7
предикативтілік
деп
аталатын
грамматикалық
мағынасымен,
коммуникативтік деп аталатын қызметімен және бастауыштық-
баяндауыштық деп аталатын құрылымдық үлгісімен сипатталады да, осы
жағынан келгенде ол (сөйлем) әр түрлі айтылыстардан ажыратылады» деп,
сөйлемді құрылымдық, грамматикалық,
коммуникативтік белгілері
бойынша саралайды
6
. Сөйлем мен байымдаудың арақатынасын сөйлемдегі
айтылатын ойдың иесі тұрғысында анықтауға болатынын көрсетеді. Оны
логикалық субъект және грамматикалық бастауыш ұғымдарының мәні
арқылы анықтауға болатыны жөнінде былай дейді: «Логикалық субъект
грамматикалық бастауышқа жақсыз сөйлемдерде сәйкес келмейді.
Мысалы,
Оған темекі тартуға болмайды деген мысалда
оған (қарамен
көрсеткен біз) деген мүше байымдаудың
логикалық субъектісі болса,
сөйлемнің бастауышы емес, толықтауыш мүшесі». Олай болса, сөйлемдегі
логикалық субъекті сөйлем мен байымдаудың арақатынасын айқындайтын
логикалық бастауыш ретінде жұмсалады деген қорытынды жасауға
болады. Сөйлемдегі логикалық субъектінің грамматикадағы көрінісі
тіліміздегі жақсыз сөйлемдердің табиғатын ашуға мүмкіндік берді. Қазіргі
қазақ тіліндегі жақсыз сөйлемдер туралы арнайы зерттеу жүргізген
Ғ.Мадина: «Субъект грамматикалық бастауыш арқылы берілмеген және
оны баяндауыш формасы арқылы тауып алуға болмайтын сөйлемді жақсыз
сөйлем дейміз» деп, грамматикалық бастауыштың жоқтығын жақсыз
сөйлемді танудың
басты ұстанымы ете отырып, грамматикалық
бастауыштың болмауы баяндауышқа байланысты екендігін; субъект
грамматикалық
бастауыш
формасында
берілмегенімен
басқа
грамматикалық бастауыш бола алмайтын формалар арқылы білінуі мүмкін
екенін түсінуге болады деген қорытынды жасайды
7
.
Ғалым көрсетіп
отырған бастауыш бола алмайтын формалар қатарына барыс септік
жалғауы мен ілік септік жалғауын жатқызуға болады. Ғ.Мадина жақсыз
сөйлем құрамындағы баяндауыштардың жасалу жолдарын он үш топқа
бөледі. Баяндауыш формасы негізгі етістікке «бол» көмекші етістігі
тіркесіп жасалған жақсыз сөйлемдердің
құрамындағы барыс септік
жалғаулы субъект логикалық бастауыш бола алады. Мысалы,
Бұрын қанша
парықсыз болса да, бұл жолы ойланбасқа болмайды (М.И). Сөйлемде
логикалық бастауыш түсіріліп тұр (саған, оған, маған). Баяндауыш тұйық
етістік пен
керек сөзінің тіркесінен болған жақсыз сөйлемдердегі субъект
логикалық бастауыш қызметін атқарады. Мысалы,
Білмегенді сұраудан
Достарыңызбен бөлісу: