137
подъячийлердің сол мәліметтер бойынша алған әсерлері, та-
нымдары берілген және сөз мәнері – подъячийлердің өздерінікі.
Бұл өте сирек кездесетін тәсілді жазушы бірнеше жерде өте
шебер пайдаланған. Жақшаға алынған текст кейде баяндау
үстіндегі ескертпелер болып келеді. Мысалы, Посоль ский
приказдың көз-құлағы Петр Новосельцев әңгімесін баяндау
барысында Ораз-Мұхамедке немесе қазақ елшілеріне қатысты
авторлық ескертпелерді жазушы жақша ішінде береді (ІІ, 137).
Бұл жерде, сірә, жазушы осы амалмен кейіпкер сөзі мен өзінің
сөзін айырып көрсетуді көздеген болар.
Енді шығарманың синтаксистік құрылымдар көрінісінен
байқалатын ерекшеліктер жайында сөз қозғауға болады. Син-
таксис – жазушы мәнерін танытатын маңызды сала.
Ең алдымен, Мұхтар Мағауиннің осы тарихи романдар
тілінде актив қолданған синтаксистік-стильдік тәсілдердің бірі
– парцелляция құбылысы көзге түседі. Парцелляция дегеніміз –
фразаны (ойды, сөйлемді) бөлшектеп, соған қатысты бір сөзді,
не тексті жеке өз алдына аулақтатып орналастыру. Мысалы:
[Ораз-Мұхамед] қарашы бектер есіктен шығаршық-пас-
танақ орнынан атып тұрып, алты қанат ақ орда ішінде аласұра,
ерсілі-қарсылы жүрді. Ыза қысып барады.
Достарыңызбен бөлісу: