Р. С. Рахметова Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі



бет81/84
Дата25.11.2023
өлшемі0,57 Mb.
#126490
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84
5-тапсырма. Тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіріңіз. Сөйлем
мүшелеріне талдаңыз.
Ерлік – елдің сыны. Еңбегі аздың өнбегі аз. Атақты ұры аштан өледі. 
Оқу инемен құдық қазғандай. Еңбек ет те міндет ет. Батыр жарасыз 
болмас. Жақсы жұмыс – жанға тыныс. Сезікті секіреді. Өнерлінің өрісі 
ұзақ. Жақсылық қылсаң бүтін қыл. 

6-тапсырма. Мәтіндегі тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіріңіз.

Абайдың есінде болсын деп, білдіруімен бірге, өзі кешірген өмірге ащы 
бір мысқылын айтты. 
Өлейін десең, көрге де жібергісі келмейді. Онда кетсе Базаралы 
аман кетіп, жетісіп кетер мекен деп, тағы қызғанады. Соны ойлап, 
мыналар кем қойса көрімен шеңгел тастайын деп отыр-ау деймін! Ал 
тағы тұрып қалдым. Сенің жыныңды келтіре түсу үшін, көзіңе қанды 
сүйел болып басыла түсу үшін «ал өлмедім!», «көнбедім!» деген боп жүріп 
жатқан күйім бар! – деп көзін қысты. Үлкен бір саналы, ерлік қалпымен 
қарады. Абай күтпеген сәтте, баяғыдағы бір өр мінезіне басып, ескісін 
еске түсіріп, сылқ-сылқ күлді (М.Әуезов).
7-тапсырма.

Сіздің ойыңызша берілген анықтамалардың қайсысы дәл,


толық берілген? Пікіріңізді дәлелдеңіз. Өзіңіздің анықтамаңызды
ұсыныңыз.

Синтаксис термині грек тілінен алынған. Онда syntaxis – қоспа,
біріктіру деген мағына болатын. Бұл сөз обаста сөз бен сөздің бірігу, 
қосақталуы деген ұғымда жұмсала жүріп, кейін екі түрлі терминдік 
ұғымға ие болып кетті: біріншісі – тілдегі сөздердің тіркесуінен сөйлем 
құрадың жүйесі деген мағынада да, екіншісі – тілдік синтаксистік 
құрылысын зерттейтін ғылым деген мағына. 
Синтаксисті ғылым деген ұғымда жұмсағанда, оны, әдетте, 
грамматика ғылымының морфология сияқты, үлкен саласы деп білеміз. 
Оның өзі үш бөлімнен құралады: Сөз тіркесінің синтаксисі; Жай 
сөйлемнің синтаксисі; Құрмалас сөйлемнің синтаксисі (Қазақ тілінің
грамматикасы);


121


Синтаксис гректің sintaxis деген сөзінің негізінде пайда болған.
Бұл сөздің бастапқы мағынасы «құрау».
Синтаксис термин ретінде екі мағынада жұмсалады: бірі сөйлеудің 
(высказывание) құрылысы, жүйесі мағынасында, екіншісі – тіл 
ғылымының (грамматиканың) бір саласының атауы мағынасында. 
Синтаксис жөніндегі ғылым бірнеше саладан құрылады. Оның сала-
салаға бөлінуі тілдің синтаксистік құрылысының дара тетіктерінің, 
бөлшектерінің ыңғайына, оларды зерттеп тану мақсатына бағынышты 
(Р.С.Әміров).

8-тапсырма. «Халық тәрбиесі болашақ өмірдің соқпағына салады»
тақырыбында ой толғау жазыңыз. Тыныс белгілерін не себепті қойдыңыз,
түсіндіріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет