Р. С. Касымова Әлеуметтік педагогтың ЖҰмыс технологиясы оқу құралы Алматы, 2020



бет86/102
Дата27.11.2023
өлшемі3,67 Mb.
#128796
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   102
Байланысты:
treatise177628

2-ші сабақ
Мақсаты– даусыз өзара әрекет жасай білуге тәрбиелеу, «ата-ана - бала» жүйесіндегі қатынастардың үйлесімділігі.
Міндеттері:

  • Жанасу арқылы сезінуді дамыту.

  • Көру арқылы қабылдауды дамыту.

  • Коммуникциялық дағдыларды дамыту.

  • Психофизикалық қысымды төмендету.

Құралдар: құмсалғыш, майда ойыншықтар жиынтығы, қылқалам.
Сабақ барысы
Кіріспе бөлімі
Әлеуметтік маман: «Сіздермен құмсалғыштағы тәртіп ережесін еске алайық» (ата-ана бала кезекпен ережелерді есіне түсіреді).
«Құм жасырынбағы» жаттығуы
Әлеуметтік маманата-анадан ойыншықтар арасынан үшеуін таңдауын сұрайды. Бала көзін жұмып тұрғанда, анасы құмға ойыншықтарды тығады. Содан кейін анасы: «Көзімізді ашқанда, ойын басталады» дейді, сонан соң бала жасырылған ойыншықтарды табу керек (саусағымен қазып алуға, қылқалам қолдануға, құмды үрлеуге болады). Ата-ана мен бала орындарын ауыстырады (бала ойыншықтарды жасырса, ата-ана іздеп табады ).
Негізгі бөлім
Әлеуметтік мамананасы мен баласынан сұрайды: «Сіздер сыйлық алғанды жақсы көресіздер ме? Ал, сыйлық жасағанды? Біз бүгін Сіздермен бір-бірімізге сыйлық жасаймыз және бізге құмсалғыш пен ойыншықтар көмектеседі. Құмсалғышты тең екіге бөлесіздер, әрқайсыңыз өз жағыңызда бір-біріңізге тосынсый дайындаңыздар. Мүмкін бұл ертегі елі, сурет және т.б. бәрін дайындап қоймайынша, бір-біріңізбен сөйлесуге рұқсат берілмейді. Сыйлықты дайындағаннан кейін, әрқайсымыз не істегеніміз жайлы айтып береміз, ал келесі адам сыйлық ұнағаны/ұнамағаны жайлы айтады».
Қорытынды бөлімі

  • Бір-біріңізге жасаған сыйлықтарыңыз ұнады ма? Ал, қабылдаған ұнады ма?

  • Осы ойын кезеңінде қандай сезімдер туындады?

Соңында әлеуметтік маманқұмдағы суреттемені ретке келтіріп, ойыншықтарды орнына қойып, құмның бетін тегістеп, қолдарын жууды сұрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет