Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов



Pdf көрінісі
бет65/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   105
Байланысты:
ДЖ тарих 6 сынып Бакина

АШЫЛУЛАРДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ
САУДА, ҚОЛӨНЕР ЖӘНЕ ӘЛЕМДІ ИГЕРУ
С е г і з i н ш i 
т а р а у
Чжэн Хэ
Негізгі ұғымдар:
Ұлы Жібек жолы, 
каравелла, үндістер, 
абыздар, храмдар.
Бүгінігі сабағымызда Ұлы Жібек жолының Шығыс пен Батысты қалай бай-
ланыстырғанын, қытайлық және еуропалық теңіз саяхаттарының айыр-
машылығын білетін боламыз. Ұлы географиялық ашылулардың алғы шарт-
тарын анықтаймыз. Халықаралық сауда мен саяхаттың маңызын түсінеміз.
Ұлы Жiбек жолы. Чжэн Хэ саяхаты. Шы-
ғыс пен Батысты байланыстыратын Ұлы Жі-
бек жолы негізгі екі тармақтан тұрады. Оң-
түс тік тармақ Солтүстік Қытайдан Орталық 
Азия арқылы Таяу Шығысқа және Солтүстік 
Үн дістанға бағытталды. Ал солтүстік тармақ 
Солтүстік Қытайдан Памир және Арал бойы арқылы төменгі Еділге, 
одан әрі Қара теңізге дейін созылды. Бұған қоса бірнеше қосымша тар -
мақтары да болды. Жібек жолы арқылы Қытайдың жібек матасы батысқа 
жеткізілді. Рим империясында жібек және шығыстың басқа тауарлары-
на деген сұраныс жоғары еді. Дамыған орта ғасырлардан бас тап, Батыс 
Еуропада да шығыс тауарларын тұтыну артты.
Ұлы Жібек жолы арқылы Қытайдың жібек матасы, фарфоры 
және шайы, жүн және мақтадан тоқылған маталар, тамаққа қосатын 
дәмдеуіштер тасылды.
Қытайда Мин әулеті кезінде Чжэн Хэ басқарған 
жеті саяхат Үндіқытай, Үндістан, Араб түбектеріне 
және Шығыс Африкаға бағытталды. Бұл сауда 
мақсатындағы әрі әскери саяхаттар еді. Оның ба-
рысында теңізшілер көргендерін қағазға түсіріп, 
картаға сызып отырды. Олардың жазбаларын-
да жүзуге шыққан уақыттары тіркеліп, тоқтаған 
мемлекеттер мен қалаларына сипаттама берілген. 
Чжэн Хенің саяхаты Африка және Азия елдерінің 
Қытаймен мәдени, сауда байланыстарын орнатуына 
мүмкіндік берді.
1405–1407 жылғы бірінші саяхаттың бағыты 
Сучжоудан шығып, Шри-Ланкаға дейін барған. 
Екінші және үшінші саяхаттар да осы бағытты 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


106
ұстанған. Ал кейінгі саяхаттар қазіргі Сомали, Қызыл теңізге дейін жет-
кен. Чжэн Хенің теңіз флоты Тынық, Үнді мұхиттарында жүзді. Бұл 
әлемдік теңіз саяхатының негізін қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет