108
Сирек кездесетін немесе көнеріп, мағынасы күңгірт тартқан
сөздердің, диалектизмдердің өзге функционалдық стильдер
емес, көркем әдебиет стилінде қолданысына келгенде өзгеше
шарт қою керек сияқты (әңгіме – кейіпкерлер тілінде емес,
авторлық баяндау тексінде жұмсалуы жайында). Бұл пікірді
біз әрдайым айтып келеміз және оны пікір жазушының тілін
талдау арқылы емес, тұтастай алып, әр өлкеден шыққан кәрі-
жас қаламгерлердің көркем дүниелерінен материал жинап, өз
алдына ғылыми тақырып етіп, жеке зерттеу ұсынбақ ойымыз
бар (әрине, Құдай қуат берсе делік, ал өзіміз жаза алмасақ,
ондай ізденістің бағыт-бағдарламасын, зерттеу жолдарын,
теориялық негіздерін айқындап, шәкірттеріміздің еншісіне
қалдырмақпыз).
Жеке сөздерге келгенде, автордың өзі іздеп тапқан, не өзі
жасаған (көбінесе тіркестер) тұлғалар да жоқ емес. Мыса-
лы, жоңғардың (қалмақтың) сұлу қызын (әйелін)
сұқсыр
деп атауы,
сойыл дос, қамшы дос
(34),
күп тұран
(шамасы
жаңбыр жауғанда су үстайтын күп не тұран болса керек –
25),
сәлдекендей
реніш (31), аспанның
лайытқан
қалпы (33),
елбе-селбе киімдей
жұтырайып
тұр (42),
ызғындай
қала
,
ызғындай
Сайрам (61, 62),
әрқайын
дүние,
кемталай
халық
(69),
шажырқай
боп туған Шыңғыс әулеті (79),
батымды
болу
(82),
қойманшы
(«қамшысын ортаға тастамай қойшы сөйлер,
қойманшы
сөйлер» – 126), шөбі
тұяқкешті
бола қоймаған,
мәмлехана
(елші қабылдайтын жай, зал – 153),
мәмлегер
(«ди-
пломат» мағынасында – 203),
жаубасарлар
(205),
жолығыс
(жолығысқа шақыру – 219),
тұқым-тебер
(223, бұл тіркес
әдеби тілде
тұқым-тұқиян
түрінде келеді),
дегелшіктер
(387),
тұрымтай мәслихат
(461),
мөлт
қара (5) және
мөлттей
қара
(524),
ыңғайтек
(581);
басына тауан іздеу (А61), бетжүздік
(424),
Достарыңызбен бөлісу: