154
Уния – мемлекеттердiң бiр одақ қа бiрiгуi.
Утопия (гректiң «жоқ жер» деген сө зiнен шыққан) – бұл терминдi ең алғаш
ағылшын ойшыл-гуманисі Томас Мор қолданды. Ол өзiнiң бiрде-бiр кемшiлiгi,
қайшылығы жоқ қоғамын орнатпақшы болды. Ол қоғамды «утопия» деп атады.
Ұшыр (үшір) – Осман түрiктерi импе рия сындағы халықтың өнiм түсi мiнен төлеген
салығы.
Феод – феодалдық қоғамдағы жер иелiгiнiң негiзгi түрi. Жер әкеден балаға
мұрагерлiкке бе рiл дi. Жерге оның қожасының то лық меншiгi орнады.
Феодализм – өндiрiстiк қатынастардың негiзiн феодалдар тобының жерге
жекеменшiктiгi құрайтын қо ғам дық-экономикалық форма ция. Фео далдар
шаруаларды жер дi пай даланғаны үшiн мiн дет кер лiк тер өтеу ге, яғни ерiксiз
жұмыс iстеуге мәж бүр еттi.
Феодалдық рента (француздың «қай тарып беру» деген сөзiнен шыққан) –
феодалдың жалға берген же рiнен жи нап отыратын салығы.
Достарыңызбен бөлісу: