Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет75/154
Дата21.12.2023
өлшемі1,64 Mb.
#141972
түріБағдарламасы
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   154
Байланысты:
Рәбиға Сыздық (1)

жоқ 
(178,161), 
дұрыс, рас 
(І, 
128) сияқты сөздер жеке тұруға бейім, өйткені олар көп сөзбен 
берілетін ой екпінін қабылдап, оқшауланған бір өздері көп 
нәрсені баяндайды.
Бірнеше бірыңғай идеяны қатар келтірілген бірнеше пар-
целляция етіп беру де М.Мағауин тіліне тән. Мысалы:
Саудаға келгенде, Сейтек көпті көрген Қадырғалидың өзін 
дағдартып жүрді. Жүйріктігінен емес. 
Пәтуасыздығынан. 
Кеңеседі. Келіседі
(І, 185). Бүкіл елдің ақыл, саясаты сол арадан 
өріс табады екен. 
Қайтпас қайсар. Мұқалмас қажыр. Терең 
ақыл. Тиянақты саясат. Біл. Ұғын. Үйрен 
(І, 260). 
Бұл үзікте Ораз-Мұхамедтің орыстың байтақ қаласы – Мәскеу 
мен оның қасиетті ордасы, қолқа жүрегі – Кремль туралы ойы 
берілген. Автор бір емес, жеті парцелляциямен көп нәрсені, 
дәлірек айтсақ, «кіріптар болып келген қазақ сұлтанының» 
Ресей патшалығын алғаш қалай танығанын суреттейді. Бұл 
да – ой, мүмкін, 1-кітаптың 3-бөлімінің «Мұнарасы биік 
Мәскеу» деп берілген 1-тарауының алғашқы екі-үш беті қысқа-
қысқа сөйлемдермен, бірнеше парцелляцияланған сөзбен 
(сөйлем мүшелерімен) келгендігі – автордың баяндауы емес, 
кейіпкердің ойы болғандықтан шығар.
Қысқасы, парцелляция – біз тілін талдап отырған шығармаға 
тән стильдік-синтаксистік белгілердің бірі, ол жа зушы 
М.Мағауин таңдаған ұтықты тәсіл болып шыққан.
Романның жалпы синтаксистік құрылымында назар ауда-
ратын өзге де сәттер бар. Автор әр ситуацияға байланысты 


142
баяндаудың (суреттеудің) синтаксистік бітімін (берілісін) 
әртүрлі етуді көздеген, ізденген және бұған әдейі барған. Мұнда 
жазушы әрбір сөйлемді жаңа жолдан бастап (әрине, жазуда со-
лай берілуі – қалам иесінің талғамы) жазған тұстар бар. Бұл 
жағдайда қандай мақсат көзделген? Мысалы, Ораз-Мұхамедтің 
белгілі саясатпен Ескерге (Ібір-Сібірге) жол жүрер алдында 
қазақтардың Абдолла ханға қарсы аттануға бет алғанын естіген 
ситуацияны жа зушы былай баяндайды:
Сұлтан мен бек суыт жүрісті қосар аттыға төрт-ақ күндік 
жердегі Ескер қаласына жаушы жіберіп, жақсы хабар алған 
шақта арттағы елден – астана жұрты Созақтан жүйріктерін 
зорықтыра, шұбыра шауып шапқыншы келген.
Шұғыл жүріс, тығыз бұйрық.
Ораз-Мұхамед қуана алмады.
Реніш, кейіске және жол жоқ.
Ақыл ісі емес, ашу ісі.
Тепкі титығына жеткен, ашынған елдің еріксіз қимылы
.
Бірақ арты... ақыр түбі немен тынбақ?
(І, 114). 
Міне, алты сөйлем алты абзац (жаңа жолдан басталып) 
жасап тұр. Сірә, автор бұлайша орналастыру арқылы әрбір 
сөйлемде айтылған ойды көп сөзбен талдап, түсіндірмей-ақ, 
осылайша келте-келте қайыру арқылы әрқайсысына назар 
аудартқан болар. 
Келесі бетте де дәл осындай синтаксистік-графикалық 
тәртіп бар: Арада екі-үш апта өткенде, бүкіл Сары Арқадағы 
қару сілтеумен көзін ашқан тәжірибелі аламан атаулы тегіс 
түстікке бет түзеген.
Елу мың қол.
Кісі басы қос ат, үш ат.
Күндіз-түні шабуылдамақ.
Бірақ алды майданға ілінгенде, арты жол ортасында 
болмақ
(І, 146).
Егер жазушы айтпақ сөзін бұлайша түзбегенде, текст мына-
дай түрде құрылған болар ма еді: «...тегіс түстікке бет түзеген. 
Бұл – елу мың қол құраған қосын еді. Қосынның әрбір аламаны 
кісі басы қос-қостан, үш-үштен ереуіл аттар алған, өйткені олар 
күндіз-түні шабуылдамақ. Бірақ қосынның шұбалаңқы, көптігі 


143
сондай, алды майданға...». Ал жазушы баяндаудың мұндай 
қалыпты ретін сақтағанда, оқырманға ететін эмоциялық әсері 
басқаша, яғни жай ғана информация алу болар еді. Кітаптағы 
жазылу тәртібі – әр сөйлемнің жаңа жолдан басталуы – 
оңтүстікке, Абдолла ханға қарсы аттанған қазақ әскерінің 
көптігіне («Елу мың қол»), жорыққа жақсы сайланғанына 
(«Кісі басы қос ат, үш ат»), үлкен ұрысқа бекінгеніне («Күндіз-
түні шабуылдамақ») оқырман назарын аудартуға көмектеседі.
Қайталама тәсілін М.Мағауин де қолданады. Бірақ оның 
көрінісі Ә.Кекілбаевтағыдан өзгеше болып келеді. Мысалы, 
тарихты баяндаудың үш түрлі жол-тәсілі-аспектісі жөнінде 
философиялық толғауды беруде жазушы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет