186
алған әйелдер тобына күйеуі сияқты бастық болғысы келетінін
оның қылығынан, іс-әрекетінен, қысқасы, жаңа жағдайдағы
«тәртібінен» байқап қалған сезімтал Нәзира оны: «Бастық
болғысы келіп... соншама
тыштаңдаған, тыраш
нәрсе» (114-
бет), – деп сынайды. Бұл жердегі
тыштаңдаған
деген сөз –
күнделікті сөйлеуде қолданыла беретін бағалауыш сөздердің
бірі. Оны әдетте қарапайым, тіпті дөрекілеу сөз деп танып
жүрміз. Мұндай сөздердің экспрессивті бояуы өте қою болады.
Нағыз жағымсыз баға,
тыштаңдаған, тыраштанған, тыраш
әйел демей,
нәрсе
деудің де стильдік сыры (жүгі) көрініп тұр:
адамды нәрсе дей салу бір қарағанда, ауызекі сөйлеуде кетіп
жататын жаңсақтық, ағаттық болып көрінуі мүмкін. Бірақ жа-
зушы Нәзираның аузымен осылайша айтқызғанда, осынау бір
жағымсыз кейіпкерге әншейінде бас командирдің әйелі екенін
әдейі көрсетіп, өзгелерге ақыл айтып, тіпті саяси үгіт-насихат
жүргізіп жүретін, бірақ бастарына қиын күндер туғанда,
мүсәпір кейпін көрсеткен Елизавета Семеновнаға деген
жеккөрінішті қатардағы өзі сияқты адам санатына қоспайтын
таным Нәзираға осылай айтқызады. Міне, көркем дүние тілі
үшін сөз таңдаудың «көкелері» осындай және оларды бұл
романның тілінен «күреп алуға» болады.
Нәзира-автор – өте нәзік жанды, сезімтал, көріп білгеніне
өз бағасын бере алатын іштей «білімі жоғары» жан. Әсіресе
ол адамдарды танығыш, бұл өскен орта – әке-шеше тәрбиесін
көрген, әжесінің ақылы мен сөздерін құлағына құйып өскен
орта болғандықтан, кәрі-жас әрбір адамға өз көзімен қарап та-
нып дағдыланған. Нәзира қиыр шетте, қиын жағдайда жүргенде
де айналасын тани жүруден көз жазбайды. Жан досы (подру-
гасы) – Светадан бастап, өзі бірге соғыс өртінен (елге жету
үшін) қашып келе жатқан әйелдердің барлығының дерлік бет-
бейнелерін, мінездерін, сөйлесу мәнерлерін аз сөзбен дәл та-
ныстырып отырады; балапандарын шұбыртқан тауықтай, төрт
кішкентай баласы бар, бірақ сабырлы, асып-сасуды білмейтін
Ираида Ивановна,
Достарыңызбен бөлісу: