-с, -тыр
сияқты етіс жұрнақтарымен келуі – айқын (түсінікті) емес. Сол
сияқты
жіпселеу
(«Өтегенге сенің тапсыруыңды
жіпселеп
жа-
тыр» – 278-бет);
бопайлау
(«Шамалхан тым етті-жеңді,
бопай-
лау
»
...
– 303-бет);
шабан-шалан жұрт
(332-бет);
ауыршылық
(«халық басына түскен
ауыршылық
» – 344-бет);
үскінді
(«қару-
жарағы сайлы, жүрістері
үскінді
»
–
301-бет);
жақжұты
(
«
жақжұты
, жүдеу тірлік» – 125-бет); «
жақ жұты
күй»
– 76-бет;
қайырмақтау
(«
...
сол төбеге қарап,
қайырмақтап
тұр
» – 184-бет);
матқапы (
«
матқапы боп
жүрмесін» – 301-
бет);
қоржын-қолаң
(55-бет);
аулық тарту
(«басым түсу»:
«қоржынның екінші басы
аулық тартып
тұр» – 64-бет);
апқау-
алғас
(«көпшіліктің тасып-төгілген
алқау-алғасына
» (алғысына
ма?);
мажыра
(«Ал бұл реткі
мажыра
мынадан туып еді» –
74);
қонақ-қопсы
(80- бет);
отырықты ел
(117-бет). Жазушы
барлық жерде дерлік басында,
бастапқыда
деген сөздерді
ба-
стабында
деп қолданады.
Бұл сөздердің бәрін бейнорма, әдеби емес бірліктер деуге
болмас, көбін мағыналарын айқындап, түсіндіріп, қолданысқа
енгізуге әбден болады. Тіліміздің лексикалық нормасы –
қазынасы түгелденіп болды дей алмаймыз, сондықтан әр
жазушының орынды қолданған бейтаныс сөздерінің түптөр-
207
кінін анықтап, семантикалық реңктерін ашып, орынды жерінде
кәдеге асыру керектігін баса айтамыз.
Шығарма мәтінінде жеке сөздердің берілуіндегі екі нәрсеге
және көңіл аударсақ. Өзге кейбір қалам иелері сияқты, Қабдеш
те бірді-екілі сөздерді қате немесе орнын таппай қолданған.
Мысалы, романның екінші кітабында Абылай хан Қытай
елшілеріне айтқан сөзінің бір жерінде: «Ел тағдырына ат-
таныспен қорғанысқа байланысты
мәселелер
хан кеңесінде
талқыланып
барып
шешіледі»
(37-бет), осы сөздің жалғасында:
«Мұнда
мәселе дұрыс қойылмаған»
(38-бет), – дейді. XVIII
ғасырдағы Абылай хан емес, құдды бұдан 15-20 жыл бұрынғы
Кеңес үкіметі басшыларының бірі немесе бүгінгі жиын-сесси-
яларда баяндама жасап тұрғандардың сөзіндей болып шыққан.
Айта кетелік, бірді-екілі жерде болмаса, жазушы мұндай
жаңсақтарды көп жібермейді, ел тұтқасын ұстағандардың шар-
шы топ алдында сөйлеген сөздері мүмкіндігінше сол дәуірге
сәйкестендіріліп беріледі.
Екінші бір ескеретін нәрсе – бүгінде қолданылмайтын,
мағынасы күңгірт тартқан көне сөздерді қолдануда да үлкен
түсінік пен сақтық керек. Мысалы,
сұрқылтай
деген сөзді
қазіргі кейбір жазушыларымыз өзге сөздермен тіркестіріп,
оңды-солды жұмсай береді:
сұрқылтай заман, сұрқылтай
аттар
т.т. Ал бұл сөз «Әр ханның тұсында бір сұрқылтай»
деген нақыл сөзде кездеседі. Түркі-монғол заманынан келе
жатқан
сұрқылтайдың
түптөркіні – монғол сөзі («оқытушы»,
«үйретуші», одан барып «кеңесші», «ақылшы» деген мағы-
надағы сөз), ертеректегі хандық дәуірлерде бүгінгі елбасшы-
лары сияқты, хандардың да кеңесшілері, ақылшылары болған,
оларды
сұрқылтай
деп атаған. Бұл сөзді тіпті XIX ғасырлар-
дағы кішігірім елбасылары да білген, қолданған. Мыса-
лы, Жетісуда Шыңғыс әулетінен төрелік еткен Тезек төре
Сүйінбаймен айтысында:
Тұсында Абылайдың Бұхар жырау,
Хан Әділдің кезінде Түбек тұр-ау.
«Әр заманның бар дейді сұрқылтайы»
Сұрқылтайым менің де екен мынау, –
дейді ғой. Бұхар жырау – Абылай ханның ақылшы-кеңесшісі,
яғни сұрқылтайы болған. Зерттеуші Мырзатай Жолдасбековтің
жазуына қарағанда, Тезек төре Сүйінбайды да, Бөлтірікті де
208
ығына жығып, өзінің сұрқылтайы еткісі келген (М.Жолдасбеков.
Асыл мұралар, 1990, 153-бет). Сұрқылтайлар – негізінен қазақ
хандарының да кеңесшісі, сөзін сөйлейтін ділмары, ақыны,
жырауы бо лып келеді. Сондықтан Абылай ханның аузына
«сұрқылтай
заман тағы да сүңгілеп тұрғызбаса не қылсын»
деген сөздерді салып (2-кітап, 23-бет) жазушы «жаза басқан».
Сол сияқты бірнеше жерде кітапта кездесетін
«бүлінгеннен
бүлдірге алма» деген мәтелдің дұрысы –
«бүлген елден
бүлдіргі
алма» болуы керек, өйткені
бүлу
деген етістік бұрынырақ «ой-
рандалу, жеңілу, ыдырау» деген мағынаны білдірген;
бүліну
дегенмен түбірлес болса да,
бүлу
етістігі өз алдына жеке көне
сөз болған. Жырларда кездесетін: «он сан ноғай
бүлгенде,
Ор-
манбет хан өлгенде...», «Еңсесі биік кең сарай Мортық болар
бүлген
соң»... Күні кешегі Махамбет ақын толғағанда: «Біздің
Ер Исатай өлген күн, Он сан байтақ
бүлген
күн» дегендердің
барлығында –
бүліну
емес,
бүлу. Бүліну
дегеннің негізгі
мағынасы – «бір нәрсенің бұзылуы, қирауы», ал
бүлу –
белгілі
бір жұрттың (хандықтың, патшалықтың, тайпалар одағының,
тіпті ауылдардың) жаудан жеңіліп ойрандалуы, ыдырауы,
тозуы.
Бүлу
етістігінің бұл мағынасы күңгірттеніп, пассив
қолданысқа кеткен соң кейінгі ұрпақтар оны мағынасы жуық
бүліну
тұлғасымен ауыстырып алған.
Қ.Жұмаділов бұл романында да, өзге туындылары сияқты
қазақтың небір әсем мақал-мәтелдерін, тіпті олардың бұрын
біз көп естімегендерін өте орынды және көптеп қолданады,
бітімін бұзбай, өте ұқыптылықпен жұмсайды. Сондықтан
оның мақал-мәтелдерге келгенде, бір жерде жіберген ақауын
айтып жатқанымыз өзге жазушыларға жасаған ескертпеміз де-
сек болар.
Соңғы онжылдықтарда дүниеге келген қазақ тарихи ро-
мандарының тілін, стилін тарихи шығармалардың стильдік
тезге түсуі тұрғысынан талдадық. Бұл ізденістегі негізгі әңгі-
ме стильдік тезге салудағы амал-тәсілдердің (белгілердің)
және бір амалдарын көріп-тануға мүмкіндік берді. Ол –
жазушының белгілі бір тарихи кезеңнің материалдық реа-
лийлерін дұрыс, біршама толық көрсе ту шеберлігі мен табы-
стары. Бұл да – әлем әдебиетінің қай-қайсысымен де қазіргі
қазақ көркем әдебиетінің терезесі тең шоқтығы биік екендігін
танытатын белгінің бірі.
209
КӘДІРБЕК СЕГІЗБАЙҰЛЫ
Достарыңызбен бөлісу: |