Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет54/154
Дата21.12.2023
өлшемі1,64 Mb.
#141972
түріБағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   154
Байланысты:
Рәбиға Сыздық (1)

Тайлан орнынан атып тұрды, бет-аузын көміп кеткен күл- 
тозаңды сүрткен жоқ. Тәлтіректеп басып, алақандай егіс- 
тікке беттеді. Егістіктің шетіндегі шаншулы күйінде қалып 
қойған күрекке барды
(260).
Әңгіме бұл жерде жай не ұзақ күрделі, құрмалас сөйлем-
дердің қайсысының көп, қайсысының аздығында емес, олар-
ды санаудың да қажеті жоқ. Айтпағымыз – стильдік сұраныс 
пен тілдік көріністің сәйкес түсуі – жазушы шеберлігін та-
нытатын белгілердің бірі екендігі. Мүмкін, сондықтан кейде 
ширек, тіпті жарты беттік бо лып келетін ұзақ сөйлемдердің 
оқырманды жалықтырмайтынына, ол тұстарды да бір демде 
оқып шығатындығына осындағы мазмұн мен түрдің үйлесімі, 
гармониясы себепкер болар.
Енді роман тіліндегі кейбір жеке сөздерге қатысты бірқатар 
талдау жасалық. Жазушы бір алуан сөздерді кейіпкерлердің 
кім екеніне қарай құбылтып келтіреді. Мысалы, Тевкелев 
сөйлегенде не ойлағанда қазақтарды әрдайым 
қырғыз-қайсақ
жұрты деп атаса, Нұралы 
қазақ жұрты
дейді (320), автор өзі 
башқұрт
деп отырған халықтың атын қазақ кейіпкерге 
естек
деп ататтырады (338). Бірақ сөздердің мұндай варианттарын 
даралап жұмсау аса көп емес.
Бұл шығармада жеке сөздердің қолданысында көзге түсетін 
нәрсе – әдеби тіліміздің бүгінгі лексикалық нормасында көп 
кездеспейтін кейбір сөздердің, тіркестердің қолданылғандығы. 
Бұлар – сан жағынан көп емес және барлығы бірдей норма-


105
дан тыс тұрған элементтер емес. Олардың бір тобы суреттеліп 
отырған заманда болған қару-жарақ, сауыт-сайман, киім-кешек 
атаулары болып келеді. Біздің байқауымызша, жазушы бұндай 
атауларды, Мұхтар Мағауин сияқты, «ат сабылтып» іздеп табу-
ды өзіне міндет етпеген, бірақ, сөз жоқ, мүмкіндігінше, қолына 
(көзіне) түскендерін орынды келтірген. Мысалы, сол кезеңде 
қазақ әскері қолданған мылтық түрлерін 
күлдір мамай, жеке-
ауыз, бірауыз, қандыауыз, жездіауыз, шиті, берен
деп, сау-
ыт-саймандарды 
жалаңқат, зере, кіреуке тон
деп көрсетеді. 
Бұлардан басқа да 
көк найза, ақ алмас, садақ, шар болат 
сияқты 
көне қару-қалқан атаулары, 
дулыға, жағы
сияқты сөздер, 
даңғырашы, сайыскер, қылышкер, садақшы, мерген 
деген әс-
кери адам атаулары жиі қолданылады. Бұлардың ішінде осы 
шығармада қолданылған 
айдауыл, торуыл, тосқауыл, қарауыл
деген әскери топ атаулары өте қызғылықты. Демек, бұл сөздер 
– түркі-монғол халықтарына ортақ ертеден келе жатқан көне 
әскери терминдер болса, олар XVIII ғасырда да қолданыстан 
шықпады дегенге меңзейді. Бұл күнде ұлттық гвардиямыз 
жасақталып жатқанда 
до зор

авангард, арьергард 
сияқты 
кірме сөздердің орнына бұрыннан бар 
шыңдауыл, ертеуіл, 
шығауыл

айдауыл, тору ыл, тосқауыл
деген сияқты түркі-
монғолдық көне терминдерді кәдеге асыруға әбден болар еді, 
ал олардың қайсысы қай кездегі қазақ әскерінде қолданылып 
келгенін біліп отырғанымыз да жөн, өйткені әскеріміз бен 
қару- жарақтарымыздың тарихы – халқымыздың тарихы, арғы 
кезеңдерді былай қойғанның өзінде, XVIII ғасыр қазақ қоғамы 
үшін соғыстар мен жорықтардың, шұбыра көшу мен жөңкіле 
қоныс аударудың заманы болды, мұны XVIII ғасырдың өн 
бойында жасап өткен ақын-жыраулардың өлең-жырларынан 
жақсы білеміз. Бұларда, жоғарыда көрсетілгендей, қару-жарақ, 
сауыт-сайман, әскери топ атау лары орын алғанын біз де, өзге 
зерттеушілер де нақты фактілермен көрсетіп келдік. Демек, 
Ә.Кекілбаевтың «Үркер» мен «Елең-алаң» романдары осы 
саладағы білім-танымымызды күшейте түсетін көздерден са-
налады.
Қазақ қауымының соғысып, арпалысып өткен жауының не-
месе панасын іздеген патшалықтың әлеуметтік-әскери, әкім-
шілік құрылымын білдіруге келгенде, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет