Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет2/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   180
ISBN 978-601-7317-88-1 © «Ел-шежіре» ҚҚ., 2014



4
Абайдай алыпты тамаша тани да, 
таныта да білген Мұхтар Әуезовтің 
рухына арнаймын.
Автор
Алғы СӨЗ
Абайдың тілі – кең тақырып. Бұл тақырыпқа бір емес, 
әлденеше кітап арналуға тиіс. Өйткені жеке жазушының, оның 
ішінде қазіргі қазақ тілі сияқты үлкен мемлекеттік ұлттық 
жазба әдеби тілдің негізін салушы Абай тәрізді қаламгердің 
тілін бірнеше аспектіден зерттеп танып-білу қажет болады. 
Әдетте жеке жазушының (ақынның) тілі туралы әңгіме оның 
өз қаламына тән шеберлік тәсілдері мен өзгеде индивидуалдық 
ерекшеліктерін талдау болып келеді. Әсіресе поэзия жанрын-
да жазған қаламгердің тілін тану деген сөзді оның поэтикалық 
тәсілдерін, ол тәсілдердің тілдегі көрінісін зерттеу деп тани-
мыз. Бұлардың барлығы да «жазушының стилі» деген мәселеге 
барып саяды.
Абай – ең алдымен ақын. Демек, оның тілі поэзия тілінің 
әдеби-көркемдеу тәсілдеріне қарай талдануы қажет. Бұл 
жағынан қазір біздің қолымызда жақсы ғылыми еңбек бар, ол 
– проф. Қ.Жұмалиевтің «Абай поэзиясының тілі» атты моно-
графиясы. Мұнда, автордың өзі айтқандай, Абайдың бүкіл тілі 
емес, соның бір-ақ жағы – поэзиясындағы әдеби көркемдеу 
тәсілдерінің көрінісі, яғни «поэтик тілі» талданады. Және 
зерттеуші бұларды жеке-дара алмай, Абайдың қазақ әдебиеті 
мен әдеби тіліндегі орнын айқындап, оның табыстары мен 
жаңалықтарын көрсете талдайды.
Екінші, Абай тілін тұтас алып, ондағы әдеби-көркемдеу тә- 
сілдерінен өзге де жақтарындағы индивидуалдық және дәуір- 
лік ерекшеліктерін зерттеуге болады.
Үшінші, Абай – әдеби тілдің проза жанрындағы бірқатар 
стильдердің ізін салған жазушы. Осы тұрғыдан Абай «Қара 
сөздерінің» тілін талдау арқылы қазіргі жазба әдеби тіліміздің 
сан салаға бөлінген стильдік тармақтарының даму барысын 
(алғашқы кезеңін) танып-білуге болады.


5
Төртінші, Абай тілінің сөздік құрамы мен грамматикалық 
құрылымын талдау арқылы қазіргі жазба әдеби тіліміздің 
белгілі бір кезеңдегі сипатын тануға болады. Мұның өзін де 
статикалық және динамикалық тұрғылардан алып екі бөлек 
зерттеу объектісі етуге және болады.
Бесіншіден, поэзиялық дүниелердің синтаксистік құрылы- 
сы прозадан өзгеше келетіндігі мәлім. Ол ерекшелік, бір 
жағынан, ұйқас (рифма), буын саны (метрика), шумақтарға 
бөліну-бөлінбеу (строфа), синтаксистік тұтастық т.б. сияқты 
өлеңге тән шарттарға байланысты болса, екінші жағынан, әр 
ақынның өз стиліне тән өзгешеліктерінен құралады. Бұл да 
Абай тілін зерттеудің бір үлкен объектісі болмақ.
Абай тілін танып-білуде бұлардың барлығынан басқа сан 
алуан жеке мәселелерді алуға және болады.
Сөз жоқ, Абайдай жазушының тілін осы айтылған жақтардан 
түгел қамтып, бір еңбектің ішінде талдау мүмкін емес. Және 
осылардың баршасы бір-екі зерттеушінің үлесіне тиюі тағы 
шарт емес.
Біз бұл жұмысымызда Абай тілін жоғарыда көрсетілген 
аспектілердің бірінен ғана алып талдадық. Ол – ұлы қаламгер 
тілінің лексикалық құрамы мен грамматикалық құрылысы. Ал-
дын ала ескертеріміз – бұл жұмыс стилистикалық зерттеу емес, 
яғни жеке сөздер мен грамматикалық тұлғаларды Абайдың 
ақындық-жазушылық шеберлігіне ғана байланыстырып талда-
маймыз. Негізгі мақсатымыз – тіл материалындағы Абайдың 
қаламына ғана тән ерекшеліктерді көрсету емес. Әзірге көз- 
дегеніміз – Абай сөздігін генетикалық (тектік) құрамына, 
сөздердің көне-жаңалығы мен тематикалық және мағыналық 
жіктелуіне қарай талдап, таныту. Сондай-ақ грамматиканың 
ең мәнді категорияларының бірі – сөз жасау құбылысы мен 
кейбір морфологиялық және синтаксистік тұлға-тәсілдердің 
жалпы Абай тұсындағы қазақ тіліндегі, оның ішінде Абай 
тіліндегі түр-сипатын, актив-пассивтігін, нормалануын 
көрсету. Сондықтан біздің бұл жұмысымыз бертіндегі дәуірді 
қамтитын тарихи лексикология мен тарихи грамматикаға 
жақын келетінін білдіреміз.


6
Зерттеу объектісі мен аспектісін бұлайша таңдауымыздың 
себебі мынада: Абай – дайын тұрған әдеби тілді пайдаланған 
қатардағы қаламгер емес. Абай – сол әдеби тілдің даму жо- 
лындағы жаңа дәуірін бастаушы, сапалық жаңа типінің іргета- 
сын қалаушы адам. Екінші, Абай – лингвистикалық талдау 
үшін үлкен мәні бар екі салада – поэзия және проза түрінде 
жазған адам, оның үстіне, поэзиясында да, прозасында да бір- 
неше жанрдың белгілері бар мұраның иесі. Осының барлы- 
ғынан Абай тілі өз тұсындағы қазақ жазба әдеби тілін белгілі 
бір шамада толығырақ көрсететін дәрежеде танылады. Сондық- 
тан Абайдың шеберлік лабораториясына үңілмес бұрын, 
оның сөздік құрамы мен грамматикасын таза лингвистикалық 
тұрғыдан тіркеп, жүйелеп талдап шығу қажеттігі сезіледі. Бұл 
талдаудың материалдары мен нәтижелері, бір жағынан, қазіргі 
жазба әдеби тіліміздің XIX ғасырдың II жартысындағы – өзінің 
басталар тұсындағы – лексика-грамматикалық сипатын белгілі 
бір дәрежеде танып-білуге септігін тигізер болса, екінші 
жағынан, ұлы ақынның жазушылық шеберлігі мен өзіне тән 
стильдік тәсілдерін және оның қазақ әдеби тілі дамуындағы 
шоқтығы биік орнын танытуға арналатын «Абайдың тілі» 
деп аталуға тиісті әдеби-лингвистикалық зерттеу жұмысына 
дайындық болар деген мақсатты көздедік.
Осы кітабымыздағы негізгі мақсатымыз ұлы ақынның 
стильдік ерекшеліктерін таныту болмаса да, сөз жоқ, біз тал- 
дауымыздың әр тұсында, қажеттігі туған жерінде, бұл мәселеге 
соқпай кете алмадық. Бұл – жазушы тілін қай аспектіде қарасақ 
та, ілесіп қалмай отыратын мәселе. Жеке грамматикалық 
тәсілдердің актив-пассивтігі, жеке сөздердің жаңа-көнелігі т.б., 
бір жағынан, тіл дамуының сол дәуірдегі жалпы дәрежесіне 
қатысты болса, екінші жағынан, кейбір тұстарда сөз етіп 
отырған жазушының өз қаламына, өзінің стильдік мотивтеріне 
байланысты болады. Сондықтан мүмкіндігінше объект етіп 
отырған материалдар аясында ұлы жазушының кейбір инди- 
видуалдық ерекшеліктерін көрсетуге тура келді.
Абай тілін сөз еткенде, негізгі тұжырым – Абай – қазақтың 
қазіргі жазба әдеби тілінің іргетасын қалаушы деген қағида. 


7
Бұл қағиданы белгілегендер – М. Әуезов, Қ.Жұмалиев,
С. Мұқанов, М.С.Сильченко, Б.Кенжебаев, Е.Ысмайылов т.б. 
сияқты әдебиет зерттеушілері мен Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, 
І.Кеңесбаев, 
Н.Сауранбаев, 
М.Балақаев, 
А.Ысқақов, 
Ғ.Мұсабаев тәрізді тіл мамандары. Проф. Қ.Жұмалиевтің 
«Абай поэзиясының тілі» атты монографиясынан
1
басқа 
Абай шығармаларының тіліне арналған жеке көлемді еңбек 
жоқ болғанмен, жоғарғы аталған ғалымдар әр кезеңде, әр 
тұста Абайдың қазақ жазба әдеби тілі тарихындағы атқарған 
рөлі мен алған орны туралы сөз етіп келді. Бұл ғалымдардың 
кейбіреулері жеке мақалалар арнап
2
, енді біреулері ұлы ақынның 
әдеби творчествосы туралы жазған үлкен монографияларының 
немесе басқа да еңбектерінің ішінде
3
Абай қолданған жеке 
сөздер мен кейбір көркемдеу тәсілдерін және грамматика 
саласындағы бірқатар ерекшеліктерін жүйелі түрде болмаса 
да, аз-аздап талдап көрсетіп келді. Сондай-ақ соңғы жылдары 
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет