Жүрек соғысының шамамен максималды жиілігі Сіздер жүрек қағысыңыздың максималды жиілігін анықтау үшін, сіздің жас
мөлшеріңізге негізделген, төменде көрсетілген математикалық формуланы
қолдана аласыздар:
220 – адам жасы = жүрек соғысының шамамен максималды жиілігі Жүрек соғысы жиілігінің проекциялық диапазоны Орындалатын жаттығудан жүрек пен өкпе неғұрлым улкен пайда алатын
аэробика сияқты жаттығуды орындаған кездегі жүрек қағысы жиілігінің
диапазоны жүрек қағысының проекциялық диапазоны (сондай-ақ, жүрек қағысы
жиілігінің оқу диапазоны ретінде белгілі) болып табылады. Жүрек қағысы
жиілігінің проекциялық диапазонын есептеу үшін, жүрек қағысының
максималды шамалы жиілігін жүрек-қантамыр жүйесіне максималды пайда
беретін қарқындылықтың пайыздық қатынасына көбейтеміз және ол диапазон
әдетте қарқындылықтың 50% - 85%-на тең.
Келесі мысалда жүрек қағысының максималды шамалы жиілігі 180-ге тең:
Қарқындылықтың 50 %: 180 х 0.50 = минутына 90 қағыс;
Қарқындылықтың 85 %: 180 х 0.85 = минутына 153 қағыс;
Зертханалық жұмыс алдында орындалатын талқылаулар Барлық оқушыларды келесі сұрақтарға жауап беруін сұраңыз: 1. Жаттығу кезінде жүрек қағысының жиілігі қалай өзгереді? Жүрек қағысының жиілігі физикалық жаттығуды орындау кезінде
жоғарылайды және жаттығудан кейін біршама уақыт бойы жоғары деңгейде
болады.
2. Сіздің жүрек қағысыңыздың жиілігі қалпына келу кезінде қалыпты жағдайдағы (жаттығуға дейінгі) жиілікке қаншалықты жақын болады? Жауаптар (түрліше) ерекшеленетін болады. Жүрек қағысының жиілігі
қалыпты жағдайының жиілігіне шамамен 7-10 минуттан кейін келеді және
жиіліктің қалпына келуі факторларға тәуелді, мысалы, физикалық жағдай және
адамның жасы мөлшері.
3. Әйелдердің жүрек қағысының жаттығуға дейінгі, жаттығу кезіндегі және