Р. С. Оразбаева



бет2/48
Дата02.10.2023
өлшемі34,17 Mb.
#112711
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48

ӘОЖ 574(075.8)


КБЖ 28.080

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Ғылыми кеңесінің мәжілісі (25.04.2014, №8 хаттама) баспаға ұсынған




ISBN 978-601-301-168-4 © Оразбаева Р.С., 2014
3


КІРІСПЕ





  1. Э. Геккельдің: «Экология – бұл табиғаттың экономикасын тану...» деген тұжырымдамасының мәні неде?




  1. Француз ғалымы Р.Дажоның экологияға берген анықтамасында: «Экология - қоршаған ортаның биологиясы» деген ғалымның бұл тұжырымдамасының мағынынасын түсіндіріңіз.




  1. Б. Коммонердің заңдарының (афоризмдерінің) жетіспейтін төртіншісін еске түсіріп, мысал келтіріп түсіндіріңіз.

а) бәрі бәрімен байланысты; б) табиғат өте жақсы біледі; в) еш нәрсе тегін берілмейді.



  1. Тірі материяның ұйымдастырылуының деңгейлері- белгілі дәрежеде күрделі биологиялық құрылымның тірілердің жалпы иерархиясындағы функционалды орны. Жалпы иерархиялық қандай деңгейлер бар? Экология ғылымының зерттеу нысандарына биология нысандарынан өзгеше, қандай иерархиялық деңгейлер жатады?




  1. Биологиялық экологияның негізгі бөлімдерінің бірі-синэкологияның аутэкологиядан негізгі айырмашылығын көрсетіп, мысал келтіріңіздер.




  1. Табиғи және әлеуметтік экология деп бөлуде пайдаланылатын 2 белгіні (критерийді) келтіріңіз.




  1. Б. Коммонердің афоризмдерін нақтылы мысалдармен дәлелдеңіз.




  1. Төмендегі түсініктердің анықтамасына сүйене отырып, қажетті, дұрыс терминдерді нүкте орнына жазыңыз:

А. Тірі организмдердің, өзара және оларды қоршаған неорганикалық табиғатпен байланысы туралы ғылым -........................................................
Б. Жеке организмдерді немесе жеке түрлерді зерттейтін экология бөлімі-
......................
В.Жеке популяцияның тіршілігін зерттейтін экология бөлімі-.......................
Г. Экожүйелер мен бірлестіктерді және олардың тіршілік орталарын зерттейтін экология бөлімі-..............................................................................



  1. Экологияның ғылым ретіндегі алғашқы және қазіргі таңдағы анықтамаларының ерекшелігі неде? Бұл айырмашылықтар неге негізделген?

  2. «Білімді экологизациялау» түсінігін қалай түсінесіз? Мысал келтіріңіздер.




  1. Қоғамның әрбір мүшесіне, оның ішінде инженерлі-техникалық қызметкерлерге экологиялық мәдениет және экологиялық білім қажеттілігін түсіндіріңіз.




  1. «Экология» және «қоршаған ортаны қорғау» түсініктерінің негізгі айырмашылығы неде?




  1. Экология тарихындағы еңбегі сіңген ғалымдар мен олардың еңбектерінің арасындағы сәйкестілікті кесте құрып көрсетіңіз. Ж.Б. Ламарк, Т. Мальтус, А. Болотов, Ч. Дарвин, В. Вернадский, Ю. Одум, Л. Бросуи, Н. Реймерс:

  • Алғаш рет адам мен табиғат арасындағы қақтығыстың болмай тұрмайтыны (неизбежность) туралы айтты.

  • Ғылымдар жүйесі ретіндегі экология туралы түсінікті берді.

  • Халықтың көбеюінің себептері мен қауіптілігін негіздеді.

  • Ауыл шаруашылық экологиясының негізін қалады.

  • Бейімделушілік эволюциясының концепциясының негізін қалап, жасанды және табиғи сұрыпталудың арасындығы айырмашылықты түсіндірді.

  • Биосфера туралы ілімді ұсынды.

  • Экожүйе туралы түсінікті дамытты.

  • Болашақ адамзаттың шынайы болжамын құрастырды.




  1. Кәзіргі таңда орын алған дағдарыстан шығудың жолдарын табуға көмектесетін ғылым ретінде экология ерекше зор маңызға неліктен ие екендігін түсіндіріңіздер.




  1. Қоғамның әрбір мүшесіне неліктен экологиялық мәдениет пен экологиялық білім қажет?




  1. Сұрақ орнына лайықты ғалымның аты жөнін келтіріңіз: 1859 – Ч. Дарвин; 1866 – Э. Геккель; 1935 - ?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет