Р. Н. Куракова-Атырау, 2019. 80 б. «Өрлеу»


Ғылыми зерттеулерді жүргізу дағдыларын дамыту



Pdf көрінісі
бет6/69
Дата26.04.2023
өлшемі1,81 Mb.
#87128
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
Байланысты:
Р.Куракова (1)

2. Ғылыми зерттеулерді жүргізу дағдыларын дамыту 
Зерттеушілік дағдылардың өсуі мен дамуын талдау қажет. Оқушыларға 
жабдықтармен жұмыс істеуге, мәліметтерді талдауға, қарым-қатынас жасауға 
және шешімдерді талқылауға арналған көптеген мүмкіндіктеріне жағдай жасау 
маңызды. Төмендегі жағдайлар зертханалық дағдылар мен мәліметтерді талдау 
дағдыларын дамытуға көмектеседі:
 Оқушыларға күрделірек зертханалық тапсырмаларды орындауға рұқсат 
беру. 
 Датчикті калибрлеу және математикалық есептеулер сияқты күрделірек 
техникалық тапсырмаларды әзірлеу. 
 Қазіргі заманғы ғылыми аспаптарды қолдануға негізделген практикалық 
тапсырмалары бар тәжірибелер жүргізуге түрлі мүмкіндіктер жасау. 
 Мүмкіндігінше сыныптың деректерін құрып, салыстыру. Мәліметтердегі 
өзгерістердің себептерімен қоса, ең жақсы түсініктемелерді анықтау.
 Оқушыларға жинаған мәліметтерін гипотезаларына және көкейтесті 
сұрақтарды талқылағанда дәлел ретінде қолдануына рұқсат беру.
 Оқушылардың өз зерттеулерінде нені қарастырғылары келетіндігі жайлы 
ұжымдық талқылаулар өткізу. 



3. Оқушылар зерттеулерін өз бетімен жүргізуге көмектесу 
Оқушылардың зерттеу жүргізуіне көмектесетін стратегиялар:

Орындалып жатқан әрекеттердің жазбаша жоспарын талап ету және тиісті 
нұсқаулар беру.

Жеткілікті уақыт, материалдар мен жабдықтар қорын беру. 

Жеткен жетістіктерін бағалау үшін бақылау нүктелерін белгілеу. 

Оқушылардың жұмысын бағыттау үшін, тиімді сұрақтар қою:
- Әрі қарай не болады деп ойлайсыз?
- Қателіктердің себептері не болуы мүмкін?
- Мына элементтердің қайсысын үдерістен алып тастауға болады? 

Оқушылардың өздерінің жеке сұрақтарын құруына мүмкіндік беру.
4. Оқушылардың жүргізетін зерттеулерінің нәтижелері туралы хабарлау 
Оқушыларға өздерінің жүргізіп жатқан зерттеулерінің нәтижесін ғылыми
мақалалар, презентациялар, бейнематериалдар, плакат түрінде бөлісуге 
мүмкіндік беру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет