178
жинап-жуу тәрізді ұсақ-түйек жұмыстарын атқарушы жалшы-
ны
(лакей, служитель, слуга) малай, қызметші деп атау тен-
денциясы, ал қора-қопсы немесе басқа да сыртқы шаруаларды
атқарушы жалшыны
(работник) жұмыскер деп атау тенден-
циясы басталғаны байқалады. Бірақ сол кездегі сөздіктерде,
Ыбырай шығармаларында, тіпті Абайда да бұлар әлі орнықпай,
бірінің орнына бірі беріліп немесе
параллель көрсетілгеніне
қарағанда, жалшының жеке түрлерінің атаулары Абай тұсында
әлі нақтыланып, дараланып нормаланбаған деп табамыз. Мы-
салы, И.Букин сөздігінде
лакей –
қызметші, шоры; работ-
ник –
жұмыскер, малай; қызметші – лакей, служитель деп
берілген. Ыбырай
слуга ұғымын
жұмыскер сөзімен береді:
Бай
жұмыскеріне ұрсып тұр екен (Алтынсарин, 1879. 47).
Сонда қазы ыза болып, ұшып тұрып,
жұмыскерлерін шақырып
бұйырды (Сонда. 43). Букин сөздігінде жалдама еңбек етушінің
бір түрі
поденщик дегеннің
күндікші деген атауының көрсетілуі
өте қызғылықты.
Ең алдымен, өткен ғасырдағы әлеуметтік
лексика саласында калька арқылы жаңа сөз жасау тәсілінің туа
бастағанын танытса, екіншіден,
күндікші сөзінің халық тілінде
қолданылғанын білдіреді (бірақ сол тұстағы көркем әдебиет
тілінде, оның ішінде Абай тілінде де, бұл термин кездеспейді).
Жалшы зат есімімен қатар,
жал түбірінен туған
жал-
дау, жалға жүру сөздері де осы тұста, әсіресе, Абай тілінде
активтенеді: Егер онысы
жалға жүргеніңде жаныңды қинап,
еңбекпенен мал тап деген сөз болса... (II, 185).
Жалға жүр, жат
жерге кет, мал тауып кел (I, 174).
Қазақ қауымының әлеуметтік структурасында әңгіме етіп
отырған кезеңде бой көрсеткен топтың бірі – жатақтар.
Жатақ
сөзі – XIX ғасырдың өн бойына бір ғана мағынаны тапжыл-
мастан білдіріп келген сөз емес.
Жатақ деп аталған қоғамдық
категорияның әлеуметтік күйінің (мәні, болмысы) өзгеріп
отырғанына орай,
жатақ сөзінің де мағынасы құбылып
отырған. О баста (кейін де) сірә,
жатақ деп көш-қон көлігі
жоқ болғандықтан, коллективпен бірге жайлауға шыға алмай,
қыстауда қалып қойған кедейлер тобы аталса керек: Кедейің
қайтіп күн көрер, Жаз
жатақта жатқаны (Шортанбай, 156).
Ал ХІХ ғасырдың І жартысында
жатақ деген сөз қала-селолы
179
жерлердің маңынан қоныс теуіп,
отырықшыланған шаруа-
лар тобын білдіре бастайды
145
. ХІХ ғасырдың ІI жартысында
қазақ қоғамының таптық дифференциациясы күшеюіне бай-
ланысты
жатақтардың әлеуметтік өңі өзгереді, яғни «өзінің
әлеуметтік-экономикалық жағдайы бойынша
жатақтар –
жаңа-жаңа пайда бола бастаған ауыл шаруашылық пролетари-
аты. Тіпті кейіннен өнеркәсіп пролетариатының бір бөлегі осы
Достарыңызбен бөлісу: