Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет77/154
Дата21.12.2023
өлшемі1,64 Mb.
#141972
түріБағдарламасы
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   154
Байланысты:
Рәбиға Сыздық (1)

алдар
сөзімен төркіндес деп 
24
Валиханов Ч.Ч. 
Собр. соч. - Т. 1. - С. 226; Кеңесбаев І. Қазақ тілінің қысқаша 
этимологиялық сөздігі. - Алматы, 1966. - 33-бет.
25 Киргизско-русский словарь. - М., 1965. - 49-бет.


145
таптық. 
Алдар –
монғолша «даңқ, атақ, мәртебе, дәреже», 
монғол тілдерінің бір бұтағы – қалмақ тілінде бұл сөз «ұлы» 
дегенді білдіреді. 
Алдияр
бұрын қазақ тілінде жеке тұрып та, 
алдияр хан, алдияр тақсыр, алдияр сұлтан 
сияқты тіркестер 
түрінде де қолданылған. Бәрінде де «мәртебесі биік» одан 
«мәртебелі», одан «ұлы» деген мағыналарға ие болған. Біздің 
топшылауымызға, бұл сөз монғол қол астына қараған түркі 
тайпалары тілінде XIII ғасырлардағы монғол шапқыншылығы 
кезінен бастап қолданылған болар. Егер бұл о бастан түркі-
монғолға ортақ сөз болған болса (ондай ортақ сөздер жүздеп, 
тіпті мыңдап бар екенін білеміз), 
алдияр
деп әміршіге, хан-
дарына құлдық ұру қазақты құраған тайпалар тәжірибесінде 
Шыңғыс хан жорықтарынан бұрын да қолданылуы мүмкін. 
Хандары тек Шыңғыс әулетінен болып келген қазақ қауымында 
сол хандармен оның билеуші ұрпақтарына (сұлтандарға) алди-
яр деп карата айту орын алған болу керек
26
. Өзбек, түрікмен, 
татар т.б. сияқты өзге халықтар тілдерінің сөздіктерінен 
алди-
яр (алдаяр) 
тұлғасын кездестірмедік (олардың фольклорлық 
ескерткіштерінде кездесе қалса, ауыс-түйістің нәтижесі 
болуы да мүмкін). Демек, 
алдияр
– К.К.Юдахин дұрыс 
көрсеткендей, орыс тілінде «ваше величество»-ның түркі-
монғолша эквиваленті. Ал біз романдарының тілін талдаған 
екі жазушының екеуі де осы мағынада және 
ал дияр 
тұлғасында 
бұл сөзді мүлде қолданбайды, 
Алла жар 
деген тіркесті 
ассаламағалейкум
дегендей етіп, жеке өзін ғана диалогте 
келтіреді (I, 49, 139, 178-беттерді қараңыз), не кейде 
Алла жар 
айтты
деген тіркесте келтіреді. Мағынасын, әрине, сөздердің 
өздері айтып тұрғандай 
Алла жар болсын!
дегенге сайдырады. 
Әңгіме үстінде 
Алла жар бол сын!
деген амандық-тілек-бата ай-
тыла береді және ол тек хан-сұлтандарға ғана қарата емес, кез 
келген адамға қарата айтылады, ал 
алдияр 
сөзі тек хандар мен 
билеуші сұлтандарға ғана қаратылады. XIX ғасырдағы қарадан 
шыққан аға сұлтандарға, болыстарға, тіпті орыс әкімдеріне 
ал-
дияр 
деп айтпаса керек («қазаншының еркі бар, қайдан құлақ 
шығарса» деп, сөзді оңды-солды жұмсайтын бірен-саран жа-
зушы бұл сөзді оларға да қарата айттыра салуы мүмкін, не 
стильдік мақсатта айтқызуы мүмкін).
26
Сыздықова Р. 
Сөздер сөйлейді. - Алматы, 1980. - 32-33-беттер.


146
Әрине, әрбір кейіпкерді өз аты мен затына лайық сөйлеткен 
екі жазушының да нақ хандар мен сұлтандарды әңгіме еткен 
тарихи романдарда бірде-бір рет 
«алдияр хан, алдияр Тәуекел 
хан», «алдияр сұлтан»
деген қазақ құлағына кәнігі, 
хан
сөзі 
жүрген жерде кездесе кетуін күтіп отыратын тұрақты этикалық 
сөзді қолданбағандары өкінішті-ақ.
Көне сөздер – көз бояушы сияқты сиқыры бар дүниелер. 
Олар қарапайым оқырман түгіл, «сөз жиған» жазушыны да ша-
тастырып жібере салады. Мысалы, М.Мағауин 
кішілік
сөзіне 
келгенде, осылайша «көзі байланып» қал ған. Бұл – көне түркі 
сөзі, 
кіс - кісі - кіші
сөзінің бір мағынасы – «адам, кісі» бол-
са, екінші мағынасы – «жұбай, біреудің әйелі», 
кісі (кіші алу 

«үйлену» дегеңдерді білдірген
27
. Қазақ тілінде бұл – «кіші-
лікке бару, алу» деген тұлғада жалпы «әйел етіп алу» деген 
ұғымда қалыптаскан, көнеден қалып қойған «сарқыт». Бұл 
сөзді Мұхтар Әуезов дұрыс жақсы қолданған: мұсылманша 
сауатты Бердіқожа өзінің қызы – Нұрғанымды Құнанбай 
әйелдікке сұрағанда, «Құнанбайдай кәріге қызымды 
кішілікке бермеймін», – дейді ғой. 
Тоқал 
сөзін айтқанда, «кіші 
әйел, әйелдердің кішісі» деген ассоциация пайда болады, 
сондықтан, сірә, 
кішілікке алу, кішілікке бару, беру 
дегендерді 
«тоқал болып бару, тоқалдыққа беру» деп түсінушілік пайда 
болса керек. Көне сөздерге, әсіресе тарихи дүниелерде, тек 
көркем әдебиет емес, тарихқа арналған ғылыми, ғылыми-
көпшілік еңбектерде де мейлінше мұқият қарап, орнымен 
жұмсағанымыз абзал.
М.Мағауин бұл тарихи романда көптеген көне (тіпті әріде-
гісі де, беріректегісі де) қару-жарақ, сауыт-сайман, киім-кешек 
атаулары мен әскери құрылым мен ұрыс-соғысқа қатысты ата-
уларды жақсы келтірген. Мысалы, 
құяқ, тегілей, ала балта, 
джид, ұлуғ ау, қаңлы арба, тізелік, бұтырлық, қоллық, сыпағ 
(сипақ), сыпақсалар, сандал (тақ), ақрұқ, ертауыл, тұтқауыл, 
бақауыл, шыңдауыл, бұлғақ, лек, анда, аламан, күймелер 
күрені, әрәйна 
(автор мұны «әрі қарай» деген мағынада алып-
ты) сияқты сөздер – бүгінгі қолданысымызда жоққа тән,
27
Древнетюркский словарь. - Л., 1969. - С. 310.


147
көбінесе батырлар жырлары мен та рихи шығармаларда кез-
дестіретін көнерген элементтер. Жоғарыда біз көрсеткен бір-
екі жаңсақтық осындай қыруар дұрыстықтың көлеңкесінде 
қалып, байқала бермейтіні түсінікті.
Жоғарыда айттық, жазушы кейіпкерлер сөзін беруге мей-
лінше мұқият қараған, әркімді әлеуметтік орнына (Дәрежесіне), 
жасына, ұлтына, тәрбиесіне т.т. қарай өзіне лайық «кешегі 
тілде» сөйлетеді. Дегенмен ара-тұра олардың бүгінгіше сөйлеп 
кететіні бар.
Мысалы: ... әрқайсың 
сұлтанның саулығы үшін
тоғыз 
аяқтан қымыз ішесіңдер (Ай-Шешектің сөзі – І, 56). 
Келісім 
шарт жасайық
(Құл-Мұхамед сөзі – II,31). 
Әскери одақ – 
ат үсті 
шешілетін мәселе емес...
Иранның арыстаны 
шарт 
жасасуға өкілет берген жоқ
(ІІ,31) (Иранның елшісі – Ғади 
бектің сөзі – ІІ,31). Қызылбас елшілерімен де 
келіссөзге оты-
ру
қиын емес (Ораз-Мұхамедтің сөзі – ІІ, 22). Әрине, ол кез-
де (XVI ғасырда) ресми сөйлеу тілі қандай болды, оны ешбір 
жазушы дәлме-дәл түсіре алмауы сөзсіз: жазылып қалған үлгі 
жоқ, бірақ әйтеуір нақ бүгінгі терминдерді қолданбағаны және 
хақ. Бұл қиғаштықтар да көлге тамған тамшыдай аз ғана.
Біз байқаған үшінші бір сәт – Мәскеудегі «Красная пло-
щадь» дегенді автордың «өрт алаңы» деп алғаны да ойлан-
дырады. Зерттеушілер орысша 
красный 
сөзінің бір мағынасы 
«красивый» – «әсем, әдемі, сұлу, дұрыс» деп түсіндіреді 
(
красная девица, красная цена
т.т.). Біздің 
Қызыл алаң
деп 
жүргеніміз де – дұрыс емес, бұл «қызыл»-дың жаңа қоғам сим-
волына айналған тұста жасалған аударма болғандықтан және 
«красный» сөзінің бүгінгі орыс-қазаққа түсінікті мағынасы 
түсті білдіретін сөз болғандықтан, күні бүгінге дейін аудар-
ма эквивалентінің дұрыс-бұрысы жөнінде ойланып та көрген 
жоқпыз. Тарихи тұрғыдан ойланып, «қызыл» дегеннің бұл 
алаңға келмейтінін сезген жазушы «Өрт алаңы» депті. Мүмкін 
кейбір тарихи деректерде атақты алаңның отқа (демек, өртке) 
қатысы бар де ген пікірлерді де кездестірген болар. Сондықтан 
«Красная площадь» дегенді тарихи тұрғыдан қазақша қалай 
атау керектігін ойлансақ дейміз.


148
Сөйтіп, талдауымызды түйіндегенде, жазушы Мұхтар Ма-
ғауиннің «Аласапыран» романы қазақ көркем әдебиетіндегі 
тарихи шығармалардың ең сәтті үлгілерінің бірі деп санауға 
тек оның көркемдік-шығармашылық сипаты ғана емес, 
тілдік-стильдік белгілері де мүмкіндік береді. Бұл – көркем 
туындыны «тарихи стиль» дегеннің тезіне салып жазудың да 
бірден-бір көрнеу үлгісі. Ал «та рихи стиль тезі» («историче-
ская стилизация») жалғыз ғылыми таным үшін емес, қазақ 
халқының бұдан бірнеше ғасыр бұрынғы, тіпті күні кешегі 
XIX ғасырдағы өмір шындығын дұрыс тануымыз үшін де 
қажет. Дәл бүгіндер қажет. Қанша уақыт халқымыздың ба-
сынан өткен тарихи кезеңдерін жөндеп көрсете алмай, ата-
бабаларымызды қалай жүріп, қалай сөйлегендерін, ұстаған 
салт-дәстүрін, жүзеге асырған жора-жоралғысын тәптіштеп 
айта алмай жеткен бүгінгі күндерімізде сол қалтарыста қал-
ған қыруар дүниені көркем әдебиеттен танып-білуіміздің 
мәні де, әсері де, нәтижесі де орасан зор болмақ. Осындай 
міндетті мойындарына алып, оны ең жоғары сапада, көркем 
әдебиеттің дүниежүзілік талғам-дәрежесіне сай етіп атқарып 
отырған қалам иелеріне бүгінгі қалың оқырман қауым дән 
риза болып отырса, болашақ ұрпақ аттарын алғыспен атай-
тындарына күмән жоқ.


149


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет