Суық. Алыс
(І, 127). Бұл –
Ай-Шешекті жар еткеннен кейінгі Ораз-Мұхамедтің төрт
ай бұрынғы қалыңдығы, өте жақсы көрген қызы – Ділшат-
сұлтанымға деген сезімі. Оқшау шығарылған осы екі сөз
арқылы он жетідегі жас адамның не бір ыстық сезімге де тез
беріліп, тез суитынын да, Ай-Шешекке ынтыға берілген ма-
хаббатын да, ата-бабаның салт-дәстүріне көрсеткісі келген
карсылығын да, өзіндігі күшті сұлтандығын да – бар-баршасын
білдірген. Сөз – екеу-ақ. Екеуін үйірге қоспай, алды-артындағы
сөйлемдерден оқшау шығарып, келте түйіп тастағанда,
біріншіден, жазушының нені айтпақ болғанына назар аудары-
лады, екіншіден, ол – жазушының тілдік-стильдік қолтаңбасын
танытады, даралық мәнері күшті суреткер екенін көрсетеді.
Қазақ тіл білімінде парцелляция құбылысы монографиялық
қалыпта (планда) жеке ғылыми тақырып ретінде толық зерт-
телген жоқ. Сондықтан оның орналасу тәртібі, сөйлемнің қай
мүшесі парцелляциялануға бейімдеу тұратындығы, көркем
әдебиеттің қай жанрда жиірек қолданылатындығы, жазушы-
лардың қайсысы бұл амалды орнымен жақсы пайдаланатын-
дығы т.т. осы сияқты жеке мәселелері нақты фактілермен зер-
деленген емес. Мысалы, біз талдаған парцелляциялар көбінесе
140
алдыңғы сөйлемдердің ішіндегі бір ойды (сөйлем мүшесін)
баса көрсетіп, оған экспрессиялық үн беру үшін қолданғандар.
Мысалы:
Сөйтіп, мехмандар қаншама жұрт иесі ақ патшаның, ал
елші қазақ-қалмақ ханының абыройына шаң жуытпаған. Екеуі
де риза болды.
Біріне-бірі. Өздеріне-өздері
(І, 358). Мұндағы
парцелляцияланған мүшелер бұлардың алдындағы сөйлемге
қатысты, олар: «Екеуі де
біріне-бірі
және
өздеріне-өздері
риза
болды» түріндегі сөйлемнің толықтауыштары. Бірақ сөйлем
мүшелері әрдайым бұлайша ыршып түсіп, бөлек қона бермейді.
Кейде бірыңғай баяндауыштардың жалғасы ретіндегі сөздер де
парцелляцияланып, жеке шығарылады:... Ешқандай жазығы
жоқ Ай-Шешекті соншалық алыс жат көрді.
Жек көрді
(І, 72).
Енді балаша қиялдап кеткеніне күлмек болған.
Күле алмады.
Жылағысы келді
(І, 134). Бұлардағы парцелляция етіп ұсынған
сөздер – алдыңғы сөйлемнің бірыңғай баяндауыштары.
Парцелляцияланған сөз өз алдына бөлек сөйлемнің мейлінше
толымсыз түрі болып та келеді (әрине, мағына жағынан олар
да алдыңғы сөйлемдердің жалғасы екені бай қалады). Мыса-
лы: Ең қиыны – Ай-Шешектің өз көңілі.
Жоқ. Көнбейді
(І, 78).
Бұл жердегі
жоқ
деген де,
көнбейді
деген де –
Жоқ, Ай-Шешек
бірақ көнбейді
деген сияқты толық сөйлемнің бастауышы мен
қарсылықты жалғаулығы түсірілген толымсыз түрі.
Автор кейде, әсіресе кейіпкердің ойын, ішкі толқынын,
яғни ішкі монологін беруде парцелляцияға жиі иек артады.
Мысалы, Ораз-Мұхамедтің өзінің әмір үстіндегі дәрменсіздігі,
болашағы, айналасы туралы толғанған ойын бергенде, жазушы
толымсыз сөйлем сияқты болып келетін эллипсистерге бара-
ды. Сірә, мұндай сәттерде парцелляция мен толымсыз сөйлем
сияқты жай синтаксистік құрылымның бір-бірінен айырым
белгілерін, атқаратын қызметтерін айқындау керек болар.
Мысалы: Арада қырық жыл өткен соң, қалың қазақ – батыр
қазақ, дарқан қазақ осы жаман баланы (өзін айтқаны –
Р. С
.)
хан көтермек!
Жоқ! Келіспеймін!
– деп ойлады Ораз-Мұхамед:
Шағым болсын. Өзі батыр, өзі ақылды. Жоқ, тым қатал... Жоқ,
одан гөрі Есім лайық.
Мейірбан. Кең...
Әй осы бәрінен де
Тұрсын жақсы-ау... Байсалды, парасатты,
іскер.
Бірақ атасы...
141
Атасы басқа. Әйтсе де бөтен емес-ау.
Шөбере
(І, 133). Міне,
бұл көрсетілгендердің қайсысы – парцелляция, қайсысы – жай
толымсыз дүние? Жа зушы үшін бұл жерде екеуі де ұтымды:
адам ойын білдіріп тұр. Бұл – кейіпкердің, тіпті жазушының
сөзі емес, ой. Ал ой дегеніңіз – осындай «бейберекет» үзік-үзік
(фрагментарность) болып түзіледі, мұнда сөйлемнің бас-аяғы
ойлаушының өзіне ғана түсінікті эллипсистік құрылып болып
келеді.
Парцелляциялық құбылыстың ғажабы сол – жазушы қай
нәрсеге (сәтке, қимылға, сын-сипатқа т.т.) оқырман назарын
аудартып, ой салмағын салғысы келсе, бәрін де еркін аулақтай
(парцелляциялай) алады, әсіресе
Достарыңызбен бөлісу: |