Тақырып: «Мен басқамын …» Қажетті материалдар: журналдар, газеттер, қайшы, фломастерлер, желім, қағаз, скотч, грим, бетперделер, музыкалық аспаптар, кассеталар, CD-дискілер және т.б.
Белгіленген уақыт аралығында жетекші қатысушыларға перформанс деген не және оның ерекщеліктері туралы айтып береді.
Перформанс (ағылшын.т. performance, елестету, орындау, әрекет, спектакль) – театр қойылымына жақын шығармашылықтың түрі немесе тақырыпты терең айқындауға бағытталған, аяқасты туындаған театрлық әрекет. Перформанстың бірнеше қатар ерекшеліктері бар:
• перформанста суретшінің өзі үстем болады, оның құрастырған шығармасы емес, оның өзі және негізгісі жұмысының нәтижесі (картина, скульптура және т.б.) емес, осы жұмыстың үдерісі шығармашылықтың объектісі болады;
• перформанс әрекеттердің және заттардың шынайылығын, сондай-ақ жұмыстағы спонтандылықты болжайды;
• перформанста таныс сценарий жоқ, жеке және топтық болуы мүмкін. Перформанстың өте маңызды ерекшелігі - перформанстың тақырыбы
алдын - ала беріледі.
ӨЗІН-ӨЗІ БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1.Әлеуметтік педагогика ұғымының қалыптасуы
2.Әлеуметтік педагогика нені зерттейді?
3.Әлеуметтік педагог шешетін мәселелерін атаңыз
4.Әлеуметтік педагогтың құқықтарын сипаттаңыз
5. Әлеуметтік педагогиканы щертеген отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерін атаңыз
6.Девиантты жүріс-тұрыс туралы не білесіз?
7.Кәмелетке толмаған балалардың қылмыс жасаған кездегі олармен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттерді түсіндіріңіз.
8. Әлеуметтік педагогтың «тәуекел тобындағы» балалармен жүргізетін жұмыс түрлерін сипаттаңыз
9.Әлеуметтік педагогтың әртүрлі санаттағы балалармен жұмысын түсіндіріңіз
10.Әлеуметтік педагог отбасымен қандай жұмыс түрлерін жүргізеді?
11.Әлеуметтік педагогтың балалар үйіндегітәрбиеленушілермен жұмысын дәйектеңіз
12.Әлеуметтік педагогтың ұйымдастырушылық қызметіне сызба даярлаңыз
13.Әлеуметтік педагогтың жұмысындағы құжаттарға кесте түзіңіз
14. Әлеуметтік педагогтың моделін құрастырыңыз
15. Әлеуметтік фобия жастарға тән індетпе қалай түсінесіз?
16.Үрей мен фобияның айырмашылығын сипаттап беріңіз
17.«Неліктен мен әлеуметтік педагог мамандығын таңдадым» тақырыбында шығармашылық жұмыс орындаңыз
18.Әлеуметтік педагогтың мақсаты қандай дәлелдеңіз.
19.Әлеуметтік педагогтың түзету және оңалту жұмыстарына қысқаша жанрлық суреттеме жасаңыз
20.Әлеуметтік педагогиканың мәселелеріне жағдаят құрастырыңыз
21. «Біреуге жамандық тілегенше, өзіңе амандық тіле» сөзінің мағынасын түсіндіріңіз
22. «Құтты қонақ келсе ....» сөйлемді аяқтаңыз
23. «Әке – жанұяның тірегі, ....» сөйлемді аяқтаңыз
24. «Істеген жақсылығың біреуден болмаса, біреудан қайтар» деген халық даналығының мағынасын түсіндіріңіз
25.Мінезі тұрақсыз адамдармен қарым-қатынасты қалай құрасыз?
26.Әлеуметтік көмекті тең дәрежеде қалай бөлер едіңіз?
27.Әлеуметтік мәселелердің қазіргі таңда шешілуіне көңіліңіз тола ма?
28.Қиын жағдайларда қалған балаларға көмектің қай түрін бере аласыз?
29.Балалар үйінде тәрбиеленушілерге мемлекет тарапынан жәрдем қандай болу керек деп ойлайсыз?
30. «Сіз әлеуметтік қамқорлық және көмек беру жұмысының басшысы болсаңыз» тақырыпта шағын эссе жазыңыз