Тапсырмалар туралы ойлардан туындайтын үрейді 0-10 дейінгі шкала бойынша бағалаңыз (мұнда, 1– жеңіл үрей; 10 - қауіпті, ауыр қорқыныш).
Сіз әлеуметтік қатынасқа түскенде немесе әлеуметтік тапсырманы орындағанда Әлемде болатын жағымды өзгерістерді жазыңыз;
Сіздің әрекетіңізден кейін соңғы 10 жылда болатын жағымды өзгерістерті қағаз бетіне түсіріңіз;
Сезімдеріңізді көрсетілген шкала бойынша белгілеңіз.
«Фильм» Мақсаты: Әлемде, қоғамдағы рөлін анықтау, өзіндік шеңберден шығып, зейінді өзгелерге аудару
Барысы:
Әлеуметтік қарым-қатынас (хат жіберу, сахнаға шығу, көрініс, скайп арқылы сөйлесу және т.б.) кезінде орындау керек тапсырмаларды қағаз бетіне түсіріңіз;
Тапсырмалар туралы ойлардан туындайтын үрейді 0-10 дейінгі шкала бойынша бағалаңыз (мұнда, 1– жеңіл үрей; 10 - қауіпті, ауыр қорқыныш).
Әлеуметтік қарым-қатынастар кезінде кімнің өміріне және қандай жағымды өзгерістер алып келесіз ?
Әлеуметтік қарым-қатынас және оның бір күнде, апта, ай, жылда өрбу оқиғасын фильмнің эпизоды ретінде елестетіңіз;
Сезімдеріңізді көрсетілген шкала бойынша белгілеңіз.
«Қарама-қайшылық интенциясы» техникасы
Қарама-қайшылық интенциясыбірдей уақытта екі түрлі сезімнің пайда болуы (оқиғанының болғанын қалау және қаламау).
Бұл техника қарама-қайшы оқиғалармен байланысты, мысалы, бір уақытта телефонның қоңырау шалғанын қалау және оның мүлдем шырылдамауын қалау мүмкін емес.
Интенция ерік пен зейіннің бағытын білдіреді. Бұл әдістің мәні үрейді қарама-қарсы көңіл-күймен қарсы алу. Ал үрейге қарсы сезім көтеріңкі көңіл-күй, әзіл.
Мысалы, экзамен уақытындағы үрей кезінде, «-Ох, бұл сезімді де сағындым-ау, көптен келген уақытта келді», «Экзамен алдында аяқ-қолымның дірілдемегеніне көп уақыт болған еді», «ОО! Бүгін менің бетім қызара бастады ғой!» деген сияқты әзілді сөздермен қарсы алу.
Қарама-қайшылық интенциясы жағымсыздықты күту қорқынышын бейтараптандырады.Қорқыныш белгілері жойылып, орнына өз-өзіне сенімділік күшейеді.