23
сияқты қара сөзбен келетін дүниелерді көркем прозаның
негізі ғана емес, түпкі үлгілері деп танимыз. Бұлардың қазақ
жұртының күнделікті және әлеуметтік өмірінде әсері (қызметі)
күшті болған. Бұл үлгі көркем прозаның, оның авторлы жаз-
ба түрлерінің дүниеге келуінде үлкен рөл атқарған, әлеуметтік
үн алған тартыс-айтыс туғызбай-ақ әрі қарай жалғасқан.
Екіншіден, қазақтың көркем прозасының жоғары сападағы
жазба түрін тудырушылар Ыбырай Алтынсариннен бастап,
алғашқы роман авторларының Бейімбет, Мұхтар, Жүсіпбек
сияқты үстіміздегі ғасырдың 10-20-жылдарында еңбектенген
жазушылардың барлығы да – білім-ғылыммен орыс тілінде
сусындағандар.
Демек, олардың жазушы ретінде қалыптасуына, ізденіс-
теріне орыс көркем әдебиетінің, әсіресе прозалық дүниелердің
ықпалы күшті болған. Бұл ықпал тек әңгіме, повесть, роман-
дардың структуралық (құрылымдық) бітімдерін дұрыс
құрастыру, фабуласы, яғни шығарманың кейіпкерлері мен
окиғасын таңдайтын сюжеттік негізі, баяндау мәнері, үні де-
ген сияқты таза әдеби (шығармалық) талаптарда ғана емес,
тілінің шығарма түріне (жанрына) сай, оқырманға түсінікті
және әсерлі болуы, жергілікті немесе ауызекі сөйлеу тілі
элементтерінен жоғары тұруы тәрізді талаптарға келгенде де
мықтап ізін салған.
Алғашқы көркем проза тілі жайындағы бұл шолуды әрі қыс-
қа қайырып, әрі тек бірер қаламгердің шығармашылығынан
ғана мысалдар келтіріп отырғанымыз – негізгі зерттеу объекті-
мізге баратын «жалғыз аяқ көпір» салғанымыз. Бұл – қазақ
проза тілінің қалыптасу жене даму тарихын хронологиялық
тәртіпті сақтап функционалдық стильдерге ажыратып алып, өз
алдына жеке зерттейтін үлкен тақырып.
Ал негізгі сөзіміздің арқауы – Мұхтар Әуезовтің 20-30-жыл-
дардағы әңгіме, повестерінің тілі, яғни бұлардағы жазушы-
ның сөз
Достарыңызбен бөлісу: