133
Жазала! Аяма! Бейпіл ауызға қақпақ, ақылы азға тоқпақ
болсын!; аузымнан жырып, асымды берем, астымнан түсіп,
атымды берем; сен үшін аранға түсер биің, ажалға аттанар
батырың болсын...; сұлтанымызға сүйеу, бізге тіреу болар
деп...
Ұйқасты, ырғақты, өлшемді қатарлар параллель түзілістер
тек билердің аузынан емес, тігггі қарапайым адамдардың ау-
зынан да шығады. Мысалы, қол астындағы жұртының «аужай-
ын білмекке» шыққан Ораз-Мұхамедтің атының шылбырын
ұстаған қарапайым қарт:
–
Аң аулап жүріп адастың ба, сейіл құрып жүріп қыр
астың ба...
төре жігіт? – деп хал-жай сұрасады (І, 97). Ал Ораз-
Мұхамед сұлтан, Құл-Мұхамед елші, Әз-ханым әжелердің ау-
зынан шыққан сөздерінде өте әсерлі, астар лы мағыналы парал-
лель құрылымдарды көптеп оқуға бо лады.
Параллель құрылымдар образдылығымен ұтымды, өйткені
образдар (бейнелілік) әсерлі, уытты келеді, сондай-ақ қатар-
ласқан ұқсас түзілістер құлаққа жағымды тиеді, ол қасиетті
сөз ұйқастары мен тұлға жағынан біркелкілік түзеді. Жоғарғы
мысалдардағы
ауызға
–
азға, қақпақ
–
тоқпақ, аузымнан
–
астымнан, асымды
–
атымды, аранға
–
ажалға, түсер
–
ат-
танар, сүйеу
–
тіреу
де ген тұлғаластық пен ұйқастықтар осы-
ны дәлелдейді.
Образды фразеологизмдер – жалпы айтылар сөздің көркі.
Олар тек ауызша, жазбаша ұсынылған әдеби тіл үлгілерінде
емес, ауызекі сөйлеу тілінде де берік орын ала ды. Ал билер,
шешендер, салиқалы сөз иелері болса, об разды сөздер мен тір-
кестерді қолданбай отыра алмайды. Мысалы: аса астарлы, сон-
дықтан көп сөзді етіп сөйлемей, ойын қысқа-қысқа қайырып,
бірақ әсерлі етіп баяндаған Тәуекел хан
Достарыңызбен бөлісу: