Тақырыптың деректік көзі. Зерттеу жұмысын жазу барысында қолданған деректер, Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік музейіндегі инвентарлық кітаптар, картотекалар, музейдің жылдық есептері, экскурция жүргізушілерге арналып жазылған әдістемелік мәтіндер. Сонымен қатар, экспозициялық қойылымдар, экспозиция материялдары және тікелей музей жәдігерлері.
Жұмыстың мақсаты.Осы тақырыпты зерттеу мақсатым- Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік Музей қорындағы ағаш бұйымдардың, қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің бір бөлшегі ретінде, музей арқылы ашып көрсетіп, оларды зерттей отырып, ерекшелігін, түрлерін, жасалу техникасын, қазақ халқының өмірінде алатын орнын анықтап, музей заты, тарихи- мәдени жәдігер ретінде қалың оқырманға, зерттеушілерге танымал ету, насихаттау.