98
Бақылау тапсырмалары:
1. Аралас құрмалас сөйлем компоненттерiнiң байланысуы
А) Салалас-салалас
В) Салалас-салалас
С) Салалас-сабақтас-салалас
D) Сабақтас-сабақтас-сабақтас
Е) Сабақтас-сабақтас-сабақтас
2. Құрмалас сөйлемнің қай түрі
Абай арбаға мінбей, шешесін ілгері жөнелтіп, өзі салт атқа мінді
(М.Әуезов).
А) Көп компоненттi салалас
В) Шартты бағыныңқылы сабақтас
С) Көп бағыныңқылы сабақтас
D) Төл сөзді құрмалас
Е) Ыңғайлас салалас
3. Құрмалас сөйлем синтаксисiнiң зерттеу нысаны
А) Жеке ұғымдарды бiлдiретiн сөздердiң тiркесiп, сөйлем болу жолдарын
көрсетедi
В) Жеке ойды бiлдiретiн жай сөйлемдердiң өзара тiркесуi нәтижесiнде
пайда болған сөйлемдi тексередi
С) Сөздердiң тiркесу тәсiлдерi мен түрлерiн тексередi
D) Жай сөйлемдегi сөйлем мүшелерiн тексередi.
Е) Сөйлемнің күрделену жолдарын қарастырады
4. Құрмалас сөйлемдер
А) Бір предикаттық қатынастың негізінде жасалады
В) Екі предикаттық қатынастың негізінде жасалады
С) Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің қатысуы арқылы жасалады
D) Екі немесе бірнеше күрделі сөздерден жасалады
Е) Шылаулардың байланыстырушылық қызметі негізінде жасалады
5. Берілген сөйлемдегі аралас құрмалас сөйлем компонеттерінің
орналасу реті Есеней қашуға бет алған бір топ жауынгерді қуа жөнеліп
еді, мойнынан оқ тиіп, Есенейдің аты омақаса құлап, Есеней жерді сүзе
құлады (Ғ.Мүсірепов).
А) басыңқы
басыңқы
бағыныңқы
бағыныңқы
В) басыңқы
бағыныңқы
бағыныңқы
басыңқы
С) басыңқы
бағыныңқы
басыңқы
D) басыңқы
бағыныңқы
бағыныңқы
Е) басыңқы
басыңқы
басыңқы
Достарыңызбен бөлісу: