– Ойбу, мына жаның шыққыр қайтеді, сонша әкесі өлгендей
асыққаны несі!... Әй, Жанар, Жекен-ай, аман бол, айналай-
ын, айналайын, қарақтарым, әшейін, садағаң болайын, шырақ-
тарым әшейін...
Бұл – пойызға әрең мінген Хадишаның өзін шығарып
салған қызы – Жанар мен күйеу баласы Жекенге айтқан сөзі,
тұтасымен одағай, қаратпа, қыстырма сөздерден тұрады деуге
болады. Нағыз ауызша тілдің үлгісі.
– Барысхан-ай
, мына арамды ұрып жіберші,
ө, өле қал-ғыр,
ых, ых! –
деп Арзы апам қара есектің қос өкпесінен тепкіледі
(37). Арзы апасының аузынан шыққан бір ауыз сөзде қаратпа
да, одағай да, қарғыс та бар.
Осы жерде бірден тұжырымымызды айта кетсек, Ш.Мұр-
тазаның аталған жинақтағы әңгімелері жарты ғасыр бұрынғы
қазақ аулындағы қарапайым адамдардың ауызекі сөйлеу
тілін жақсы көрсеткен үлгілері деп танимыз. Егер біз «ауыл
тілі», «қала тілі» деп сөйлеу тілін ажыратып қарап, айыр-
машылықтарын іздер болсақ, осы әңгімелер тіліне үңілер
едік. Оның үстіне жайшылықтағы сөйлеу тілі ғана емес, қиын
күндердегі, адамдардың белгілі бір психологиялық хал кеш-
кен кездердегі ауызекі тіл үлгісін, сөз қолданыстарын байқар
едік. Мысалы, мұндағы ересек кейіпкерлер, «тумай жатып
әкесін жалмаған үш жалмауызды қалай асырарын білмей
жаны ышқынған Айша сияқты әйелдің, Хадиша сияқты
ерінен айырылған «1941 жылғы келіншектің» аузынан қарғыс,
78
ренішті сөз дегендерің будақ-будағымен шығады:...
«Шала-
бай шіркін
... – менің қайным ғой,
қайын болмай қата қалғыр,
қоржынды маған ұстатуға жарамады... (7). Бұл – Хадишаның
сөзінен келтірілген мысалдар. Әрі қарай да ол Ақанай кемпірге:
«ерніңе күйдіргі шыққыр, қараң қалғыр»,
– деп сөйлейді. Тіпті
ол жүріп кеткен пойызға «мына
жаның шыққыр
қайтеді-ей!»
деп кіжінеді (11). Мұндай жағымсыз эмоцияны білдіретін
арнау не қарғыс сөздер
(шешек алғыр Зуайда, тауы түскір,
қараң қалғыр, жерге кіргір
сияқты) кейіпкерлердің аузына
салынғанда, олардың көңіл күйі, көзқарасы, ықылас-ниеті
жайында жазушы өз сөзімен баяндап жатпауды көздейді. Бұлар
кейіпкер портретін (бейнесін) жасайтын құралдардың біріне
айналады. Бұл да – үнемдеу принципінің бір шарты болар.
Айшаның аузына жиі ілінетін «тумай жатып әкесін жалмаған
үш жалмауыз» – шындап келгенде, қарғыс та емес, жетімдерді
асыраудың қамын ойлап, жаны қиналған кейіпкердің бейнесін
жасайтын тілдік амал. «Ұзақ командировка» деген әңгімеде
әке-шешесі ажырасып, әкесін көптен көрмеген баланың аузы-
нан
жүз жыл өтті, жүз жыл бұрын еді, жүз жыл өтті
ғой
деген сөздер жиі шығады. Осы бір ауыз сөзбен жазушы
әкесін күтетін, оны сағынған баланың образын жасайды.
Бала әкесін ұзақ командировкада жүр деп ойлайды, ол әкесін
күтеді, ол әкесін өте сағынған деген сөздерді автор айтпайды
бұл сөздердің қызметін баланың қайталай беретін жоғарғы бір
ауыз сөзі атқарып тұр.
Ауызекі сөйлеу тілі элементтерінің өмір шындығымен
астарласып жатқандығы сондай, мысалы, соғыс кезіндегі
адамдардың аузынан шығатын теңеулер
тікесінен ұйықтап
тұрған тұтқындар сияқты
(127) (күнбағыстың бастары ту-
ралы),
жалғыз шынар
–
әскері түгел тып-типыл қырылған
генералдай
состиып, есеңгіреп тұрған (116),
қан майданнан
контузия болып қайтқандай
безеріп қалсам керек (87) сияқты
болып келеді. Қазіргі ауыл адамдарын жазушы дәл осы лай
сөйлетпес еді. Бұл теңеулер – соғыс кезіндегі үлкен-кішілердің
танымы, көз алдына келген теңеулері.
Осындай шындықтың бір ұшы – сөйлеу тілінде қарапайым
орыс сөздерінің араласуын көрсетуге барып тірелген. 1940
жылдардың ішінде-ақ ауыл адамдары тілінде бірлі-жарым
79
орысша сөзді қосып сөйлеудің басталғанын білеміз. Ал
соғыстан кейінгі айталық, 60-70-жылдардағы қазақтардың,
әсіресе өндіріске, қала тұрмысына көше бастағандардың
тілінде орыс сөздері оңды-солды келтіріле бергенін жазушы
«Жазғы демалыс» атты әңгімесінде жақсы көрсеткен. Метал-
лургия комбинаты тарландарының бірі, Социалистік Еңбек Ері
– Жоламанның интеллигент әйелі:
Достарыңызбен бөлісу: |