ақтармалап
сою, ұстаған
түлкі, қасқыр сияқтыларды
ақтармалау
(Түсіндірме сөздік
бұл сөзге: «мал сойылғанда, ішін жарып, ішек-қарнын,
өкпе-бауырын бөліп алу деп анықтама береді, І том, 150-
бет) белгілі процесті бір сөзбен жақсы білдіреді, сол сияқты
«
жалбылап
жүру», «
құндыздап
жүру», «
быжғылдап
ұру»
дегендердегі көсемше тұлғасымен беріліп тұрған іс-қимыл
сындары мен «
кәпірстан
мінез», «
кәпірстан болу
» дегендер –
әрі ықшам, әрі экспрессиялы сөздер, олардың әдеби нормаға
еніп, «көпшілікқолды» болу әлеуеті (потенциясы) зор екені
45
күмәнсіз. Ал
майдан
(«айқасу, арпалысу»),
тілегіне табылу
(«тілегіне құлақ асу»),
шеңбер бұзу
(«шырық бұзу»),
дайыны
жоқ сөз
(жүйесіз, бәтуасыз) тәрізді тіркестер тіпті жергілікті
қолданыстар болмауы да мүмкін (оларды біз диалогтолог-
тер еңбектерінен де, диалектологиялық сөздіктерден де,
түсіндірме немесе екі тілдік сөздіктерден де кездестірмедік),
олар – не сирек қолданылатын немесе автордың өзі ұсынған
өте бейнелі (образды) тұлғалар болар. Қайткен күнде де
біз көрсеткен бейтаныстау сөздер түгелімен жергілікті бол-
мас, болған күнде де олардың тар аумақтық, диалектілік си-
паты әлсіреп, М.Әуезов пен одан кейінгі жазушылардың
шығармаларында орын алып, контекст арқылы мағыналары
түсінікті болып кеткені немесе түсіндірме екі тілді және Абай
тілі сөздігінде тіркеліп, жалпыға ортақ әдеби тілдік дүниелерге
ауысқаны байқалады.
1960 жылдардан бастап қазақ тілінің диалектолог маманда-
ры, Семей, Шығыс Қазақстан, Аягөз өңірлерінің көптеген ау-
дандарын аралап, едәуір жергілікті сөзқолданыстарын жинап,
жариялады
11
. Бұлардағы тіркелген сөздердің бірен-сараны бол-
маса, басым көпшілігі М.Әуезовтің 1922-1925 жылдардағы
әңгімелерінде орын алмаған. Оның да себептерін көрсетуге
болады. Алдымен, диалектизм сөздердің дені киім-кешек,
ас-су, құрал-сайман атаулары болып келетіндіктен, олар
көркем шығарма тілінде жиі қолданылмауы мүмкін. Ал
адамның мінез-құлқын, іс-әрекетін білдіретін сөздердің ішінде
жергілікті ерекшелік болып келетіндерін жазушылар әртүрлі
себеппен қолданулары мүмкін. Бірақ М.Әуезовтің 1922-1925
жылдардағы туындылары тілінде мұндайлар да өте аз.
М.Әуезов ана тіліміздің жер-жерге қарай ерекшеліктері
бар екенін жақсы аңғарған және оларды көркем сөзге қызмет
еттіруге болатынын да дәл аңғарып, мұны сәл кейінірек 1930
11
Сарыбаев Ш. Семей облысы Мақаншы ауданында тұратын қазақтардың тіліндегі
кейбір диалектілік ерекшеліктер туралы // Қазақ тіл білімі мәселелері. - Алматы, 1959;
Болатов Ж. Семей облысының Абай, Шұбартау аудандарында тұратын қазақтар тілін-
дегі жергілікті ерекшеліктер ту ралы // Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы
мәселелері. - 2-шығуы. - Алматы, 1960; Болатов Ж. Семей облысы Көкпекті, Ақсуат
ауданда рында тұратын қазақтардың тіліндегі кейбір диалектілік ерекшеліктер туралы
// Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері. - 3-шығуы. - Алматы,
1960; Бектұрғанов Е. Үржар, Мақаншы диалектологиялық экспедициясының мате-
риалдарынан // Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері. - 4-шығуы. -
Алматы, 1962. Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі. - Алматы, 1969.
46
жылдардан кейін жүзеге асырған. Бұған жазушының 1934
жылы жарық көрген «Білекке білек» әңгімесі куә. Ол жөнінде
осы кітаптың 2-бөлімінің 197-198-беттерінде кеңінен айтыл-
ды. Шығарма кейіпкерлерінің ішінде белгілі өңір тұрғындарын
сөйлетуде оның тіліндегі ерекшеліктерді көрсету амалына
М.Әуезов кейін «Абай жолында» да оралады. Әбіштің Алма-
тыда ауырып жатқан кезін суреттеуде бұл қаланың тұрғыны
Дәт деген кісі ат базарында Мағаштармен сөйлескенде:
Бөтен жақтың аты-жөніңді білмес, ажарыңды танымас
адамымен
кәйтіп
саудаласып, қол соғысып
жүресің,
Мағаш
шырақ. Жасың кіші інім екенсің, Абайдың баласына базардан
ат іздетіп жүрмей-ақ қоялық.
Бұяқтағы
ел де – Абайдың елі.
Жатың емес, жақының. Аттың орайын Әбсәметтің үйіне барып
табамыз.
Жүрелі! –
деп Мағаштар жатқан Әбсәметтің үйіне
әкелген.
Алматылық Дәттің әрі қарайғы сөздеріндегі
барғын,
кеткін
деген етістік тұлғалары да бұл шығарманың семейлік
кейіпкерлерінің сөйлеу машығында ұшырамайды. Эпопея-
да жазушы Әбіш ауырып жатқанда қасында болған Мағашқа
атақты Жамбылды да кездестіреді. Оның Мағаш бәйгіге қосқан
Торжорғаға сүйсінген сөзін автор былайша береді:
– Табанынан жарылған жануар-ай! – деп екі қолын жұды-
рығын түйе созып көрсетіп. – Айызыңды қандырды-ау! Алма-
тының төресі мен қарасы,
шоқы
мен шорасы сүйсінгеннен
таңдай қақты. Шұлғып қалды ғой
мүлдем.
Атама,
әкем тегі.
Әмісе
жолың
боғайақ
та. Жақсы ағаның баласы
екесің.
Атаң да
жақсы, атың да жақсы
босын
десем, десемдей
екесің,
Мағаш
мырза! (7-том, 199-бет).
Шығарманың әрі қарайғы беттеріндегі Жамбылдың сөз-
дерінен де «
тағы айтқын, айтқылашы,
інішегім!
мүлдем
тегі, айталы
десек те,
дуайдай дуай
сәлем» деген тұлғаларды
кездестіреміз.
Жазушы Дәт, Жамбыл сияқты кейіпкерлерінің аузына бұл
сияқты қолданыстарды әдейі салып отыр: бұларды Мұхаң
Қазақстанның Алматы, Жетісу, Оңтүстік өңірлерінің тіл ерек-
шеліктері деп таныған, демек, бұл диалектизмдерді көркемдік
шындық үшін стильдік мақсатпен жұмсаған.
Сөйтіп, қазақ көркем прозасында бұл күнде кездесетін
47
диалектизмдердің лексикалық және стильдік статустарын бұл-
айша танып, орынды қолданудың ең алғашқы үлгісін М.Әуезов
көрсеткен деп батыл тұжырымдауға болады.
Келесі әңгіме – М.Әуезовтің 20-30-жылдардағы көркем про-
засы тіліндегі кейіпкер
Достарыңызбен бөлісу: |