ҚР орталық мемлекеттік музей қорындағы ағаштан жасалған бұйымдар мазмұНЫ



бет12/14
Дата27.02.2022
өлшемі287,5 Kb.
#26539
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Қатайту әдістемесі.

Бірінші операция. Ағашты сіңдіруге дайындау:



    1. құрғақ әдіспен бұйымның сыртын тазалау (шаңсорғыш, құрғақ шүперек, құрғақ жаққыш);

    2. бұйымның сырты лас, кірлеу болса дымқылдатылған шүперекпен сүрту.

Екінші операция. Сіңдіруші құрамды дайындау:

  1. формалинді нейтрализациялау. Формалин құрамында құмырсқа қышқылы болғандықтан қышқылдық реакция береді. Ал, смола ертіндісін жасаған кезде қышқыл мөлшері көбейіп, кері реакция жүруі мүмкін. Мұндай реакцияны болдармау үшін ертіндіге аммиакты қосу керек. Бұр процесс келесі жолмен жүзеге асады:

әйнек колбаға формалин құйып, үстінен тамшылатып аммиак қосады. Нейтралды реакция пайда болғанға дейін нәтиженің дұрыстығын универсалды индикатор немесе лакмус арқылы тексереді;

  1. смоланы қайнату. Нейтралданған формалин ертіндісіне мочевинаны (меламинді) қосады (екі бөліп). Бірінші рет 30 минут қайнату керек. Екінші рет мочевинамен қатар этил сптртін қосып, тағы да 30 минут қайнату керек.

  2. сіңдіруші ерітіндіні дайындау. Ағаш бұйымдардың әртүрлі болуына байланысты смолалардың коцентрациясы да әртүрлі болады. Керекті ерітінді концентрациясын алу үшін спирт, су немесе ацетон қосады.

  3. Тездеткішті қосу. Тездеткіш ретінде хлорлы аммоний қолданылады. Оны тура ағашты сіңдіру алдында қосу керек. Тездеткіш қосылған смола ерітіндісін 2-3 сағаттан артық сақтауға болмайды.

Үшінші операция. Ағашты сіңдіру.

Сіңдіруді екі жолмен жүзеге асыруға болады:

1. Смола ерітіндісіне экспонатты толығымен батыру

2. Жаққыш қолдану арқылы экспонатқа смола ерітіндісін жағу. Бұл процесті арсына 30-60 минут салып бірнеше рет қайталау керек.

Төртінші операция.Сіңдірілген ағашты кептіру.

Кептіру 2-3 күнде жүзеге асырылады. Кептірудің аяқталуын экспонаттың салмағының қалпына келгенінен білуге болады.

Бесінші операция. Сіңдіруді қайталау.

Алтыншы операция. Сіңдірілген ағашты қайта кептіру

Жетінші операция. Экспонаттың сынған, шытынаған бөліктерін жабыстыру және шпаклевка жасау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет