Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет92/154
Дата21.12.2023
өлшемі1,64 Mb.
#141972
түріБағдарламасы
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   154
Байланысты:
Рәбиға Сыздық (1)

«Шырағың сөнбесін»
Заманымыздың ірі жазушысы Тахауи Ахтановтың «Шы-
рағың сөнбесін» атты көлемді романы, сырт қарағанда, Ұлы 
Отан соғысы тақырыбына арналған сияқты көрінеді. Кітаптың 
аннотациясында да осылай таныстырылған. Бір жағынан, 
дұрыс та болар: оқиға XX ғасырдағы ең сұрапыл соғыстың ең 
бірінші күнінен бастап, аяқталған кезіне дейінгі мезгілде өтеді, 
кейіпкерлердің баршасы – осы өрт жалынында шарпылып 
жатқандар. Әрі-беріден соң, жай қызықтап қана оқып шықсаң, 
роман шым-шытырық оқиғалы туынды болып та көрінуі 
мүмкін. Тіпті, шіркін «мұның сюжетін киноға да алуға болар 
ма еді!» деп те ойлайсың. Ғаламат кино болып шығар еді, бірақ 
онда тек әрекет-қимылдарын, ұрыс-шайқастарды, босқын-
қашқындардың бастан кешкендерін ғана көрер едік.
Ал, меніңше, үңіле, жазушының айтпақ ойын (идеясын) біл-
мек болып, зер сала оқыған оқырманның танымынша, бұл 
романның негізгі тақырыбы – адам және дүние, яғни адам 
және оның өмір сүріп жатқан кезеңі, қоршаған ортасы... тіпті 
қазбаласақ, адамның ішкі дүниесі.
Мұндағы кейіпкерлердің портреттері – моральдық бейне-
лері: ар-ұят, намыс-жігер, өштік-қастық, рух күш-қуаты т.б. 
тұрғысынан беріледі.
Өрмектің арқауы соғыс болғанмен, оны дүние етіп шығарған 
өрмек жіптері – адамдар, жазушы тандаған кейіпкерлер. Бас 
кейіпкер – Нәзира, совет армиясының командирі – аға лейте-
нант Қасымбектің жаңа түскен келіншегі, 19-ға толмаған өмірі 
үшке бөлінген, алдыңғы екі бөлігін «дүлей соғыс қылышпен 
шапқандай кілт үзіп тастап, өзін қаңбақтай домалатып, белгісіз 
жаққа» алып кеткен жап-жас қазақ қызының өмірінің үшінші 
бөлігіндегі тағдыр-талайы әңгімеленеді. Осы бас кейіпкер – 
оқиғалар қазығы емес, ол сол оқиғаларда көрінген адамның 
жан дүниесінің иесі, әйтеуір бір адамның емес, қазақ әйелінің 
ой-пайымы, тартысы, сол тартыста көрінетін ұлттық және 
адамдық келбеті, рухы, рух күші. Демек, романның тілі мен 


181
жазушының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет