153
Сеньор (француздың «үлкен» де ген сөзiнен шыққан) – орта ға сыр
лар дағы Батыс
Еуропадағы
жер иесi, феодал. Тар мағынада –
вас салдың мырзасы, қо жасы.
Сервтер (латынның «құл» деген сө зi нен шыққан) – орта ғасырлардағы феодалдарға
басыбайлы шаруалар тобы.
Сегун – жапонның әскери қолбасшысы. Ол өкiмет басшысы да болды.
Сипахилер – Осман түрiк терi империясындағы сұл таннан жер ие лiк те рiн алып, ол
үшiн әскер жасақтап, феодалдың атты әскерi қатарында әс кери мiндет атқарды.
Сойырғал – Темiр ұрпақтарының ке зiндегi шартты түрде сыйға берiлiп тұрған
жер үлесi.
Статут – Англия және тағы басқа кейбiр елдердегi заңның аты.
Сунна – мұсылман қауымы өмiрiнiң әр алуан дiни-құқықтық
мәсе ле ле рiн
қамтитын, Мұхаммед пай ғамбардың сөзi мен iстерiн дәрiп тейтiн аңыз-әңгiме
жинағы.
Сюзерен – өзiне тәуелдi
феодалдардың иесi болып саналатын iрi феодал, сеньор
(барон, граф, герцог, князь).
Тағар –
Ақ Ордада, Моғолстанда әс кердi азық-түлiкпен
қамтамасыз ету
(жабдықтау) үшiн жиналған салық.
Тамғаш – Алтын Ордаға бағынышты қалалардың билеушiлерi.
Тархан – 1) ортағасырлық түрiк
халықтарындағы феодалдардың,
сон дай-ақ
кейбiр салықтан
босатыл ған адамдардың атауы; 2)
мем лекеттiк салықты
төлеуден бо сатылған Закавказье, Орталық Азия, Қазан, Астрахан және Қы рым
хандықтарының жерi мен мүл кi.
Достарыңызбен бөлісу: