31
қос сөз. Сол сияқты Ботакөз, итмұрын, соқыртеке сөздеріндегі
байланыстыру амалы – бірігу тәсілі, нәтижесі біріккен сөз. Әрине, біріккен
сөздер тарихи тұрғыдан алғанда сөз тіркесінің қатарына жатқаны күмән
туғызбайды. Бірақ тілдің дамуы барысында олар сөз тіркесі құрамынан
шығып, біріккен сөзге айналған. Сөздердің байланысу тәсілдерін
оқулықтарда:
қосымшалар арқылы байланысуы; септеулік шылаулар
арқылы байланысуы; орын тәртібі арқылы байланысуы; интонация арқылы
байланысуы деп береді.
Сөз тіркесінің қосымшалар арқылы байланысуын сөз еткенде мынаны
нақтылай түсу керек. Байланыстың бұл түріне көптеген еңбектерде көптік,
септік, жіктік, тәуелдік жалғаулары жатқызылып жүр. Әрине, септік,
тәуелдік жалғаулары арқылы байланысқан тіркестер күмән туғызбайды.
Бірақ көптік жалғаулары әр уақытта сөз бен сөзді байланыстыра алмайды,
тек өзі жалғанған сөзге көптік мағына үстейді. Қазақ тілінде көптік жалғау
2-жақта жіктік жалғауымен қабаттасып келгенде ғана сөз байланыстыруға
қатысады:
сендер оқушысыңдар, сендер келгенсіңдер, отырғансыңдар,
сендердің айтқыларың келмейді.
Ал жіктік жалғауы арқылы жасалған
сөз тіркестері сөйлемнің
қаңқасын құрайды, себебі жіктік жалғауы арқылы байланысқан сөздер
көбінесе бастауыш және баяндауыштан тұрады, бір-бірімен қиыса
байланысады. Сондықтан қиыса байланысқан сөз тіркестері сөйлемнің
аясында қаралуы керек. Себебі, қиысу екі
жақты байланысқа негізделеді,
яғни бірінші сөз атау септігінде тұрып, екінші сыңары атау септікте тұрған
сөздің қай жақта тұруына қарай сол жақтағы жіктік жалғауда жұмсалады.
Сол жіктік жалғаудың жақ түріндегі тұлғасына қарай бірінші сөз де
семантикасы арқылы белгілі жақта тұрады. Бірақ бұл байланыс
субъектілік-предикаттық қатынаста жұмсалатындықтан сөз тіркесі болмай,
сөйлем болады. Міне, сондықтан да көптік жалғауы сияқты жіктік жалғауы
да сөз тіркесінің байланысу тәсілдерінің қатарына ене алмайды.
Кейінгі кездері ғалымдар қосымшалар арқылы байланысу тәсіліне
көсемшенің -й, -е, -іп жұрнақтары арқылы байланысқан сөз тіркестерін де
жатқызып жүр. Мәселен,
Мен етпеттей жығылдым (Ж.Тә
шенов).
Андамай сөйлеген ауырмай өледі (Мақал). Жапырақ көгермей солды,
жастық гүлденбей өлді (Мақал). Осы сөйлемдердегі
етпеттей
жығылдым, аңдамай сөйлеген, ауырмай өлер, кө
гермей солды, гүлденбей
өлді тіркестері көсемшенің
-й жұрнағы арқылы
өзінен кейінгі сөзбен
байланысып тұр. Алайда, сөз тіркестеріндегі сөздердің жұрнақтар арқылы
байланысуы жалғаулар арқылы байланысқан сөздердей актив құбылыс
емес. Дегенмен тіл фактілерінде кездесіп отырады.
Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысу тәсілінің қосымша
тәсілінен өзіндік ерекшелігі бар. Яғни қосымшалар арқылы байланысқа
түскен сөздер орны жағынан біршама жылжымалы,
еркін болатын болса,
қосымшасыз байланысқан сөздердің орны тұрақты, орнықты болады.
Орын тәртібі арқылы байланысқан
биік тау, үлкен бөлме, алтын сағат
32
тәрізді тіркестерді тау биік, бөлме үлкен, сағат алтын деп өзгертетін
болсақ, онда бұл тіркестер предикаттық қатынасты білдіреді. Демек,
сөздердің орын тәртібі тәсілі сөз тіркесіне қатысты грамматикалық
мағыналарды айқындауда жетекші қызмет атқарады. Орын тәртібі арқылы
байланысқан сөз тіркестерінің күрделі сөздер мен тұрақты тіркестерге өте
ұқсас екенін айта кету қажет, мәселен,
жүрек жалғау, қол көру, Аяз ата
Достарыңызбен бөлісу: