Р. С. Касымова Әлеуметтік педагогтың ЖҰмыс технологиясы оқу құралы Алматы, 2020



бет88/102
Дата03.11.2022
өлшемі3,67 Mb.
#47231
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   102
Сабақ барысы
Кіріспе бөлімі
«Археолог» жаттығуы
Ата-анамен бірге балаға археолог ойынын ойнау ұсынылады. Құмды қазып, құм астындағы қазынаны қазып табу керек.
Негізгі бөлім
Әлеуметтік маман:«Мына сиқырлы қорапта қызық ертегі тұрады (психологтың қолында әдемі қорап). Әр сөз әр қағазда жазылған. Әр сөзді кезекпен шығарып анасымен бірге ертегі ойлап табу керек, әрі құмда сол ертегіні құрастыру керек. (Мысалы ретінде «қоян». Ертегіні бастайық: «Ерте-ерте ертеде қоян болыпты», құмсалғышта қоян пайда болады. Келесі сөз «орман», Ертегіні жалғастырамыз: «Ол орманда өмір сүріпті» құмсалғышта орман саламыз)».
«Тілекті жорамалда» жаттығу.
Қорытынды бөлімі

  • Бүгінгі сабақта не ұнады?

  • Қандай орындау қиын болды?

Қорытындыда әлеуметтік маманқұмдағы суреттемені ретке келтіріп, ойыншықтарды орнына қойып, құмның бетін тегістеп, қолдарын жууды сұрайды.
Арт-сабақтар


«… бет пердені суреттейміз»
Мақсат – қатысушылардың өз шынайы-Менің, идеальді-Менің тану, өзіндік таным, өзінің күшті және әлсіз жақтарын қабылдау үрдістеріндегі тұлға үшін жағымды жағдайларды қалыптастыру, рефлексиялық дағдыларды дамыту, өзіндік бағаны көтеру.
І. Дайындық («Қыздыру»)
Визуализация тәсілі қолданылады:
Мақсат: бірлескен және жеке өмір сүру үшін жағдай жасау.
Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Ыңғайласа отырып, көзді жұму ұсынылады.
Әлеуметтік маман: «Көздеріңізді жұмыңыздар. Тамаша күн, көгілдір аспан, күн жып-жылы. Ауа таза және жағымды. Жеңіл және еркін тыныс алып жатырсыздар. Өздеріізңді еркін сезініп, әр тыныс алған сайын денелеріңізді бос ұстауға тырысыңыз. Ал, енді өзіңізді маскарадтамын деп елестетіңіз. Не сезіне алдыңыз, не көрдіңіз ? Ал енді өз денелеріңізге оралыңыздар да, ішкі тұстарыңыздан өздеріңізге назар аударыңыздар. Шын мәнінде сіз кімсіз ? Көңіл-күйлеріңізге назар аударыңыздар, не өзгерткіңіз келеді? Көздеріңізді ашпай тұрып, тағы да айналаңызға бір қарап шығыңыз. Өз орныңызға қайта оралыңыз және «үш»-ке дейін санағанда, көздеріңізді ашыңіздар».
Қатысушыларға көздерін ашқаннан кейін тапсырма түсіндіріледі.
ІІ. Жеке жұмыс.
Материалдар: А3форматтағы қағаз, акварель, қылқалам, түрлі-түсті борлар, қарындаштар, желім, түрлі-түсті қағаз, түсті жіптер, суреттері бар әртүрлі журналдар, түрлі-түсті жұқалтыр, қайшы.
Әлеуметтік маманәр қатысушыға өзінің бетпердесін жасауды ұсынады. Бетперде олардың "ішкі өмірінің" көрінісі, қожайыны туралы ақпараттың иесі болу керек. Персон бетпердесін (біз ұмтылатын мінсіз бейне) немесе Көлеңке бетпердесін (адамның жеке ықыласы, естелігі, тәжірибелері) құру ұсынылады. Персон және Көлеңке бетперделерінің қатысушыға қайсысы жақын екенін, қай бетпердені таңдап жасайтыны анықталады. Егер қатысушылардың бірі екі бетпердені де дайындағысы келсе, оған келісу керек.
Қатысушылар өз бетперделерімен жұмыс жасап жатқанда, келесі кезең дайындалады – бетпердені киіп көру. Ол үшін осы үрдіске тағы бір қатысушы – айна қажет. Әр адам айнаға барып қарағанда өзін көргендей сезімде болғаны маңызды.
Әр қатысушы біткеннен кейін кезекпен (кезекпен болуы маңызды емес, жұмыстың аяқталуына байланысты) бетпердені киіп, айнаға қарау керек. Әр қатысушы айнаның алдында қанша уақыт қажет болса, сонша уақыт тұра алады. Келесі қатысушы айна босаған жағдайда ғана барып отыра алады.
ІІІ. Кері байланыс кезеңі
Қатысушылар позитивті тәжірибе, сезімдер, эмоциялар туралы ойларымен бөліседі. Қандай бетпердені жасағандарын, неге дәл осы бетпердені таңдап орындағандары туралы айтып береді. Осы бет пердені киіп, айнаға қараған кезде қандай күйде болғандарымен де бөліседі. Шеңбер бойынша қатысушыларға серіктестерінің жағымды жақтары, бетпердесінің қасиеті туралы айтып беру ұсынылады.
ІV. Қорытынды кезең:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет