СӨЙЛЕМ
СОҢЫНА ҚАБАТТАСЫП ҚОЙЫЛАТЫН
ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІ
Тыныс белгілері кейде кабаттаса қолданылады. Атап айтқанда,
сұрау
және леп белгілері (?!),сұрау белгісі және көп нүкте (?..), леп белгісі және
көп нүкте (!..).
1.Адам бір мезгілде ерекше қуанады,
шаттанады, таңданады немесе екі
ұдай ойда болады. Мұндай күйді білдіретін сөйлемнен кейін сұрау және леп
белгісі қатар қойылады. Егер сұрақ сарыны басым болса, сұрау белгісі бұрыш
тұрады (!?).
Іліп тұр тауларға,
Дамылдап тірлік қалған ба?!
Селк етіп,секем алып қарадың-ау,
Қай таудың киігі едің, қарағым-ау?!
(М.Мақатаев.)
2.Ой аяқталмай, үзіліп қалған жағдайда оның бірінші бөлігі сұрау белгісі
мағыналы болса,
алдымен сұрау белгісі, одан кейін көп нүкте қатар
қойылады (?...).
-Ауа райын көрдің бе?..
Ауа райының қандай болатындығы жайлы нақты сұрақ емес, іште қалған
ой бар. Сондықтан көп нүкте қажет, сонымен қатар сұраулы мағынада
айтылып тұрғандықтан,
сұрау белгісі де қойылады
-Нұрлан дейсің бе?..Оған дейін не бітіресің?..Осындай жерді қалай
бүлдіріп, қалай қор қыларсың?..(З.Шашкин.)
3. Көңіл күйін білдіретін сөйлемдердегі ой аяқталмай, кілт үзілсе, тыныс
белгілері қатар қойылады (!..)
Несі бар, көмектес!...Ақылдасын мұның!..Қолменжаудырар ма едің
жауынды!..Жер!..Шіркін,Жер-Ананың қадірін кім біледі!..Қызыл
сөзге
салынба, балақай!..(З.Шашкин.)
4.Ойдан аяқталмай қалғандығын білдіретін сөйлемдерде үтір,тырнақша,
сызықша көп нүктеден кейін қойылады (.., ...” және ... - ).
Жырдың негізгі мазмұны соңғы кезеңде алғашқы ырымдық қасиетінен
ажырап, “Елгезек бол, ерінбе, Ілгері бас, шегінбе...” сияқты ақылгөй
тілектермен байланасты.
(К.Ісламжанұлы)
1-тапсырма.
Берілген мәтіннен тыныс белгілері қабаттаса
қолданылған сөйлемдерді көшіріп жазыңыз.
Әлі өтіп жатқан ауыр самолеттердің бауырларында балапандай тізіліп
бара жатқан бомбаларын да көргендей боламын. Осылардың ішінде
Шеген де
кетіп барады, ә? Ол ғой, менің танып қалғанымды сезген жоқ? ... Шеген аға,
бұл бес айда мен басымнан талайды өткіздім. Енді кездессек, ана жолғыдай
қысылмай-ақ шерте беретін әңгімелерім толып жатыр. Жолдас капитан,
солдатың көпті көрді, ондай-мұндай ұққаны да жоқ емес. Мүмкін, енді саған
жолдастыққа да жарап қалған шығар.
Кеудеме қыздырған темір кіріп бара жатқандай,
тек ақырын шайқалған
сайын бойлай түскендей сезіледі. Ойларым тез-тез үзіліп кетеді де, жаңа бір
ойлар киіп кетеді. Қанша уақыт бірге жүрген жолдастарыма ең керекті сөзім
айтылмағандай, әртүрлі ойлар анталап, араласып барады. Ие, ең айтар сөз
немене еді?... неғып ұмыта қалдым?... осы бір
болмашы шайқалыспен келе
жатқанда ойың да шайқала бергені ме?... Бұрын талай жүгіретін де едік,
сонда неғып түсіп қалмай жүрген?.... Қап, ұмытыла қалғанын көрдің бе?
(Ғ.Мүсірепов).