Р. С. Рахметова Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі



бет24/84
Дата25.11.2023
өлшемі0,57 Mb.
#126490
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   84
Байланысты:
Р. С. Рахметова-emirsaba.org

3-тапсырма. Төменде берілген сөйлемдердің түрін анықтаңыз. Өз
пікіріңізді дәлелдеңіз.
1.Құлан жорпас құла түз. 2.Бізге шындықты айтуға тура келді. 
3.Түні бойы ақ жауын сіркіреп тұрды. 4. Баланың білген үстіне біле 
түскісі келді. 5.Ананың жылы алақаны мейірімге толы. 6. Жайлаудың 


45
ашық күндерінің бірінде Арман екеуіміз бұзау бағуға шықтық. 7. 16 


желтоқсан. 1986 жыл. Автобекет. Сапырылысқан халық. 

4-тапсырма. Мәтінді оқып, жазушының еліне, жеріне деген
сағынышын, көңіл күйін білдіретін сөздерді тауып жазыңыз, талдаңыз.
Қазақ даласы 
Жол!Жол! Адамның үміті тәрізді ешқашан таусылмас, ұшы-қиыры 
жоқ. Ұзақ жол. 
Отарба танауы делбеңдей, жүйтки шапқан өгіз тәрізді, буы 
бұрқырап, ырсылдай ағызып келеді. Телеграф бағаналары бірін-бірі қуалап, 
кейін қалып барады. Жан-жағымыз ұшан-теңіз, байтақ дала. Қазақ 
даласы! Менің далам! Әке-шешем, ата-бабам даласы! 
Қазақ даласына қарап тұрсаң, домбырадан күй тыңдап отырғандай, 
көңілің сан саққа жүгіреді. Міне, мынау – біз қойнауына кіріп бара 
жатқан жасыл тау алқабы «келші, құлыным» деп, құшағын жайып қарсы 
алғалы саған ұмтылады. Кешегі біз өткен бозаң шөпті, сортаңды дала 
көрінісі қайғыдан әжімделген қарт әжеңнің түріндей болып, әлденелерді 
есіңе түсіреді, көңіліңді босатады. Бір ғажабы, сол даланы, алыстаған 
сайын, сағына түсесің. Өйткені оның түр-келбеті бетін күн мен жел 
сүйген қарт әженің жарқын жүзін елестетеді (І.Есенберлин.). 

5-тапсырма. Мәтінді оқып, сұраулы, лепті сөйлемдердің түрлерін
ажыратыңыз. Матаса байланысқан сөз тіркестерін тауып, қандай сөз
табынан жасалғанын айтыңыз.
Жаяу ойланып қалды. Мырзаның сөзінің жаны бар. Шынында төрт 
болыс Айдабол, Қаржастың баласына өкпесі бар ма мұның? Жоқ қой. 
Ұстасқан жауы – Шорманның Мұстафасы мен Боштайдың Құсайыны. 
«Сол екеуінің көзі жоғалған соң барам десем қайтеді» деген бір ой келді. 
Алла сақтасын? Адамзат баласына ажал түгіл бейнет тілеп көрген жан 
емен. Жер беті кең. Бәріміз де сиямыз. Тек пейіл кең болсын. Болыс 
атаулының бәрі қинатшыл ма? Олай деуге тағы болмайды. Болыстардың 
ішінде де Жаяу үшін шырылдап ара түскені бар емес пе? Қуандықтың 
Құдайбергені ше? Болыс атаулының бәрі жауыз десем құдайға шет 
болармын. Шынтуайтқа келгенде Мұсаның өзіне де қоятын кәнім жоқ. Өз 
қолынан істеген жамандығын көрген емеспін. Осының жаңағы сөзіне 
сенуге бола ма? Ойланып көп отырды Жаяу (З.Ақышев). 

6-тапсырма. 
Ғалымдардың
толымсыз
сөйлемге
берген
анықтамаларын өзара салыстырып, талдаңыз. Қай анықтама нақты
берілген деп ойлайсыз? Пікіріңізді дәлелдеңіз.

Толымсыз сөйлем деп, тұрлаулы мүшелер мен толықтауыш
қатыспай тұрған сөйлемді айтамыз (Н.Сауранбаев). 


46


Сөйлемде айтылуға тиісті тұрлаулы және тұрлаусыз
мүшелердің бірі айтылмаған сөйлемді толымсыз сөйлем дейді 
(Ғ.Әбуханов). 

Тұрлаулы я тұрлаусыз мүшелерінің біреуі не екеуі контекске
байланысты түсіп қалып, оның түсіп қалғандығын көрші тұрған сөйлемге 
қарап білуге болатын жай сөйлемнің түрін толымсыз сөйлем деміз
(А.Әбілқаев). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет