258
таурын үлгілерінің жоқтығы,
еркіндігі,
яғни синонимдердің
молдығы, семантикалық құрылымының сыйымдылығы, сөз
жасау тәсілдерінің икемділігі, сөйлемдегі сөздердің орын
тәртібіндегі біршама
еркінділік.
Міне, орыс тіліне тән ұлттық белгілер осылар деп атай келіп,
бұларды ұлттық әдеби норманың да негіздері ретінде таниды
60
.
Ұлттық көркем тіл стилі, оның нормалары жазушы мен
оқырманның талғамынан туады. Көркем стильдік нормалардың
қалыптасып, орнығуында жазушылардың рөлі зор екендігі
белгілі. Шын мәнінде, көркем әдебиет тілі жалпы әдеби тілмен
тығыз байланысты бола отырып, онымен тарихи контексте
дами келіп, сол тілдің шоғырланған көрінісін береді.
Қазақ көркем сөзінің ұлттық белгілерін анықтауда біз де
осы танымды ұстанамыз, яғни көркем әдебиет стилінің нор-
малары, бір жағынан, жалпы әдеби тіліміздің ұлттық ерек-
шеліктерімен ұштасып жатса, екінші жағынан, ол нормалар
көркем әдебиет тілінің ұлттық белгілерін ұсынатын қуатты көз
болып танылады.
Қазақ әдеби тілінің ұлттық белгілері, біздіңше, мыналар:
1. басын аса бай ауыз әдебиеті тілі мен ауызша туып, ау-
ызша тараған поэзия мен прозалық үлгілер тілінен алған
ұзақ
дәстүрлі
(тарихы үлкен) тіл екендігі;
2. аса
бейнелі
тіл екендігі, яғни бейнелі (образды) фра-
зеологизмдердің молдығы, теңеулердің активтігі т.б.
3.
лексикасы бай
тіл екендігі, яғни синонимдердің көптігі,
халықтық терминологияның, жарыспалы қатарлардың мол-
дығы;
4.
лексикалық, грамматикалық мүмкіндігі күшті
тіл
екендігі, яғни сөз жасау тәсілдерінің икемділігі, өзге тілдер-
ден сөз қабылдау қабілетінің күштілігі, семантикалық құбы-
лымға бейімділігі;
5. қазақ халқы мекендеген барлық аймаққа ортақтық қа-
сиетінің күштілігі, яғни диалектілік
Достарыңызбен бөлісу: