикасында заңгерлер дайындау жүйесінде Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәні заң пәндері ішінен үлкен орын алады.
Тарихты білмеу, әсіресе саяси және құқық тарихын білмеу жоғарғы заң білімдерінде толық процессті көрсетпейді. Мемлекет пен қоғамның дамуындағы заңдылықтардың тууын тарихпен байланыстырмай құқықтық сипаттаманы алу мүмкін емес.
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқықтық тарихын зерттеу өзінің тарихына сүйіспеншілік ретінде қарау ғана емес, Қазақстаның бүгінгі саяси және құқықтық дамуының талаптарына ғасырлардан жиналған тарихи үлкен тәжірибемен қызмет ету, жақсы түсініп, өз ойын ортаға жеткізе білу.
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының пәні болып, ерте уақыттан осы күндерге дейінгі қазақтардың мемлекеттік дамуы мен құрылуын зерттеу болып табылады. Тарих ғылымдарының анализі мен синтезі арқылы, Қазақстан аумағындағы мемлекеттің пайда болуы, мемлекеттік қоғамдағы қатынастар, құқықтық ескерткіштерін саяси билік институттары арқылы зерттейді. Сонымен қатар, еліміздің тарихын құқықтық нормалар жағынан, қоғамдық саяси, мәдени-әлеуметтік құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмірдегі қарым-қатынастарды реттеу, басқару әдіс-тәсілдерін, обьективтік заңдылықтарын анықтап, мемлекет пен құқықтың пайда болуына және дамуына үлкен әсер беріп отыратын ғылым.
Жалпы Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық, қоғам мен мемлекеттің арасындағы сан қырлы, күрделі қарым-қатынастарды, қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орнын, маңызын, азаматтық қоғам мен мемлекеттің өзара байланысын, адамдардың сана-сезімін, оның қоғамдағы маңызын, мемлекеттің болашағын, құқықтық мемлекет қалыптастыру бағыттарын зерттеп, қорытынды тұжырымдап жасап отырады.
Пәннің мақсаты Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәнінің мақсаты болып: қазақстан аумағындағы мемлекеттер, алғашқы мемлекеттің пайда болуын, құрылуын, дамуын, сонымен қатар, олардың қоғамдық
және саяси құрылысы, қоғамдық және саяси қатынастарды реттеудің құқықтық құралдарын зерттейді. Қазақстан мемлекетінің құрылуының даму жолдары, хан билігінің саяси сипаты, қазақтардың әдет-ғұрып құқықтық жұйесінің, институттарының құқықтық сұрақтары. Ресей империясының қазақ жерлерін отарлау саясаты және оның құқықтық саяси салдарын зерттеу. Ресей империясы құрамындағы Қазақстанның дамуы, қазақ жерлерін басқару, Ресей заңды актілерінің қазақстанға қатысы, қазақтардың отарлауға қарсы күресі, саяси және құқықтық ойшылдарының жіберілуін зерттеу. Қазақстанда Совет үкіметінің билігін орнату, және Ресей федерациясы мен Совет Одағының құрамындағы қазақстанның дамуы. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының даму жолындағы туатын сұрақтарды зерттеу.
Ерте әскери демократиялық мемлекеттер мен орта ғасырдағы мемлекеттердің құрылысы және құқығының ерекшеліктерін ашу, Қазақ хандығының пайда болу себептерін, қалыптасуын, дамуын, құлдырауын және тәуелсіздікке жетуін зерттеу мен мәнін ашу.
Пререквизиттер: Аталған курсты оқыту бастағанға дейін оқушылардың орта жалпы білім беретін мектептерден алынуы тиісті құқықтық және тарихи білімдері болуы қажет. Олардың қатарына Қазақстан тарихы, Жалпы тарих, Құқық негіздері кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет