11
тын бір үлкен олақтық – көп жазушылардың сөздігі шағын,
тілі кедей... Бірталай ақындарымыздың... еңбектеріндегі сөздік
қорға келсек, жиыны бес-алты мың сөзден аса қоймайтын
мүлкі ғана бар ма дейсің»
2
, – деп бір қынжылса, екінші бір
жерде сол «сөздік қорды» қайдан алып толықтыру жөніндегі
өз пікірін білдіреді.
М.Әуезов қазақ тілін сөзге бай тілдердің қатарына қосады.
Сөйте тұра әлі де әдеби тіл айналымына түспей келе жатқан
қыруар сөздің бар екеніне назар аудартады, лексикалық
қазынамызды әлі де молайта түсу қажеттігіне көңіл қояды. Бұл
толықтырудың көзі қайда, оны жазушы қайдан тапқан және
өзгелерге қайдан іздеу керектігін қалай айтқан?
Алдымен, М.Әуезов әрбір сөзге ұқыптылықпен қарап, оны
түсініп барып пайдалануды өзінің жазушылық талабына ай-
налдырса, екіншіден, әр шығармасының мазмұны мен жанры-
на орай сөз таңдау дегенді о бастан өзіне әдеби-тілдік тәсілдің
бірі етіп ұстаған. Сол себептен қазақтың әдебиет көгінде
көрінген тұңғыш драмалық шығарма – «Еңлік-Кебек» пье-
сасында халық данасы – көненің көзі Абыз қарияның аузына
Достарыңызбен бөлісу: