Р. С. Оразбаева



бет3/48
Дата02.10.2023
өлшемі34,17 Mb.
#112711
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР





  1. Орбиталды космостық станция жағдайында өсімдіктерді өсіргенде шектеуші болатын экологиялық факторларды атаңыз.




  1. Минералды тыңайтқыштардың бірдей дозасын енгізуде бидайдың өнімділігіне көп қосымша үстемені қай жерден алуды сіз жоспарлайсыз: а) құнарсыз топырақтан ба немесе б) құнарлы бай топырақтан ба? Бұл құбылысты экологияның қандай заңымен түсіндіруге болады?




  1. Ұзақ тіршілік еткен стенооксибаттар қайда қалыптасады: а) оттегіге бай су қоймаларында ма;

б) судағы оттегінің мөлшері төмен су қоймасы ма;
в) судағы оттегі мөлшері анағұрлым ауытқуы байқалатын су қоймаларында ма?

  1. Эврибионттар қандай жағдайда қалыптасады: экстремалды немесе қолайлы жағдайда ма? Стенобионттар қандай жағдайда қалыптасады?




  1. Маржан полиптерін сіз қандай эври- немесе стенобионтты топқа жатқызар едіңіз?




  1. Неміс агрохимигі Ю. Либих 1840 ж. ағзалардың төзімділігі оның экологиялық қажеттіліктерінің тізбегіндегі ең әлсіз звеносымен анықталатынын тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Мысалдар келтіріңіз және 1 суреттегі бөшке мысалында Либих ережесін түсіндіріңіз.




  1. Сурет. Суы бар бөшке




  1. Климатты жағдайларының ауысуы деңгейі жоғары немесе бұл коэффициент шамалы ғана өзгеретін қандай экожүйелерде стенобионттар көп мөлшерде кездеседі? Мысал келтіріңіздер.




  1. Қандай факторлар ең үлкен шөл Сахараның пайда болуына әсер еткен?




  1. Орманның қандай факторлары орманда тұяқтылардың таралуына шектеуші әсер етеді?




  1. Түсіңдіріңіз, неліктен солтүстік бұғысы миграция жасайды?

  2. Құрылықтың тірі организмдерінің негізгі массасы оттегімен тыныс алады. Оның ауадағы мөлшері – 21%. Су тіршілік ортасындағы жануарлар да оттегімен тыныс алады. Суда оттегі қалай пайда болады? Су тіршілік ортасындағы оттегі мөлшерінің өте аз болуы немен байланысты?

А Б Г


  1. Сурет. Бергман ережесінің сақталу мысалы: А-Император пингвині, Б-Магеллан пингвині, Г-Галлопогос пингвині




  1. Бергман ережесін басшылыққа ала отырып, 2 - суретте келтірілген пингвиндердің қай түрі анағұрлым салқын аудандарда тіршілік етуге бейімделген?




  1. Неліктен жыртқыш құстар (мысалы, қаршыға) әртүрлі қоректі (мысалы, боз қарға, қара қарға) құстарымен салыстырғанда, пестицидтермен ластанған ортаға өте сезімтал келеді?




  1. Көптеген организмдер алуан түрлі ортаның факторларына қатысты әртүрлі толеранттылық көрсетеді. Олардың экологиялық қуысын сипаттау үшін арнаулы терминология қолданылады. Мысалы, актиния Calliactis sp. политермді, эврифотты және олигобатты организм болып табылады, ал желбезек аяқты артемия шаяны (Artemia salina)-эвритермді, полигалинді, стенофагты, ал өзен бақасы (Rana ridibunda)- полигидридті, олигофотты және эврибатты организмдер. Олардың тіршілік жағдайларының экологиляқ терминологиясын пайдалана отырып, жоғарыда келтірілген организмдерді сипаттаңыз.




  1. Көптеген үкілердің түрлері миграция жасайды. Қандай жағдайда олар ұя салып, сол жерлерде ұзақ уақытқа қалады?




  1. Солтүстік жағдайларында тіршілік ететін пингвиндер және шөлде тіршілік ететін организмдер бір-бірімен тығыз топқа бірігіп өмір сүреді. Тіршіліктің қандай жағдайларында бұл жүзеге асады?




  1. Дұрыс жауаптарды кесте құрып келтіріңіз. Ормандарда қалпақты саңырауқұлақтардың дамуын қандай факторлар қамтамасыз етеді, ал төмендегі факторлардың қайсысы олардың санының азаюына әкеп соқтырады: толығымен қорықтандыру, малды белсенді жаю, адамның жаппай жүруі, саңырауқұлақтар мен жеміс-жидектерді жинау, жабайы тұяқтылардың

жайылуы, орман ағаштарын әр мезгіл сайын санитарлық мақсатта кесу, орманда адамның қыстық демалысы?



  1. Құндыздың тіршілігіне қандай факторлар күшті әсер етеді: балық аулау, тормен балық аулау, өзен жағалауында малды жаю, бұталар мен ағаштарды кесу, фермалардың ағынымен өзеннің ластануы, өзен жағасындағы адамдардың демалысы, пішендерді шабу?




  1. Бүкіл экологиялық факторлардың 3 үлкен топқа бөлінетіні мәлім: а) абиотикалық, б) биотикалық, в) антропогендік. Төменде организмдерге қажетті немесе оларға қолайсыз әсер ететін экологиялық факторлар тізімі берілген. Әріппен белгіленген әрбір топқа санмен белгіленген экологиялық топтарды сәйкестендіріп, таңдаңыз. Жауап әріптен және саннан тұруы қажет.

  1. атмосфераның химиялық құрамы

  2. ылғалдылық

  3. топырақ құрамына бактерияның әсері

  4. соқамен топырақты жырту

  5. зиянды өсімдіктер мен жануарларды адамдардың жоюы

  6. температура

  7. жел

  8. теңіз және тұщы судың химиялық құрамы

  9. өсімдіктермен қоректенетін фитофагтар- жануарлар

  10. бунақденелілермен өсімдіктердің тозаңдануы

  11. жасанды агроценозды құру

  12. барометрикалық қысым

  13. топырақтың химиялық құрамы

  14. жануарларды үйсіндіру

  15. радиациялық режим

  16. мәдени өсімдіктерді өсіру




  1. Көптеген қалалар жер асты су көздерін пайдаланып, ауыз суымен қамтамасыз етіледі. Жер асты сулары көп мөлшерде тұзды болып келеді. Құбырларда ерте ме, кеш пе олардың қуысын тарылтатын тұздардың қалың

қабаты түзіледі. Мұндай құбырларды және сантехникалық бұйымдарды тұздардан қалай тазартуға болады?



  1. Аллен ережесін басшылыққа ала отырып, суретте келтірілген түлкілердің қай түрі климаты салқын белдеулерде тіршілік етеді?


  1. сурет. Поляр түлкісі, 2- кәдімгі түлкі, 3-фенек

  1. Төмендегі проблеманы қарастырыңыз. Жазда көптеген су қоймаларында ауру тудырушы бактериялардың көптігіне байланысты суға түсуге болмайды. Бұндай су қоймаларын дезинфекциялайтын заттармен өңдеу өте қымбат. Не істеу керек?




  1. Біздің планетамыздың әрбір тұрғынына келетін автомобильдер саны жыл сайын өсуде. Ескі автомобильдер үлкен қоқысты территорияларды алуда. Бірақ индустриялды дамыған елдерде пластиктер, металлдар, резиналар қайтадан қолданысын табуда. Ескі автомобиль баллондарының қайтадан қолданыс табатын жолдарын көрсетіңіз.




  1. Әлемнің көптеген елдерінде пестицидтің бір түрі - ДДТ-ны пайдалауға тыйым салынған. Ересек адамдарға бұл тыйым ұнамайды, өйткені олар кенелермен күресте оң нәтиже беретінін көрген, ал қазір жоқ және кенелердің зиянды шағу қауіптілігі жыл сайын артуда. Осы туындаған жағдайдан шығу жолы бар ма? Жоғарыда келтірілген мәліметтер негізінде проблеманы тұжырымдаңыздар және оны шешудің жолдарын ұсыныңыз.




  1. Үлкен және кіші қалаларда қаңғыбас жануарлардың (мысықтар, иттер,) проблемасы жыл сайын артуда. Қоқыс орындарында қоректік қалдықтардың көп мөлшеріне байланысты үйсіз жануарлар қожайынның көмегінсіз де жеңіл түрде тіршілік етеді. Мұндай жануарлардың инфекциялық ауруларды тарату тәуекелділігі бар, сонымен қатар балаларға шабуыл жасау қауіптілігі, қала тұрғандарының ұйқысын бұзу және т.б. мәселелерді тудырады. Осы проблеманы шешу үшін заңды негізделген қандай шараларды қолдануға болады?




  1. Факторлардың әсер ету сипаты бойынша тура және жанама болып бөлінеді. Суретте факторлардың жанама әсерінің мысалы келтірілген. Факторлардың жанама әсер етуін суреттегі организмдер қатысуымен түсіндіріңіз.





  1. сурет. Факторлардың жанама әсерінің мысалы

  1. Тұтынушыға тауарды жеткізу үшін кәзіргі кезде орасан зор қаптаушы материалдар қолданылады, экологтардың мәліметтері бойынша соңғы отыз жылда бұл көрсеткіш үш есе артқан. Пайдаланылған жәшіктер, консервілер, құтылар, картондарды қайда жібереміз? Қоршаған ортаға зиянын келтірмейтіндей күйге келтіріп, қаптаушы материалдарды жою, жинау және сақтау әдістерін ұсыныңыз.




  1. 1 Петр кезінде балықтардың уылдырық шашу мерзімінде қоңырау қағуға тыйым салынған. Осындай үкім шығаруда нені басшылыққа алды?




  1. Жалпы массасы жөнінен топырақ микроорганизмдері біздің планетамыздың бүкіл микроорганизмдерінің үлкен, көп бөлігін құрайды. 1 г қара топырақта 8-10т/г (дәлірек, 1-7 т бактериялар, 100-1000 кг микросаңырауқұлақтар, 10-300 кг балдырлар, 5-10 кг қарапайымдылар, 1000 кг дейін бунақаяқтылар және 350-1000 кг жауын құрттары). Бұлардың

массасының орташа екі еселену уақыты шамамен 20-120 минут. Топырақ микроағзаларының орташа өмір сүру уақытын бағалаңыз, олардың топырақ түзу, жақсарту процестеріндегі ролін сипаттаңыз және сәйкес реакциялар теңдеулерін жазыңыз.



  1. Кезекті жемтігін жеп болғаннан кейін крокодилдер ірі мөлдір көз жасымен "жылай" алады. Осыдан "крокодилді жасы "деген сөз тіркеуі шыққан. Кроколдил көз жасының пайда болу себебі неде?




  1. сурет. Крокодил




  1. Шыбын иісімен ылғалданған фильтр қағазының кесек түйіріне жүгіріп келген өрмекші өрмегімен оны орап, оған өрмек сөлін шашатын өрмекшінің іс әрекетін қалай түсіндіруге болады?




  1. Орта факторларының өзгеруі мерзімдік және мерзімдікті емес болып бөлінеді. Мерзімді факторлар белгілі бір уақыт аралығында үнемі қайталанады. Мысалы, жыл немесе сөтке бойына ауа температурасының және жарығының өзгеруі. Мерзімдікті емес орта факторларының өзгеруіне мысалдар келтіріңіз.

  2. Әрбір құстың ұшу биіктігінің өз деңгейі бар. Ұсақ құстар төмен ұшса, қарлығаш, сұр қарлығаш, ұзын қанатты сияқтылар жоғары биіктерге көтеріледі. Неге?




  1. Қоңыржай белдеулерде қосмекенділердің бірнеше ондаған түрлері, ал тропикалық ормандарға шамамен 1500 түрлер тіршілік етеді. Бұндай алшақтық болу себебі неде?




  1. Бұғылар арқаларынан жүндерін қарғаларға алуға мүмкіндік береді. Неге? Себебін түсіндіріңіздер.




  1. Бұғылар еменнің шыбықтарын өте күшті зақымдайтыны белгілі. Бұғылардың тіршілігі қандай жағдайларда еменді орманның қалпына келуіне жағдай жасайды?




  1. Кейбір насекомдар өзінің ареалының алуан түрлі бөліктерінде әртүрлі қоректермен тамақтанатыны белгілі. Мысалы, жер бүргесі Батыс Еуропада

өсімдіктердің бір түрімен қоректенсе, ал шығыс Еуропада – олар басқалармен қоректенеді. Бұл құбылысты түсіндіруге тырысыңыз.



  1. Құндыздар тіршілік ететін өзендерде құндыздары жоқ суға қарағанда балықтар көп кездеседі. Себебін түсіндіріңіздер.




  1. Ірі қара малдар мен қойларды жаю сарышұнақтың санына қалайша әсер етеді?




  1. сурет. Сарышұнақ



40 Шырша мен ақ қайың, бұғылар популяциясы ұлғая бастаса болды, қарағайды ығыстыра бастайды. Бұл құбылысты түсіндіріңіз.



  1. Батпақты суда өсімдіктердің, жануарлардың өлекселерінің ыдырау процесі баяуырақ жүреді. Бұл құбылыстың себебін түсіндіріңіздер.




  1. Түйетікеннің сабақтары мен жапырақтарындағы тікенектер малдардың ондай өсімдіктерді жеуіне кедергі келтіреді. Мысалы, жайылымдарда Қазақстанның оңтүстік аймақтарында жайылымдарда сиырлар өте сирек жағдайда ғана түйетікенді жейді. Қандай жағдайда сиырлар өсімдіктердің осындай түрімен ғана қоректенеді? Неге?




  1. Неліктен қасқырлар жазда сібір ешкісіне тиіспейді, ал қыста оны белсенді түрде іздейді.

  2. Дұрыс жауапты таңдаңыздар. Қандай факторлар орманды жерлерде саңырауқұлақтардың азаюына соқтырады, ал қандайлары олардың қолайлы дамуын қамтамасыз етеді?

А) толық қорықтандыру;
В) саңырауқұлақтар мен жидектерді жаппай жинау; Г) тұяқтыларды жаю;
Д) мезгіл сайын орманды санитарлы тазарту; Е) орманда адамдардың қысқы демалысы.



  1. Қандай жағдайда су қоймаларында көк-жасыл балдырлар шектен тыс көбейіп кетеді? Бұл құбылыс қандай экологиялық салдарға соқтырады?




  1. Неліктен қыналар атмосфералық ауаның ластануына сезімтал?




  1. Акклиматизацияланған түрдің акклиматизацияның бірінші жылында санының күрт ұлғаюын сіз қалай түсіндіресіз және кейінгі жылдары оның санының күрт төмендеу себебі неде?




  1. Информациялық экологиялық факторлардың 3 мысалын келтіріңіз.




  1. Бақшадағы «қарақшыны» экологиялық факторлардың қай категориясына жатқызуға болады?




  1. Эври- және стено- жұрнақтарын, сол сияқты фил және фоб жалғауларын пайдалана отырып, температура мен қорекке өзіңіздің қатынасыңызды сипаттаңыз.




  1. Құрылық пен әлемдік мұхиттағы үш негізгі шектеуші абиотикалық факторларды атаңыз.




  1. Кез келген ағзаға экологиялық факторлар әсер етеді. Төменде өзен алабұғасының популяциясына әсер ететін факторлар көрсетілген. Дәптерлеріңізге абиотикалық, биотикалық және антропогендік факторларды көрсететін әріптерді жазыңыз.

А. көктемде өзен ағысының жылдамдығының артуы Б. басқа балық түрлерінің сандарының артуы
В. судың көтерілуі кезінде су мөлдірлілігінің артуы Г. қыста су температурасының төмендеуі
Д. суқоймаларда тұщы судың ластануы
Е. алабұға уылдырығымен қоректенетін жыртқыштардың сандарының артуы.
Берілген факторлардың қайсысы алабұға сандарының өсуіне немесе азаюына әсер етеді?

  1. Күннің жарығының судың бірдей емес тереңдігіне сіңірілетіні белгілі. Мысалы, 1 м. тереңдікке шамамен күн сәулесінің жартысы енеді, 10 м. тереңдікке не бары бестен бір бөлігі, ал 100 м – ге тек қана жүзден бір бөлігі енеді. Осы жағдайларды ескере отырып, су қоймаларда қандай тереңдікте өсімдіктер өсетінін және неге бұлай болатынын түсіндіріңіз.




  1. Күн астындағы орынға бәсекелестікте өсімдіктер әлемі жануарлардан кем түспейді. Тропикалық ормандардағы жас ағаштар күн сәулесі түспейінше тыныштық күйде тұра береді. Осының арқасында оның өсуі қарқындап жарыққа шығып, бөрік басын құрауы үдейді. Қалай ойлайсыздар, бұл құбылыс тек қана тропикалық ормандарға ғана тән бе, жоқ әлде басқа да ормандардан да кездестіруге болады ма?




  1. Қалың орманда өскен ағаштың бөрік басы діңгектің жоғарғы бөлігін ғана алады, ал ашық жерде өсетін ағаштарда барлық бөлігін алады. Бұл неліктен?




  1. Тамақты маңызды экологиялық фактор деп есептейді. Адамның, өсімдіктің, жануардың тамақтарын қандай топқа жатқызуға болады? Неге тамақ экологиялық факторларға жатады?




  1. Жылықанды және суыққанды жануарлардың төменгі температураға бейімделушіліктері қандай факторға байланысты?




  1. Өсімдік қорегінің жануарлардың қорегінен айырмашылықтары бар. Таразы бірлігі бойынша ірі немесе ұсақ ағзалардың қайсысына көп мөлшерде қорек қажет? Жылықандыларға ма немесе суыққанды жануарларға ма? Жауапты дәлелдеңіз.




  1. 1– кестені толтырыңыздар.

Абиотикалық факторларға өсімдіктердің бейімделу түрлері
1- кесте



Абиотикалық факторлар

Оларға бейімделушілік түрлері

Жарық жетіспеушілігі




Ылғал жетіспеушілігі




Қыстағы төменгі температура







  1. Адам тіршілігінде судың экологиялық фактор ретіндегі рөлін көрсетіңіз.




  1. Ауыз судың минералдануының гигиеналық нормасы қандай?

  2. Адам денсаулығына аз минералданған суды ауыз су ретінде пайдаланудың теріс әсері қалай байқалады?




  1. Сіздердің алдарыңызда екі фактордың: алма жемісжегісі қуыршағының өлімінің ылғалдылық пен температураға байланыстылығы берілген (5-сурет).

1). Нүктеде координаттармен қандай фактордың шектеуші болатынын анықтаңыз:
а) ылғалдылық – 18 %; температура – 30 оС б) ылғалдылық – 75 %; температура – 2 оС в ылғалдылық – 70 %; температура – 37 оС 2). Түр үшін оптималдық диапазонды көрсетіңіз:
Температура бойынша Ылғалдылық бойынша 3). Түрдің шыдымдылық шектерін көрсетіңіз:
Температура бойынша Ылғалдылық бойынша




  1. сурет. Алма жемісжегісі қуыршағының өлімінің ылғалдылық пен температураға байланыстылығы




  1. Адам іс – әрекеті үшін балдырлардың қандай кері әсері бар? Бұл немен байланысты?




  1. Жер үсті экожүйенің басты факторы – жарық, су экожүйелері үшін де тежеуші фактор бола ала ма?




  1. Тамыз айында қылқан жапырақты орманда көптеген ескі қылқандар сақталады, ал жапырақты ормандарда былтырғы жапырақтар болмайды. Бұл құбылыстың себебі неде?





  1. Сурет. Жайын

  1. Жайын балық өте терең емес жерде, күн сәулесі жақсы түсетін суда тіршілік етуді қалайды. Осы жерде тіршілік ететін балықтарды жайын сияқты жыртқыштардың көп болуы неге үркітпейді?




  1. Жарғанаттарға жарық әсер етпейді, кейде жарық жерлерде, ашық верандаларда, адам жүрген және жарық жанып тұрған жерлерде ұшып жүреді. Осы жануардың іс – әрекетінің себебін түсіндіріңіз




  1. Жер үсті өсімдіктері фотосинтез нәтижесінде жылына 2х1010 көміртегін, ал су өсімдіктері 16х1010 көміртегін сіңіреді. Қандай өсімдіктерге фотосинтез қарқынды жүреді және неше есе?




  1. Өте төмен температура жағдайында организмдер клеткалары неліктен тіршілігін жояды?




  1. Суыққандылармен (пойкилотермиялы) салыстырғанда жылықандыларда қандай кемшіліктер бар?




  1. Дене температурасы 390С жылылықта болатын кесірткені жылықанды жануар деп атауға бола ма? Болса неліктен?




  1. 700С болатын ыстық бұлақтарда тіршілік етуге бейімделген бактериялары бар осы ортаның температурасын бірнеше 0С көтерсек, бұл бактерияларды жылықанды организмдерге жатқызуға бола ма?




  1. Неліктен сүтқоректілер мен құстар жоғары температураға қарағанда, төменгі орта температурасына оңай бейімделеді?




  1. Неліктен ареалдың суық жақтарында жылы аймақтармен салыстырғанда қоңыр түспен боялған бауырымен жорғалаушылар жиі кездеседі. Мысалы, полярлы шеңберде тіршілік ететін улы сұр жылан көбіне қара түсті, ал оңтүстіктегісі - ашық түсті болып келеді?

  1. Түйелерді жаздық қырқудан кейін, олардың суды буландыруы 50% артқан. Бұл неліктен? Жануарларды жылдың қай айында қырқуды дұрыс деп ойлайсыз?



78. Ксерофит, суккулент (кактус, алоэ); гидрофит (элодея); гигрофит (папоротник) өсімдіктерін бір – бірімен салыстырып, сыртқы құрылысының ерекшеліктерін анықтаңыздар. Олардың қай орта жағдайын сипаттағанын және сол ортаға байланысты ішкі құрылыстарында ерекшеліктері болатындығын ботаника курсынан еске түсіріп, талдаңыздар.


77. Көкнәр мен жауқазын – ылғал сүйгіш өсімдіктер. Неліктен олар ыстық шөлді аймақтарда өсе алады?




  1. сурет. Көкнәрлар мен мен жауқазындар




  1. Медициналық аспаптарды жоғары қысымда автоклавта қыздырмай-ақ не қайнатпай-ақ, стерильдеуді неліктен мұздатып, үсіту жолымен жүзеге асырмайды?




  1. Жанама әсер ететін экологиялық факторларға мысал келтіріңіз.




  1. Линолеумды- экологиялық фактор ретінде сипаттаңыз.




  1. Кестенің өзіне сәйкес қатарында өсімдіктердің, жануарлардың және саңырауқұлақтардың өздерінің тіршілігіне қандай табиғи қорларды пайдаланатынын көрсетіңіз.

- кесте



Ортаның табиғи қорлары

Өсімдіктер

Жануарла
р

Саңырауқұлақтар

Мекен орны










Өсімдік тағамы










Минералды заттар










Жануар тағамы










Органикалық қалдықтар










Күн сәулесі










Жылу










Су










Температура










Көмірқышқыл газы










Оттегі










Топырақ гумусы










Биогенді элементтер










  1. Тұқымы тез таралатын үлкен шыршасы бар 10 м² жерге жас шыршалардың 700-900 саны орналасады. 20 жылдан соң бұл шыршалардың 2-3 данасы ғана қалады. Неліктен бұл шыршалардың басым бөлігі тіршілігін жояды? Осы құбылыстың биологиялық мәнін түсіндіріңіз.




  1. Бөлме ұрғашы шыбыны 1 рет шамамен

120 жұмыртқа салады, оның жартысы ұрғашы. Шыбын жазда шамамен 7 ұрпақ береді. Егер барлық туылған шыбындар өмір сүрсе, жаз аяғында 1 ұрғашы шыбыннан 5598720000000 особь таралады. Әрбір шыбынның салмағын 0,1г деп алып, осы шыбындарды тасымалдау үшін қанша теміржол вагондары керек екенін есептеңіз. 1 вагон шамамен 55т. жүк тасымалдай алады. Шыбындарды пайдаланудың бірнеше әдісін және олардың шаруашылық мақсатта тез көбеюінің әдістерін ұсыныңыз.



  1. сурет. Үй шыбыны




  1. Гендия табиғатында емен жібек құртының жаппай көбеюі бір кезде орын алған, сосын бұл бунақденелілердің саны күрт азайған. Неге?




  1. Жазда жаңбырлы күндерде және тұманда ағаштардың қалың бөрік басында солтүстік жағында діңгек негізінде жасыл өңез пайда болады. Бұл құбылыс немен байланысты? Ағаштың оңтүстік жағында неліктен жасыл өңез болмайды?




  1. Тірі клеткалар үшін «ыстық» немесе «суықтың » қайсысы қауіптірек?




  1. Неліктен Өлі теңізде (Израиль) балық жоқ? Ортаның қышқылдығы тірі организмдердің тіршілігінде қандай рөл атқарады?

  2. Картоптың және түйнектің жер асты мүшелері жарықтың әсерінен көгереді. Ал нарғызгүлдің осындай мүшелері көгермейді, неліктен?




  1. Маусымның ортасы мен шілденің аяғында таяз суқоймалардың түсі жасылдау және лайлы болады. Бұл немен байланысты К.А.Тимирязев күн сәулесі туралы: Ол белгілі-бір түрде, формада бізге қорек болатын нан құрамына енді. – деген сөйлемнің мағынасын түсіндіріңіз. Қалайша абиотикалық фактор – күн энергиясы – биотикалық факторлармен байланысты?




  1. Б.Паскальдің “Нағыз ізденуші-ғалым ең алдымен жаңа нысаналарды ашпайды, олардың арасындағы жаңа байланыстарды іздейді” деген сөзін басшылыққа ала отырып, әртүрлі абиотикалық факторлар арасындағы қарым- қатынасты түсіндіріңіз.




  1. Жауқазын өсімдігінен термонастия құбылысын бақылаңыздар. Оны суық жерге қойып және кейін жылы жерге әкеліп, көріңіздер. Қандай өзгеріс болғанын байқап, себебін түсіндіріңіз.




  1. Топырақта органикалық қалдықтардың ыдырауының әртүрлі кезеңдерде әуелі төсеніш, сосын гумус түзіледі. Гумус құрамында аниондар түріндегі карбоксильді және фенолды топтар болады. Неліктен гумус топырақ құрылымын және оның аэрациясын жақсартатынын түсіндіріңіз?




  1. Сізге жылудың қандай негізгі көздері белгілі? Неліктен тірі организмдер критикалық төмен температурада, сол сияқты жоғары температурада зақымдалады? Сулы ортада неліктен температуралық режим құрылықпен салыстырғанда тұрақтылау?




  1. Орбиталды космостың станция жағдайында өсімдіктерді өсіруде лимиттеуші болатын экологиялық факторларды атаңыз.




  1. Минералды тыңайтқыштардың бірдей дозасын енгізгенде бидай өнімділігі қандай топырақтардан көп қосымша өнім алуды күтуге болады: а)

«кедей» топырақтардан немесе б) «бай» топырақтардан ба? Бұл жағдайды қандай заңмен түсіндіруге болады?



  1. Гомойотермді немесе пойкилотермді түрлердің қайсысы қорек энергиясын үнемдеп жұмсайды?



98 Түнде ауа температурасы 150 болса, шамамен, организмдердің ішкі температурасы қандай болады: а) жарқанаттарда, б) құмырсқа жегіштерде, в) крокодилдерде, д) жыландарда, е) бұлбұлда, д) колибриде, ж) ақ қайың мен балдырларда?

  1. Қыстық саяхатта металды білезіктерді тағуға қатаң түрде тыйым салынады. Металды білезіктің «келеңсіз» қасиетін атаңыз.




  1. Пілдің құлағы және иттің тілі сияқты мүшелер атқаратын функциялар типін атаңыз.




  1. Аң терісі (мех) термоизоляциялық қасиеттері бойынша май қабатына қарағанда тиімдірек. Неге ірі сібір тюлендерде қалың мехы болмайды, бірақ өте қалың май терісі бар, ал олардың балаларында- бәрі керісінше?




  1. Күздің соңғы күндері. Врангель аралы. Кеме келуге дейін әлі үш күн бар. Он градус аяз. Палатка, қалың жылы жатын орын және бір жәшік шоколад

«Эскимо», одан басқа еш нәрсе жоқ. Туристердің қарны аш. Балмұздақты жеу керек пе? Әлде жемеу керек пе? Желінген балмұздақты еріту үшін біз соңғы жылуымызды жұмсамаймыз ба? Немесе шыдау керек пе?
Есептеу шарты:
Майлар-20г; белоктар-5г.



  1. Дұрыс жауапты таңдаңыз. Құрғақ далада өсетін қызғалдақтар экологиялық қандай топқа жатады: а) мезофиттерге; б) гигрофиттерге; в) ксерофиттерге; г) гидрофиттерге ме?




  1. Жоңыршқаның ылғалдылығын есептеу қажет. Жоңыршқа өсімдіктерінің кесілген сынамасының массасы (бірден өлшенген) 40г. Кептірілгеннен кейін (кептіру шкафында 24 сағат бойы 1050С температура жағдайында) бұл сынаманың массасы 8г ғана болған.




  1. Адам қанының және Дүниежүзілік мұхиттың суының элементарлы құрамын (3-кесте) салыстырыңыз. Таңдаларлықтай бұл ұқсастықты түсіндіретін болжам ұсыныңыз.

Адам қаны мен Дүниежүзілік мұхиттың суының элементарлы құрамы. (Г.А. Быдановский, 1994) 3- Кесте




Құрамдары

Еріген тұздардың жалпы жиынтығының %,
мөлшері

Қандағы

Мұхит суындағы

Хлор

49,3

55,0

Натрий

30,0

30,6

Оттегі

9,9

5,7

Калий

1,8

1,1

кальций

0,8

1,2

  1. Жауын мөлшері 10мм мөлшердегі саяжай үйінің 5-6 метрлік биіктіктегі төбесінен ағатын жаңбыр суын түгел жинап, оның бәрін сыйғызатын ыдыстың көлемі қандай болуы керек?




  1. Қандай экологиялық факторлар үйдің бағасына әсер ете алады?




  1. Үйдің жақсы герметизациясы жылуды сақтауды қамтамасыз етеді, бірақ пәтерлердегі қандай фактордың әсерлері экологиялық жағдайдың нашарлауына әкеледі?




  1. Үй асты төлесі бар(подвал) үйдің бе, әлде төлесі жоқ үйдің бе, қайсысында радиоактивтілік төмен? Бір қабатты кірпішті немесе бірқабатты ағашты үйдің қайсысында радиоактивтілік төмен?




  1. 4-кестені толтырыңыз.

4-кесте


Экологиялық факторлардың негізгі топтары

Мысалдар
















  1. Өзара байланысты факторларға мысал келтіріңіз.

  2. Өзіңіз өмір сүретін жерде экологиялық фактордың әрекетінің шектелген түріне мысал келтіріңіз.




  1. Қандай факторлардың бірігуі судың айналымын қамтамасыз етеді? Дұрыс нұсқаны көрсетіңіз.

  1. температура, жел, тау жыныстары, желденуі;

  2. температура, жел, гравитация;

  3. температура, жауын-шашын, желдену процестері;

  4. жел, су эрозиясы, жауын-шашын.




  1. Тамақ – экологиялық фактор екені белгілі. Төмендегі химиялық теңдеулер биосфералық маңызы зор қандай процесті сипаттайды?

CO2+2H2A→hv (CH2О)+2A+H2O CO2+H2O→ (CH2O)+O2





  1. Жасыл және қызыл күкіртті бактерияларда көміртектің диоксидінің тотықсыздануы қандай сызбанұсқа бойынша жүзеге асады? Химиялық реакцияны жазыңыз.




  1. Неліктен экологтар қала бағында кішкене тоғай участігін қалдыруды ұсынады?

  2. Биологиялық алуантүрлілікті сақтау мақсатында қорықшаларда экологтар орман массивінде орманның жанындағы пішенді жайылымдарды сақтауды ұсынады. Неге?




  1. Қандай экологиялық факторлар географиялық таралуды қамтамасыз етеді? Яғни ареалдардың мөлшеріне, күйіне қалай әср етеді? Неліктен Шығыс Еуропаның солтүстіктегі шегіртке маусым айының изотермасынан +200С әрі қарай таралмайды? Неліктен Скандинавияда бұғылар Сібірмен салыстырғанда 100-ке жылжыған?




  1. Ортаның әртүрлі факторына байланысты көптеген организмдер әртүрлі толеранттылық шегіне ие. Экологиялық қуысты сипаттау үшін арнайы терминология қолданылады. Мысалы, актиния Calliactis sp. политермді, эврифотты және олигабатты организм, ал артемия (Artemia salina) – эвритермді, полигалинді, стенофагті. Су құрбақасы – полигидритті, олигофотты және эврибатты организм. Экологиялық терминдерді пайдаланып, осы организмдердің тіршілік ортасына байланысты ерекшіліктерін сипаттаңыздар.




  1. Графикте көбелектің (Dendrolimus pini) (% тірі қалғаны) өлімінің салыстырмалы ауа ылғалдығы (көлденең бойынша) мен температурасына (тігінен) тәуелділігі көрсетілген. Белгіленген шартты тепе–теңдікте температура және ауаның салыстырмалы ылғалдылығынан тірі қалған дарақтардың үлесінің тәуелді графиктерін құрастырыңыз. Бұл жағдайдағы түрдің толеранттылық шегін көрсетіңіз. Ылғалдың және температураның қай көлемінде түрдің оптимум және пессимумы бақыланды? Осы факторлардың ішінде организмдердің таралуына көбірек шектеуші болатын қайсысы және неге?




  1. сурет. Көбелектің ауаның салыстырмалы ылғалдылығы және температурасына байланысты өлімі.




  1. Лича ұлуының ересек түрлеріне мыс ионының 0,004 мг/л төмен концентрациясының әсер етпейтіні анықталды. Концентрацияны 0,06 мг/ л-ге

дейін көтергенде, организмдер өлімі 10 % тең болған. Одан әрі концентрацияны 0,1 мг/л және 2,5 мг/л көтеру өлімнің 48% және 96 % жағдайына әкеледі, ал жоғары концентрациясы 3,5 мг/л 100% өлімге соқтырады. 1,5 мг/л мыс ионының мөлшері ұлу организіміне қалай әсер етеді?



  1. Тірі организдерге әсер ететін экологиялық факторларды сипаттайтын графикалық суреттеудің бірнеше әдістері бар. 12 суретте бүйірлеп жүзгіштің үш түрінің дараларының көлдің тұзды ортасына байланысты көлденең орналасуы көрсетілген. Осы мәліметтерді пайдаланып, барлық түрге тұздылығына байланысты толеранттылық графигін құрыңыз. G. Pulex және G. zaddachi организмдерін олигогалинды организмдерге жатқызуға бола ма?





  1. сурет. Гаммаридтың үш түрінің судың 21 км аудандағы судың тұздылығының (А ) және популяция тығыздығының (Б) өзгеруі




  1. Камчатка шаяны (Paralithodes camtschatica) тіршілік ету кезеңінің бір уақытын арнайы дәрнәсіл– зоеада түрінде өткізеді. Шаянның дамуындағы әртүрлі кезеңіне тұзды ортаның әсерін зерттегенде, келесі заңдылықтар белгілі болды: ересек кезінде дараларды стеногалинды организмдерге жатқызуға болады, себебі олар 20г/л ден 32г/л ге дейінгі тұздылық интервалында тіршілік етеді және оптимумы 25 – 28 мг/л аралығында белгіленді. Ұрықтану кезінде оптималды тұздылық 26-27,5 г/л ге тарылады. Жұмыртқалар өзінің тіршілігін тек 17 г/л ден 28 г/л дейін тұздылықта ғана сақтайды. Зоеаның максималды жарып шығуы 23г/л ден 26 г/л тұздылық интервалында болады. Бұнымен қатар бірге тұздылыққа да тұрақтылық өзгереді. Егер төменгі шегі 18 г/л дейін төмендесе, жоғарғы шегі 33 г/л дейін көтеріледі. Репродуктивті жасқа дейін тұздылықты 23-28 г/л интервалында сақтағанда, 82% даралар тірі қалады. Жоғарыда келтірілген мәліметтерге сүйініп, камчатка шаянының жалпы толеранттылық шегін анықтаңыз. Экологиялық факторлардың іс – әрекетінің заңдылығын сипаттайтын бұл қандай заң? Осы заңды тұжырымдаңыз.




  1. 13 суретте сары тарақанның (Blattella germanica) температурамен әсер еткендегі қайтарған жауабы көрсетілген. Осы түрдің оптимум және субоптимум шектерін анықтаңыздар. Егер ауаның салыстырмалы ылғалдығын ( абиотикалық фактор) жоғарлатып және бәсекелес– қара тарақан (Blatta orientalis) пайда болса,( биологиялық фактор), график қалай өзгеруі мүмкін?





  1. сурет. Сары тарақанның (Blattella germanica) температурамен әсер еткендегі функциясың өзгеруі




  1. Екі бағанадағы мәліметтерді пайдаланып, дұрыс жауап болатын жұпты таңдаңыз. Келтірілген анықтамалар қай ережелерге сәйкес?

5- кесте

А

Түр шеңберіндегі (немесе гомойотермді
жануарлардың жақын түрлерінің топтары)ірі даралары салқын аймақтарда кездеседі

1. Аллен ережесі

Б

Екі түр немесе ұқсас экологиялық қажеттіліктерімен ұзақ уақыт бойы бір экологиялық
қуысты меңгере алмайды.

2. Либих заңы

В

Гомойотермді жануарлардың шығыңқы бөліктері түрдің денесінің ареалының шеңберінде оңтүстікке
жылжыған сайын салыстырмалы түрде мөлшері ұлғаяды.

3. Глогер заңы

Г

Суық және ылғалды аймақтарда тіршілік ететін
жануарлардың түлерінің денесінің реңі (пигментариясы) қанық болады

4. Шелфорт заңы

Д

Экологиялық факторлардың минимумы ғана емес,оның максимумы да шектеуші фактор бола алады,ал олардың арасындағы ауытқу диапазоны
толеранттылық шамасын көрсетеді

5. Гаузе ережесі

Е

Экологиялық факторлар жиынтығында төзімділк
шегіне ең жақын фактор күшті әсер етеді

6. Бергман
ережесі




  1. Орта факторларын атап, 6- кестені толтырыңыз.

6-кесте

Орта факторлары

табиғи

антропогендік

абиотикалық

биотикалық




1




2




3




  1. Бактериялар өте көп көбейеді. Әрбір жарты сағатта 1 клеткадан бөліну жолымен 2 клетка пайда болады. Егер 1клетканы қалыпты жағдайда қоректік ортада өсірсе, онда тәулігіне оның ұрпағы 248281474 976710700 клетканы құрауы тиіс. Мұндай мөлшердегі бактерия 250 г стаканда орналасқан. Олар (500 г) жарты литрлік көлемді қанша уақытта толтырады және саны қанша уақытта екі еселенеді? Дұрыс жауабын табыңыз.




  1. Эвритермді және стенотермді организмдерге мысал келтіріңіз




  1. Неліктен өсімдіктердің тұқымдарының саны жануарлардағы сияқты бір – бір ұрпақтан немесе бір жұмыртқадан болмайды?




  1. Жарығы мен жылуы мол мұхиттың тропикалық аудандарында тіршілік өте кедей. Бұл аудандарды мұхиттық шөл деп атайды. Өз кезегінде жануарларға әсер ететін бір клеткалы балдырлардың көбеюін бұл ортада қандай факторлар тежейді деп ойлайсыздар?




  1. Микроскоптық ұн кенелері астық қоймаларда өте көп мөлшерде көбейеді және олар астық сапасын бүлдіреді. +220С – 200С аралығындағы қолайлы температурада жұмыртқаның дамуы 3 – 4 күнге, ал +100С – та 1,5 айға созылады. +450С – 500С температурада, сол сияқты дәндердің ылғалдылығы 10

  • 12% болса және оны 70% жоғары көтергенде, зең саңырауқұлағының дамуына байланысты кенелер тіршілігін жояды. Улы химикаттарды қолданбай, дәнді сақтау және кенеден құтылу жолдарын ұсыныңыз.




  1. Адамдарға әсер ететін күшті уға оптимум заңын қолдануға болады ма?




  1. Бақбақ өсімдігінен фотонастиялық қозғалысты бақылаңыз. Ол үшін өсімдіктің гүлшоғырын күндіз және кешке бақылаңыз. Қандай құбылыс болғанын байқаңыз.




  1. Қалың шыршалы орманның шөптесін өсімдіктерінің барлығы дерлік көпжылдық. Көктем сайын олар өздерінің тіршілігін біржылдық шөптер тәрізді тұқымнан дамымай, бүршік атудан немесе жер үсті өркендердің дамуынан бастайды. Неліктен?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет