Р. Сыздык 6-том indd


Қазақ тілінің ұлттық көркем әдеби нормалары



Pdf көрінісі
бет130/154
Дата21.12.2023
өлшемі1,64 Mb.
#141972
түріБағдарламасы
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   154
Байланысты:
Рәбиға Сыздық (1)

Қазақ тілінің ұлттық көркем әдеби нормалары
Ең алдымен, «норма дегеніміз не?», «оның белгілері қай-
сы?», яғни «оған қойылатын талаптар қандай?» дегенді анық-
тап алу қажет. Норма категориясын да бұл жерде екіге айы-
рып анықтау керек болады: бірі – 
жалпы тілдік норма, екін- 
шісі – көркем әдеби тіл норма
с 
ы.
Тіл білімінде жалпы тілдік норманы анықтайтын мынадай 
белгілер көрсетіледі:
1. тілдің жүйесіне, яғни тілдің өз заңдылықтарына, оның 
ішінде грамматикалық заңдылықтарына сәйкес келуі;
2. дәстүрлік белгісі, яғни әдеби нормаға сәйкес келуі;
3. солай қолданылып кетуге, яғни тілдік узусқа қатыс-
тылығы
58
.
Бұл үш талапты қазақ тіліне қатыстырып, көпшілікке 
түсінікті етіп айтып берген еңбектер бар. Солардың ішінде, 
әсіресе Н. Уәлиевтің «Сөз мәдениеті» атты кітабын («Мектеп» 
баспасы, 1984,11-44-беттер) атауға болады.
Бұл жерде әдеби тіл нормасының тұрақтануына көбіне-
көп белгілі бір тілдік құбылысты (элементті) әлеумет тара-
пынан бағалау, яғни дұрыс деп қабылдап, қолданып кету 
үлкен рөл атқарады. Мысалы, белгілі бір атаққа, мамандыққа, 
өнерге т.б. ие адамды атауда соңғы кездерде 
-гер
жұрнағын 
58 
Граудина Л.К. 
Вопросы нормализации русского языка. - М, 1980. - С. 163.


255
активтендіру әлеумет (көпшілік) талғамынан шығып отыр, 
соның нәтижесінде бұл күнде қазақ әдеби тілінде оның 
публицистикалық және көркем әдебиет стильдерінде, радио 
мен теледидар тәжірибесінде 
майдангер, ардагер, иегер, 
тәлімгер, қаламгер, жүлдегер, баспагер 
сияқты ондаған сөздің 
қолданылуы нормаға айналды. Сол сияқты жаңа атаулар жа-
сауда 
нама, хана
сөздерін пайдалану әлеумет талғамынан 
шығып, көпшіліктің «оң жамбасына келіп» отыр, сондықтан 
қазір 
дәуірнама, жаднама, ғарышнама, халықнама, сапарна-
ма, өмірнама, мадақнама; перзентхана, жазхана, дыбысхана, 
дәмхана, төлхана, ойынхана 
сияқты сөздердің жасалуы да, 
қолданылуы да кәнігі құбылыс болып, нормаға айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет