Р. С. Оразбаева


Биосферадағы тіршіліктің таралуы-



бет41/48
Дата02.10.2023
өлшемі34,17 Mb.
#112711
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   48
20. Биосферадағы тіршіліктің таралуы- біркелкі еместігімен ерекшеленеді. Тірі заттардың концентрациясы негізгі орта бөлігінде, яғни шекаралық қабаты литосфера мен атмосфера арасында болатын- топырақта, мұхиттың беткі қабатында, су қоймаларының түбінде және теңіз түбіндегі зона- литоральда кездеседі.
35. 1926 жылы В.И. Вернадский алғаш рет биосфераның шекаралары туралы мәселені қарастырды.Қазіргі тіршілік жер қабығының жоғары бөлігінде (литосфера), жердің атмосфералық төменгі қабатында (тропосфера) және жердің сулы қабатында (гидросфера) таралған.
Литосферадағы тіршілікті +100°C -тан жоғары болатын 1,5 - 15 км деңгейдегі және тереңдіктегі жер асты сулары мен тау жыныстарының температурасы шектейді. Жер қабығының жынысынан бактерия табылған ең үлкен тереңдік - 4 км құрайды. Мұнай орындарындағы 2-2,5 км тереңдікте көп мөлшерде бактериялар табылған. Мұхиттағы тіршілік өте терең қабатқа дейін таралған және жер бетінен 10-11 км тереңдікте «мұхиттың түбінде» кезедеседі. Атмосферадағы тіршіліктің жоғары шекарасы – жоғары ультракүлгін радиациясының жер бетіне өтуіне кедергі жасайтын Озон қабаты. Озон қабаты жерден 22-25 км жоғарыда Күннің ультракүлгін сәулесінің көп бөлігін сіңіреді. Озонның қорғаныс қабатынан жоғары көтерілген барлық тірі организмдер
жойылады. Бактерия мен саңырауқұлақ споралары 20-22 км биіктікте табылған, бірақ аэропланктондардың негізгі бөлігі —осы қабаттан 1-1,5 км қабатта кездеседі. Бұл фактілер нені дәлелдейді?
38. Өлі затпен салыстырғанда тірі заттардың құрамына кіретін органикалық қосылыстар саны 2 млн-нан артық, ал осы уақытта өлі заттардың табиғи қосылыстар саны 2 мың ғана.
41. Бұл құбылысты Б.Коммонердің заңдарының (афоризмдерінің) а) бәрі бір бірімен байланысты заңының негізінде түсіндіруге болады.

  1. Биосфераның орталық звеносын тірі зат құрайды.

  2. Биосфераның алмастырылмайтын заңы бойынша, биосфераны ешуақытта жасанды ортамен алмастыруға болмайды.

  3. Жердің көркін, мәнін түзетін негізгі факторлар- тіршілік болып табылады. Оның ерекшелігі тек ғана химиялық реакцияларды тездетуде емес, организмнен тыс кейбір реакциялар қалыпты температура мен қысымда мүлдем жүрмейді. Тірі организмдер бұл реакцияларды қалыпты температура мен атмосфералық қысымда жеңіл түрде жүзеге асырады. Мысалы, көмірсулар мен майлар организмде 37 °C шамасында, ал организмнен тыста – 400 – 500 °C температурада тотығады. Өнеркәсіпте молекулалық азоттан аммиактың синтезі 500°C температурада және 300-500 атмосфералық қысым жағдайында жүзеге асады.

  4. Қазіргі ғылымның көзқарасы бойынша, тірі заттарға кейбір арнаулы қасиеттер тән. Тірі заттардың арнаулы қасиеттері және ерекшеліктері:

  1. Биосфераның тірі заттары энергияның үлкен қорымен сипатталады.

  2. Тірі және өлі зат арасындағы күрт айырмашылық химиялық реакциялардың өту жылдамдығынан байқалады (тірі затта осы реакциялар мың есе, ал кейде млн есе тез жүреді).

  3. Тірі заттардың ерекшелігі- оның құрамындағы жеке химиялық қосылыстарының белок, фермент және т.б.-ның тек тірі организмдерде ғана тұрақтылығында.

  4. Еркін қозғалыс - биосферадағы барлық тірі заттардың жалпы белгісі болып табылады.

  5. Өлі затпен салыстырғанда тірі затта көбірек морфологиялық және химиялық әртүрлілік кездеседі. Тірі заттардың құрамына кіретін органикалық қосылыстар саны 2 млн-нан артық, ал бұл уақытта өлі заттардың табиғи қосылыстар саны 2 мың ғана.

  6. Тірі зат мөлшері биосферада үлкен шамада жеке организмдер түрінде кездеседі. Ең ұсақ вирустар шамасы 20 нм (1нм = 10-9), ең ірі жануар –кит, ұзындығы 33 м-ге жетеді, ең үлкен өсімдік-секвойя, биіктігі 100 м.

  1. Ол биосфера эволюциясындағы адамның ролін бағалауға байланысты пайда болған. Ноосфера жөніндегі В.И.Вернадский ілімінің аса бағалылығы, оның тіршіліктің геологиялық, планетарлық процестердегі биосфераның қалыптасуы мен дамуындағы тірі заттың, организмдердің және планетадағы тірі заттардың алуантүрлілігін анықтауында.Тірі организмдердің ішінде зор геологиялық күш ретіндегі адамды ерекше көрсетті. Бұл жер ортасында және

жер жанындағы кеңістіктегі («жақын» космос) биогеохимиялық және де басқа процестердің барысына әсер етуге қабілетті күш. Адамның, оның еңбегінің нәтижесінде бұл орта ерекше өзгерді. Ол бүкіл жер тарихының геологиялық тарихы бойынша қалыптасқан, түзілген биосфераның өзгеруіне соқтыратын адамның қажеттіліктері мен түсініктеріне сәйкес өзгертуге қабілетті.
В.И.Вернадскийдің пікірінше, ноосфераның қалыптасуы «біздің планетамыздың кездейсоқ құбылысы емес», «еркін сананың қалыптасуы», - деп айтқан. Басқаша айтқанда, ноосфера зат пен энергия алмасуының табиғи процестері қоғаммен бақыланатын адамды қоршайтын орта.

  1. Тіршіліктің жүруіне қажетті физика-химиялық жағдайлар:

  1. Көмірқышқылы және оттегінің жеткілікті мөлшері;

  2. Судың жеткілікті мөлшері;

  3. Өте төменгі температура сияқты, өте жоғары температурасы болмайтын температуралық режим;

  4. Минералдық қоректенуге элементтің «аз мөлшерінің» болуы;

  5. Су ортасының белгілі тұздылығы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет